Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет131/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   137
12 - дәріс.
Тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем.
Дәрістің мақсаты: Аралас құрмалас сөйлем, оның өзіне тән белгілерімен таныстыру.
Дәрістің мазмұны:

  1. Аралас құрмалас сөйлем.

  2. Оның жасалу жолына тән белгілер.

Құрмалас сөйлемнің компоненттері бір-бірімен бірыңғай салаласып қана немесе бірыңғай сабақтасып қана байланысып қоймайды, байланысудың екі тәсілі аралас жүретін жағдай да жиі кездеседі.Демек, құрмаластың құрамындағы компоненттердің бірімен екіншісі өзара салаласа байланысса, екіншісі мен үшіншісі сабақтаса байланысады.Мысалы: Әлгі шал екеуміз қолымызға істік темір таяқ ұстап, айдаланы жарым күн шұқылап іздеп, баяғы жиырма сегізінші жылғы кітаптарды таба алмай-ақ қойдық, шал байғұс қатты шаршады...
Демек, құрамында кемінде үш компоненттен құралып, бірімен –бірі әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысатын құрмалас сөйлемнің түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.
Сонда, аралас құрмалас сөйлемнің құрылымынан біраз ерекшеліктерді байқауға болады.
Біріншіден, оның құрамы үш компоненттен тұрса, бір ғана сабақтаса және бір ғана салаласа байланысу тәсілдері болады.Компоненттер саны көбейген сайын сабақтасу, салаласу тәсілдері де көбейе түседі.
Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің арасындағы салаласа байланысу болсын, сабақтаса байланысу болсын әдеттегі дәстүрлі түрін сақтайды, яғни кәдімгі салалас сөйлемде болатындай салаласқан компоненттердің жалғаулықты да жалғаулықсыз байланысы, мағыналық қатысы, тыныс белгісі де сақталып отырса, әдеттегі сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердің арасында болатыны сияқты бағыныңқының баяндауышы белгілі тұлғадан жасалып отырады.
Үшіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас қатып қалған заңдылық жоқ.
Қысқасы, аралас құрмалас сөйлем әдеттегі салалас пен сабақтас сөйлемдердің қосындысы деп есптелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет