«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет32/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

Негізгі əдебиеттер

1. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркесі. – Аламаты, 1983. 




2. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі жəне жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1991. 
3. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. – Алматы, 1991. 
4. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 
1948. 
5. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. – Алматы, 
1969.
№ 3- дəріс.
Тақырыбы: Сөйлем – ең басты грамматикалық единица.
Сөйлемге тəн басты белгілер. 
Қазақ тілі – түркі тілдерінің үлкен бір бөлімі. Ол – түркі тілі жүйесіндегі 
қыпшақ тобына жататын қазақ халқының тілі. Түркі тілдерінің бөлінуі ХҮІ 
ғасырмен шектелсе, соның бірінің иесі – қазақ халқы. Қазақ халқының бай 
фольклоры, ауыз əдебиеті бар. Оның орамдылығы мен тапқыр шешендігін 
көптеген орыс, тіпті шетел ғалымдарының өзі пікірлеріне түйін еткен. 
Осынша бай қазынасы бола тұрып, қазақ тілін лингвистикалық тұрғыдан 
зерттеу тек ХІХ ғасырдың басында ғана қолға алына бастады. 
Н.И.Ильминский, М.А.Терентьев, И.Лаптев, И.М.Мелиоранский, В.В.Радлов 
сияқты ғалымдар қазақ тілінің фонетика, лексика, грамматика салаларында 
өзіндік 
із 
қалдырды. 
Олардың 
еңбектері 
таза 
ғылыми 
дəрежеде 
болмағанымен, қазақ тілінің негізін салуға бағыт-бағдар бере алды.
Ол кездегі ғалымдар зерттеулерін екіге бөліп қарастыру орынды. Оның 
бірінші тобына қырғыз алфавиті, қырғыз аттары, жыл санау, сөздік атаулы 
жатады. 
Бұл 
бағытта 
Б.Бақтыгереев, 
М.Бекімов, 
А.Абдрахманов, 
Н.Жетпісбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, З.Кəрімов, А.Құмантаев 
есімдерін атауға болады. Бұл ғалымдар тілдің жекелеген мəселелерін сөз 
етсе, енді бір топ ғалымдар қазақ тілінің грамматикасын дамытуға тиімді 
ықпал жасады. Бұл қатарда Н.И.Ильминский «Материалы к изучению 
киргизского наречие» (1861); Н.Лаптев «Грамматика киргиз-кайсакского 
языка» 
(1898), 
«Материалы 
по 
казак-киргизскому 
языку» 
(1900), 
И.М.Мелиоранский 
«Краткая 
грамматика 
казак-киргизского 
языков. 
Фонетика и этимология» (1894), «Краткая грамматика казак-киргизского 
языка. Синтаксис» (1894), Н.Сазонтов «Записи о грамматике киргизского 
языка» (1912), М.Терентьев «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и 
узбекская» (1875), Н.Ф.Катанов «Опыт исследований уаянхайского языка с 
указанием главнейших родственных отношений его с другими языками 
тюркского корня» (1903), «Грамматика киргизского языка. Фонетика, 
этимология и синтаксис» (1898) еңбектері тұр. 
Аталған еңбектердің өзіндік ерекшеліктері де бар. Орыс миссионерлері 
еңбектерінде əр түрлі пікір орын алып отырды. Біріншіден, ол кездегі қазақ 
ғалымдарының том-томдап шығарған зерттеулері оларға теориялық жағынан 
үлгі бола алмады. Олар əрі кеткенде, оның өзінде ара-арасында сол кездегі 


бар сөздіктерді ғана пайдаланды. Екіншіден, бұл еңбектердің көбі қазақ-
қығыз тілдері туралы жазылғанымен, онда кейде түбі түрік, парсы, өзбек, 
уранхай тілдері туралы да мəліметтер кездесіп отырады. Бір еңбектерде 
қазақ-қырғыз деген атау қолданылса, енді біреулерінде қазақ тілі деп 
беріледі. Ғалымдар белгілі бір тілдің ерекшелігін жазуда сол елдің бай ауыз 
əдебиетін тілдік дерек ретінде қолданған. Кейде олардың жай сөйлемге 
құрмалас, керісінше құрмалас сөйлемге жай сөйлем деп берулері де орын 
алған. Оның өзі бір тілден екінші тілдің құрылымдық ерекшеліктерін ескере 
бермеуден туындаса керек. Үшіншіден, осы еңбектердің бəрі де негізінен 
тілдің фонетика, этимология (морфология) жəне синтаксис салаларына 
арналған. Дегенмен фонетика мəселесі басым қарастырылыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет