Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Сынды: Мрейі асқан өренім, Кебек сынды таққа бер. Қисыны



бет89/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   137
Сынды: Мрейі асқан өренім, Кебек сынды таққа бер.
Қисыны: Қиуадан шауып, Қисынын тауып.
Сияқты: Күн сияқты ол дағы күреңітіп.
Рас: Расты демей танамыз ба.
Көрінеді: Алыста қарауытқан бірдеңелер көрінеді.
Білем: Менің қамымды жейтұғынын қайдан білем.
Дейді: «Патша тұрғанда жұмысшының жұмысы оңбайды» дейді.
Деседі: Енді не, жөні со ғой – деседі бозбалалар (Аймауытов).
Керек: Жетілсең де, жетсең де Керек күні бір бар – ау (Абай)
Екен: Момындық күшті екенін Көрсем дағы күшпеймін (Абай)
Сыңайлы: Сенсіз өткен күнім де түн сыңайлы (Әбілдаева)
Реуішті: Мынау адамның басы реуішті нәрсе екен (КТДС)
Дәл осы сипат қазақ тіліндегі зайыры, мүмкін, болар, шығар, сиқы, іспетті осылар типтес тағы біраз модаль сөздерге де тән. Қазақ тіліндегі модаль сөздерді қолданылу ерекшелігіне қарай үш топқа бөліп бөліп қарауға болады. Олар мыналар:

  1. Сөйлемде тек синтасистік қыстырма мүше қызметіне қолданылатын модаль сөздер: әлпеті, шамасы, тәрізі т,б.

  2. Жоғарыдағыдай тұтас сөйлем мазмұнымен байланысты емес, үнемі тек баяндауыштың шылауында көмекші мүше қызметінде ғана жұмсалатын модаль сөздер: - у керек, - уы (-уі) керек, -ар-ға керек, -ма, (-мек) керек, -мақ-қа (-мекке) керек, -са (-се) керек т.б.

  3. Мүмкін. Бұл болжал мәнді модаль сөз қазақ тілінде сөйлемде әрі синтаксистік қыстырма мүше позициясында, әрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында көмекші қызметінде қолданылады. Бұл ретте кейде – уы (-уі) мүмкін бөлігі сыңарынан ажырап, сөйлемнің басында, синтаксистік қыстырма үше қызметінде қолданылады да, сөйлем оның қосарындағы сол тәуелдік жалғаулы қимыл есімге аяқталады: Мүмкін, олар үйде жоқ (Ғабдуллин).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет