Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет87/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   137
15- дәріс
Тақырып: Модаль сөздер.
Қарастырылатын сұрақтар : 1. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
2. Модаль сөздердің қалыптасу көздері.
Мақсаты: Модаль сөздердің лексика-грамматика ерекшеліктерін таныту.
Дәріс мазмұны : 1. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
Модаль сөздер тілдегі модальдылық және предикалық құбылыспен тығыз байланысты, предикаттылық сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен жалпы арақатынастылығын («соотнесенность») білдіреді, ал сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдық қатынас болып табылады. Яғни сөйлеуші өзінің бұл хабарын қалай түсінеді? өз тарапынан оған қандай сипаттама береді? Ақиқат шындыққа қалай қарайды – модальдық қатынастың мәні міне осында. Ал предикатталық – ең алдымен ойды тіл заңдылықтары мен ережелеріне сәйкес қалыптап көрсетуге («к оформлению») қатысты сипат. Демек, бұлар өзара тығыз байланысты болғанымен? Бір – бірінен елеулі айырмашылығы да бар. Модальдылыққа әдетте сөйлемнің негізгі тұрақты белгілерінің ішінен ойдың тиянақтылығын белгілейтін (анықтайтын) интонация. Яғни хабардың айтылу ырғағы. Сөйлеушінің тағы басқа модальдық қатынасы тиесілі. Предикаттылыққа келетін болсақ, Ол сөйлесу (тілдесу) единицаларының («единицы речевого общения») грамматикалық жақтан ұйымдасуын қамтамасыз етеді. Модальдылығын ең алдымен сөйлемде көрінеді. Сөйлем модальдылығы тілдің негізгі өзек категорияларына жатады. Ол, біріншіден, барынша айқынырақ түрде және алуан түрлі реңкте интонация әдісімен білдіріледі. Модальдық сондай – ақ етістік райларының синтетикалық және аналитикалық формалары білдіретін барлық мағынасы мен реңкі арқылы да беріледі. Қысқасы модальдылық – тіл мен сөйлеудің (речь актісінің) әр түрлі деңгейлерінде көрнектенетін грамматикалық мағыналардың өз алдына бір тұтас саласы («класы»), жүйесі болып табылады. Объективті модальдылықты білдіруде етістіктің рай формаларының қызметі едәуір басым. Себебі етістік райлары неғұрлым көбірек грамматикаланған («грамматикализованная»), тілдің сөз өзгертім форманттарына жақын құбылыс болып табылады. Ал субъективті модальдылық олай емес. Модальдылықтың бұл соңғы түрі негізінен көмекші сөздер арқылы білдіріледі мысалы: Ол жақта қыс ерте түседі (объективті модальдылық); Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты (субмодальдылық).
Модаль сөздер түркі тілдерінің бірқатарыныңда (соларды ішінде қазақ тілінде де) негізінен көмекші сөздер тобына кіреді. Ол сөйлеуші субъектінің айтылған ойдың шындыққа қатынасы (сәйкестігі) жөніндегі көзқарасын айқындайды. Модаль сөздердің өз алдарына бөлек, арнайы бір лексика – семантикалық, грамматикалық топ ретінде сараланып шығу, даму жолдары тілдерде жалпы біркелкі емес. Олар, мысалы, орыс тілінде тек сына («вставные») сөйлемдердің ғана емес, сонымен қоса үстеулер мен ықшамдалған («редуцированных») сөйлемдер негізінде де дамып, дараланып шыққан. Ал олар түркі тілдерінің көпшілігінде негізіненКеңес дәурінде жазба әдебі тілдің қарқынды дамуымен байланысты дербес көмекші сөз табы болып қалыптаса бпастады. Жалпы модальдылық, модаль сөздер табиғаты әсіресе осы тілдерде әлі нақтылы танылып болған жоқ. Бұл лексемалардың сандық көлемі оларда сондықтан да қазір әр түрлі болып келеді. Осы жағынан алғанда модаль сөздер мен райлар жалпы бір тектес тіл құбылыстары. Себебі райлар да әрекеттің ақиқаттығына не ақиқат еместігіне сөйлеуші тарапынан субъективті баға берудің, яғни сөйлем модальдылығын білдірудің морфологиялық тәсілі болып табылады. Рай категориясы сөйлеушінің «әрекеттің әрекет етушімен байланысы» («связь действия с действующим лицом») туралы көзқарасын білдіреді. Шынында да қалау (тілек), болжау, міндеттілік, сенімділік сияқты модальдылық мағыналарды арнаулы жеке сөзді ғана емес, солармен қоса етістіктің рай және кейбір аффикстік формалары да (яғни – ғай// - гей//,-ер//, - ғы//-гі, - ғыр//-гір, -са, са+шы, са-й, - са+шы, -ып+ты//іп+ті қосымшалары түрлері де ) білдіре алады.
Модаль сөздер, басқа барлық көмекші сөз таптары сияқты, ұзақ уақытқы лексика – грамматикалық даму процесінде дербес сөз таптарына дараланып шықты (бұл – үнемі үзіліссіз жүре беретін, тоқтамайтын толассыз процесс). Бұған мысалы білем, кім біледі, әлпеті, сияғы (сиқы) сөздерінің мына бір қолданыстарын өзара салыстырып көру арқылы да біршама қөз жеткізуге болады: Қарала сырмақтың иесін де білем, ақ киізді, бәтес көйлектің қайдан шыққанын да білем.
Модаль сөздер сондай – ақ заттық мәнін және диалогта предикаттық функциясын жоғалтқан бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан да пайда болады. Модаль сөз тіркестері де сол модаль сөздердің жасалу жолымен пайда болды. Модаль сөз тіркестері шартты бағыныңқы сөйлемдердің келтелеуінен (редукциялануынан) өте көп жасалады.
Модальдылықты грамматикалық мағыналардың бір түрі ретінде қарайтын болғандықтан, оны білдірудің тек грамматикалық құралдары ғана (аффикстер, көмекші сөздер, синтаксистік конструкциялар т.б.) негізге алынуы тиіс. Ал номинативті сөздер, өздерінің семантикасында едәуір модальдық реңк жатқанмен, модальдықты білдіретін құралдар санатына кіре алмайды. Себебі бұлар модальды семантикалық өңдегі дербес мәнді сөз («знаменательное слово») ретінде лексикалық деңгейден әрі асаалмайды. Сондықтан полифуекциялды (А.Ысқақовша: әр тарп) бар, жоқ сөздері, керек, тәрізді предикаттық есімдер өздерінің номинативтік қолданысында модальды сөздерге жатқызылмайды. Бұлар белгілі бір контекстік байланыста ғана функционалды – модальды сөз ретінде жұмсалына алады. Бұл айтылғандардан айқын аңғарылып тұрған нрсе: тілдік модальдылық – грамматикалық құбылыс.
Модальдық мағынасы бар әл алуан грамматикаланған тіркестер тек жеке сөздерден ғана емес, сонымен қоса, күрделі құрамды сөздерден де тұратын, тұтастай алғанда көмекші сөз табы ретінде тілдік модальдылықты білдірудің бай құралы саналатын модаль сөздер құрамына кіреді.
Сөз таптарының жалпы категориялық мағынасын жеке сөздің лексикалық семантикасымен шатастыруға болмайды, өйткені жалпы категориялық мағына – мағына –сөз таптарын бір- бірінен ажыратудың, ара жігін, шегін анықтаудың алғы, бас белгісі. Модаль сөздерді біраз тілдерде қазір көмекші сөз таптарына жатқызуда да бірден бір негіз, критерий ретінде оның осы жалпы категориялық мағынасы, яғни сөйлемде айтылған хабарға сөйлеушінің қатынасы алынған. Жалпы қай сөз табын да танып, даралап алуда бірінші орында оның категориялық мағынасы тұруы шарт.
Көмекші сөздерді зерттеу өз алдында толық мағыналы дербес сөздердің грамматикалану (грамматикализациялану) проблемасымен тығыз байланысты.
Толық мағыналы дербес сөздердің жеке формалары, сондай-ақ сөйлемнің қыстырма мүшесі ретінде қолданылатын сөздер мен тіркестер де заттық мазмұнан ажырауына қарай модаль сөздер қатарына өтеді. Өйткені модаль сөздер тобын анықтаудың мұндай тәжірибесі кейбір өзге тіл грамматикаларынан да ұшырасады. Мысалы, орыстың грамматикалық дәстүрінде қыстырмалы = модальды жасалымдардың грамматикалануы және олардың модаль сөздерге айналуы туралы ілім бар.
Модаль сөздердің семантикасында номинативтік мағына және соншалықты бір көрінеу тұрған ап – анық яғни «сезімді лексикалық» («ощутимая лексичность») болмайды.Белгілі бір заттық мағына сондай – ақ көптеген модальды тіркестерде де болмайды. Олардың да семантикасы сол модальділікті білдіретін грамматикалық мағынамен барып астасады. Бұл айтылғандар тұрғысынан келгенде модаль сөздер деп өзінің шығу тегі жағынан есімдермен, етістіктермен және үстеулермен сипаттас, тұлғалық өзгеріске түспейтін, сөйлеушінің айтылған ақиқат шындыққа қатынасын білдіретін көмекші сөздерді айтады. Тұтастай алғанда, өздерінің «жинақта» («обобщенный») лексика – грамматикалық мағынасы бойынша модаль сөздер етістік райларымен ұқсас. Сондықтан модальдылықты білдірудің бұл екі құралы сөйлеуде өзара тығыз байланысты. Қазақ тіліндегі модаль сөздердің біразы сөйлемнің қыстырма мүшесі позициясында қолданылып келеді. Бұған қарап оларды қыстырма сөздермен тең дәрежеде алып қарауға болмайды. Бұлар – екі бөлек категория. Себебі модаль сөздер – морфологиялық категория, көмекші сөз табын құрайды. Ал қыстырма сөздер – синтаксистік категория. Бұлар грамматикалануға ұшырамайды. Сөйлемнің қыстырма мүшесі қызметінде қолданылатын көмекші не толық мағыналы дербес сөздер болып табылады.
Модаль сөздердің айрықша бір синтаксистік ерекшелігі – олар диалогта келгенде жеке лексема күйінің өзінде сырт формасы және айтылу интонациясы жағынан өз алдына тұтас бір тиянақты сөйлем қызметін атқарып тұрады. Синтаксистік сипаттағы мұндай модаль сөздер сөйлем мүшелерімен дағдылы грамматикалық байланысқа түспейді, сөз тіркестерін жасауға қатыспайды.
Қазақ тіліндн модаль сөздер жеке бір сөйлем мүшесінің мағынасына немесе бүкіл сөйлем мазмұнына реңк беретін қосалқы мүше, сөйлемнің оңашаланған қыстырма мүшесі ретінде және диалгтық сөйленісте сөйлем түріндегі сөз ролінде қолданылады.
Модальды сөздер, басқа көмекші сөз тараптары сияқты, толық мағыналары дербес сөз таптарының ұзақ замандарғы лексика-грамматикалық даму процесінде өзінің бастапқы мән-мағынасынан оқшаулана – оқшаулана, ақыры біржола ажырап, солардан келіп шыққан. Модаль сөздердің пайда болуына сөйлем құрамындағы кейбір лексикалық құралдардың тұрақты бағыныңқылық қалпы себепкер болды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, модаль сөздердің белгілі бір заттық я ұғымдық семантикасы болмайды. Оларды семантикасы әдетте модальдылықты білдіретін грамматикалық мағынамен ұлас, астас жатады. Демек, осынысы үшін де олар – көмекші сөздер.
Тілдік модальдылық проблемасымен байланысты қазіргі лингвистика ғылымындағы зерттеу еңбектерден жоғарыда келтірілген түрлі теориялық пайымдауларды, ғылыми көзқарастарды шола, саралай қарау нәтижесінде қазіргі біраз түркі тілдерінде модаль сөздер мен модальды тіркестердің негізінен мына төмендегідей нақты жасалу жолдары барын байқауға болады. Таза («собственно») модальды және есім модальді сөздердің, сондай-ақ модальды тіркестердің де қатарында тәуелді формада әбден тұрақтап, қалыпты бір орнықтылық алған лексемалар бар. Бұлар модаль сөздер санатына изафеттік тіркестер арқылы көшкен. Олардың модаль сөздер тобын қалыптастырып дамытудағы шешуші ықпалды факторы – қысқасы, ыңғайы іспеттес жекелеген лексемалардағы үшінші жақтық тәуелдік жалғауының жақсыздағы мен заттық мәнінің мейілінше абстрактылығы. Бұл – қазақ тіліндегі, басқа да біраз түркі тілдеріндегі модаль сөздердің жасалуының неғұрлым өнімдірек жолы.
Модаль сөздер кейбір үстеулер мен үстеу мәнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен айырылу және пысықтауыштық функциясын жоғалту нәтижесіндепайда болды. Мысалы мына бір мына бір салыстырудан соны аңғарамыз. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де мейірленіп, тезірек қолға түседі (Абай) – Ол мәселе туралы, шын, ештеңе білмеймін; Мамандар егер рас айтса, астық өнімі биыл жақсы көрінеді (Газеттен) – Рас, Ділдәні Абай сүйіп қайтқан жоқ (Әуезов).
Модаль сөздер кейде өзінің предикаттық функциясынан айырылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан жасалады, мысалы: Үйдің іші сасық. Әйнексымақ бір күңгірт тесік көрінеді (Аймауытов) – Бәрін бүлдіріп жүрген Кәрібайдың өзі көрінеді. Қазақ тілінде дейді, деседі, білем, тағы кейбір модаль сөздер де осы жолмен жасалған. Модаль сөз сондай – ақ, кей жағдайда тіпті модаль тіркестің бір компонентінің түсіп қалуы арқылы да жасалатын сияқты. Мына бір екі мысалды салыстырудан сондай ой туады: Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуі мүмкін (Жұмабаев).
Сияқты, сықылды, секілді, тәрізді, тақылетті, рәуішті, іспетті, әлпетті модаль сөздері «бет, бейне,пішін, порым, түр» мағынасын білдіретін түбірлерден жасалған.
Тіліміздегі бәлки, бәлкі, бәлкім, әлбетте, зайыры, нәті (нәйәті), лазым (ләзім) , ықтимал, мүмкін, рас (т), тағы біраз сөз «дайын күйінде» араб, парсы тілдерінен ауысқан.
Жалпы түркі тілдерінің қай – қайсысында да модаль сөздердің сан жағынан әр түрлі өзіндік жасалу жолдары бар. Бұл жолдар олардың (модаль сөздердің) морфологиялық формасымен, құрылымымен тығыз байланысты. Алайда модаль сөздер тобының қалыптасу мәселелері және олардың этимологиясын айқындау – жалпы алғанда арнайы тарихи – салыстырмалы зерттеуді қажет ететін күрделі де маңызды тақырып.
Орта азиялық түркі халықтарының тіліндегі модаль сөздер тобының қалған басқа түркі тілдеріндегіге қарағанда өзіндік кейбір ерекшелігі бар.
Себебі бұл топтағы тілдерде қазір қолданылып жүрген модаль сөздердің біразы араб – иран тілдерінен енген. Бірақ бұған қарап аталмыш аймақ тілдерінде өзіндік модаль сөздер аз ия тіпті жоқ екен деген ой тумау керек. Ал сібірлік түркі халықтарының тілінде мұндай текті кірмелер негізінен кездеспейді десе де болады. Оларда бұған керісінше орыс тілінен дайын куйінде ауысқан модаль сөздер көп болмаса да жалпы ұшырасып отырады. Модаль сөздердің жалпы қалыптасу жолдары және олардың қай – қайсысының да жасалу механизмі модаль сөздердің ауызекі (яғни сөйлесу) түрдегі қарым – қатынас техникасының біртіндіп даму, жетілу процесінде грамматикалану жолымен (тәсілімен) пайда болған көмекші лексемалар екендігін айғақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет