Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Модаль сөздердің қалыптасу көздері



бет88/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   137
2.Модаль сөздердің қалыптасу көздері.
Жалпы модальдық құбылысты, бұл ретте әсіресе лексикалық, грамматикалық және модальдық мағыналардың өзара ортақ тұсын, арақатынасын, айырмасын неғұллым нақты , терең тани түсудің бір маңызды шарты – мүмкін болғанша, тіліміздегі модаль сөздердің шығу, даму жолдарын анықтап алу. Ал олардың бұл төркін – тегін, морфологиялық құрылымын анықтау мәселесі белгілі дәрежеде этимологиялық зерттеуді қажет етеді. Себебі қазақ тіліндегі модаль сөздер деп жүргеніміздің біразы – шын мәнінде бөтен текті, кірме құбылыстар немесе тілдің даму барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер. Сияқты модаль сөзі тарихи тұрғыдан алғанда араб тілінде «форма, вид, фомальность, формула» ұғымын білдіретін сыйах – сиакъ зат есіміне барып саяды.
Сияқты модаль сөзінің бұл этимондық нұсқасыкейбір түркі тілдерінде қазір де қолданылады:осм.сijak метод, образ действия ; бу, cijakta таким образом; қазақ, қарқалпақ сыjак наружность, вид; қазақ сыjакты (^ cыjак + лы), қарақалпақ сыjакту прекрасной наружности, красивый (РСл); кирг. Сыяк лицо, внешний вид, статность; түз боюмду бөкчейтуп, сыйакты алдын карылык согнув мой прямой стан, ты, старость, взяла мою статность (ЮСл); ног. Сыяк внешняя, наружная сторона, сыякка шыгув выйти на улицу, пойти в туалет, выйти во двор.
Сонымен, сиык – сияқ түбірі қазақ тілінде өзге түркі тілдеріндегі тәрізді негізінен <<вид, физиономия, форма, образ, очертание, (черты лица), фигура, осанка, наружность>> ұғымын білдіреді. Мысалдар келтірейік. Татуласқан сиқым осы ма; шешеңнің ауыр салмақ көтерер сиқы жоғын ойла.
Кейбір диалектілік дерекке қарағанда, жоғарыдағы саиық сөзі тілімізде сиқат формасында да қолданылатын көрінеді. Мысалы, ол Семей облысының қайсыбір өңірінде сияқты, сыйақты дегендермен қоса сиқатты болып та қолданылады. Ол кеше ауданға барған сиқатты (ҚТДС). Сиқат сөзін сондай-ақ Абай да қолданылады. Жоғарыда келтірілген әр тарап тіл деректерін өзара салыстыра, салғастыра келгенде, мына ойға қорыған негіздірек көрінеді: сияқатты<сыяқ+ат+ты; сиқатты < сиық + ат (немесе сиға – сиқа+т)+ты.
Өзінің сөздігінде түбір қалпында бұл сөзді Л.З.Будагов та келтіреді. Бұл айтылғандарға қарағанда жоғарыдағы сықылды модаль сөзінің осы сықыл түбіріне – ды жұрнағы жалғану арқылы жасалғаны айқын аңғарылады. Мұны сондай – ақ мына деректер де бекіте түседі. «Сықыл (секіл), шдкіl (шдкl) сходство6 наружность наружность, наружный признак, цвет, форма, вид» (РСл), «вид, лицо, изображение, фигура» (БСл). Өзінің мағынасы мен формасы жағынан алғанда осы топ тіл құбылыстарына сынды лексемасын да жатқызуға болады. Бұл сөзді қазақ тілінде, көбінесе фольклорлық шығармаларда ескілікті өлең – жырларда, аға буын ақын, жазушылардың қолдануында кездестіруге болады; Толеген сынды мырзаңды. Сайын сынды батырды; Әбіш сынды асылдан.
Тәрізі, тәрізді модаль сөздері де тарихи тұрғыдан тәріз түбіріне барып саяды. Мұның, яғни тәріз лексемасының шүу басқы, түпкі ұғымы әлде бір заттың немесе әрекеттің сыртқы белгісімен, сырт тұрпатымен, формасымен тығыз байланысты болып келеді. Тәріз де өзінің шығу тегі жағынан жалпы болып келеді. Тәріз де өзінің шығу тегі жағынан жалпы араб сөзі: Тарз вид, форма, манера, подобный (РСл) таарз вид, образ, таарзді подобный; тарзъ форма, манера ,вид.
Осындағы тәріз үлгісінде ілгеріде қарастырылған сияқты, сиықты модаль сөздерінің түбірісиық та қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылады, мысалы: Бірі жамбастап, қайсыбірі тізерлеп малдас құрып отырған шағын топтағы ортадағы қарияда оқшаулау бір сиық бар. Осы орайды тақылетті сөзіне де қысқаша тоқтала кетуге тура келеді. Бұл – түбірі тақылет – араб тілінен енген сөз. Мағынасы жағынан жоғарыдағы сияқты, сықылды, тәрізді, секілді, сынды модаль сөздерімен синонимдес. «Тахлит ар.южн. подобный, похожий: котос тахлит похожий на яка». Қазақ тілінде модальдық болжал мағынада қолданылатын бұл аталғандардан басқа да жекелеген лексемалар бар. Бұлар – негізінен белгілі бір аймақта ғана қолданылатын, локальды сипаттағы тіл құбылыстары. Рәуішті / рәуіш+ті, іспетті / іспет+ті. Рәуіш парсы сөзі, іспет – араб сөзі. Рәвіш – ход, поступок, обхождение, манера, образ;татар тілінде рәушлі түрінде жұмсалады (БСл). Қазақ тілінде модаль сөздер қатарына әлпетті лексемасын да жатқызуға болады. Бірақ бұл жоғарыда талданған модаль сөздермен салыстырғанда модальдық қызметте бір шама сиректеу қолданылады, кейбір жазушылардың шығармаларында ғана кездеседі. Мысалы: Түрлері бұзық. Асынғаны көкбеңбек темір.
Аталмыш модаль сөздің түбірі әлпет тұлғасы тілімізде кейде өз алдында дербес қалпында – ті жұрнағынсыз да қолданылады. Қазақ тіліндегі әлбетте мен әлпеті, әлпет, әлпетті дегендер генетикалық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Зайыр модаль сөзі қазақ тілінде осы мағыналарды түгел дерлік сақтаған деуге болады. Мысалы, ол сөйлеушінің айтылған хабар жөніндегі болжамын білдіргенде қыстырма мүше ретінде синтаксистік позицияда зайыры түрінде қолданылады. Зайыры, солар келе қоймас; зайыры, сонадайдан көзге түскен кісінің бәрі өздеріне назар аударсын дейтін сияқты.
Зайыр бұл өлеңде «ес,сана, ой» деген тәріздес мағына білдіретін сияқты. Тіліміздегі зайыры сөзінің модальдық семантикасын неғұрлым нақтырақ әрі толығырақ тани түсу үшін оның әр аймақта, әр алуан жазба нұсқаларда білдіретін әр түрлі мағыналық реңтеріне әдейі осылай кеңірек тоқталып отырмыз. Бұл ретте мысалы публицистика жанрындағы мына бір айдардағы зайырлы лексеманың да ұғымы ден қоярлық: зайырлы қоғамның зиялылары.
Қазіргі түркі тілдерінің қай – қайсында да, солардың қатарында қазақ тілінде де модаль сөз қатарында қаралып жүрген керек лексемасы көне түркі ескерткіштерінде өзінің осы күнгі белгілі «қажет (нужно, необходимо)» мағынасынан мүлдем өзгерек мәнде келтіріледі. Мой младший брат Кюль – Тегин скончался; Кдrgдк нужное; кдrg длік нужный; кдrgдк конец (смерть, необходимость, судьба),кдrgдкsiz без конца, без границ, без огорчения (без необходимости), ограничивать; кдrgдksiz безмерно. Бұл жерде жоғарыдағы «қажет» (нужное, нужный) мәніндегі кдrgдк пен ақыры, соңғы, біткен (конец, смерть, необходимость, судьба)ұғымындағы кдrgдк араларындағы мағыналық алшақтық елеулі болғанмен, екеуі генетикалық жатқан түбі бір құбылыс болар – ау деген ой келеді. өйткені түркологияда ол морфологиялық құрылымы жағынан былай мүшеленеді: керек<кер+gek, кер- нужное.
Ертерек кезгі әдеби нұсқаларда сөйлем модальдылығы ара – тұра лазым – ләзім дейтін де араб сөзімен білдіріліп отырған. Бұл да жаңағы керек, қажет, тиіс сөздерімен мағынасы жақын, синонимдес лексема. Лазым түркі тілдерінің біразынан кездеседі. В.В.Радлов сөздігіне морфологиялық жағынан әр түрлі тұлғада келтірілген: лазым нужный, необходим и лазымы .1.необходимый, 2. двусмысленное слово, лазымсыз ненужный, лазім необходимый, употребительный, тар лазімат необходимость употребительность,лазіматлік необходимый. Қазақ тілінде бұл сөз бір ғана формада, атап айтқанда тек лазым түрінде ғана қолданылып, «тийстілік (долженствование)» модальдық мағынасын білдіреді: Сіздің де естіп, білуіңіз лазым ғой. Оқасы жоқ, білмегенді білу ләзім.
Модальдық болжал мағынаны қазақ тілінде сондай – ақ бәлки – бәлкі сөзді де білдіреді. Бұл өзінің шығу тегі жағынан араб тіліне тән тіл құбылысы. Ол онда құранды шылау ретіде қаралады. «Ар.бәлкім, бәлки,бәлкі (сост.из бәл и кі, кім может быть разве, авось; а бәл но, однако».
Жоғарыда этимологиялық талдау жүргізілген модаль сөздердің дені модальдық мағынаға жалпы біртіндеп грамматикалану процесінде ие болған. Сондай-ақ, тілімізде қазір бұлардан өзге де біраз жекелеген лексемалар, сол қатарда, мысалы білем, көрінеді сияқты кейбір етістіктер де осы грамматикалану жолымен модальдық статус алу үстінде.
Модальдық сөздердің семантикалық сипаты. Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан сала болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әрекеті сөйлемде әдетте жалаң хабар түрінде ғана айтыла салынбайды. Сөйлеушінің осы хабар тарапты пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен сәйкес- дәлдігі жөніндегі оның көзқарасы әдетте қоса беріліп отырады. Сөйлем мазмұнының бұл ақиқат шындыққа қатынасы лингвистикада предикаттылық аясында түсіндіріледі. Ал сөйлеушінің осы қатынас жайындағы өзіндік баға- байламы, яғни қатынасқа қатынасы тіл білімінде модальдылық тұрғысынан сипатталады.
Сөйлемде модальдылығын тіл ғылымда жалпы обьективті модальдық деп екі бағытта қарастырады. Сөйлемнің модальдылығы басқа да әр алуан,әсіресе экспресивті және эмоциональдық мағыналармен өте ұқсас,көп жағдайда олар өзара тығыз байланысты болып келеді.
Сөйлем модальдылығы әдетте әр түрлі жолдар арқылы білдіреледі. Сойлемнің модальдылығы білдіретін морфологиялық тәсілге етістіктің рай категориясы, шақ категориялары да жатады. Бұл ретте әсіресе қалау райдың, -ар, -ер,-р,-с формалары келер шақтың және –ып (-ып,-іп, -п) қосымшасымен келетін бұрынғы өткен шақтың қызметі айрықша. Рай мен шақтың жалпы етістік категориялары екені белгілі. Ал модальдық етістіксіз сөйлемде де болады. Модальдық реңк сөйлемнің типтік түрлері арқылы да білдіріледі. Бұл – сөйлем модальдылығын білдірудің синтаксистік тәсілі. Сөйлемнің мазмұны жөніндегі сөйлеуші адамның көзқарасын, пікірін білдіретін жеке сөздер мен кейбір демеуліктер де (-ғой, - ау т.б), бірді – екілі шылаулар да бар.
Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірін білдіру үшін қолданылатын осындай арнаулы модаль сөздер өздерінің құрамы жағынан түрлі – түрлі болып келеді. Модаль сөздер өздерінің лексика – грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз таптарынан да, етістіктерден де, көмекші сөздерден де, басқа да кейбір сөз топтарынан бола береді. Мысалы: мүмкін, шамасы, рас, әрине, зады, тағы біраз сөз - өздерінің синтаксистік қызметі және сөйлемдегі байланысты жағынан қыстырма сөздер. Ал мағыналық ерекшелігі, мәні жағынан алғанда, яғни сөйлемде айтылған хабар жөнінде сөйлеушінің пікірі қанадй – мақұлдай ма, күдіктене ме, болжал айта ма, әлде ол жайында нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан бұлар модаль сөздер.
Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері.
Қазақ тіліндегі модаль сөздердің қолданылуындағы басты бір ерекшелік: олардың көпшілігі бүгіде әр түрлі модальдық мағынада жұмсалғанымен, өздерінің әуелгі тура мәнінен әлі толық ажырамаған. Олардың көпшілігі қазір сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабарға деген қатынасын білдіретін тұрақты тілдік единица ретінде де, сонымен қоса негізгі лексикалық ұғымында да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет