«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

№ 9- дəріс.
Тақырыбы: Сөйлемнің құрылыстық түрлері, белгілері. Сөйлемдегі оқшау 
құрылымдар: қаратпа, қыстырма, одайғай. Олардың тыныс белгілері

Жай сөйлемдік құрылымдардың байланысынан тұрады. Тең дəрежелік 
қатынас құрмаластың салалас түріне тəн. Бірақ онда жеке сөзтұлғаларда
15
Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. – Алматы, 1985. 12-б. 


болатындай абсолютті теңдік жоқ. Мұнда белгілі бір құрылымнан келесі бір 
құрылымға бір тұлғалы сұрақ қою да, екі құрылымның орнын алмастыра 
беру де бола бермейді. Олардың бірінен-біріне сұрақ қойылмауының өзі 
оның сабақтастан ерекшелендіреді. Сонымен қатар құрылымдардың орнын 
алмастырып қолдануға болатын салалас сөйлемдер жиі кездеседі. Бірақ 
мұнда жеке құрылымдардың тұлғалық дербестігі, теңдігі бар. Мəселен, 
Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады (мақал) сөйлеміндегі 
жеке компоненттерді ауыстыып беруге болады. Ал Арқа тұстан əлден 
уақытта таң сібірледі, маңай тұманнан арылып, айнадағыдай көрінді 
(Д.Досжанов) сөйлемінде сыңараралық орын алмастыру бола қоймайды. 
Себебі оған мағыналық жақындық жібермейді.Бірақ бұл оның салаластық 
байланысуының жойылуына əкелмейді. Мұнда абсолютті теңдік жоқ 
деуімізге себеп осы. 
Мəтін синтаксисі – жеке сөйлемдік түрлердің грамматикалық-мағыналық 
байланысы. Жеке сөйлемдер əбден қалыптасқан, тұрақталған тілдік тұлға. 
Бұл жағынан олардың қарым-қатынасы тең. Бірақ адам ойын жеткізуде жеке 
сөйлемнің қызметі əлсіз. Сондықтан олар бір-бірімен ұштасып, ой құралы 
қызметін атқарады. Жалпы, мəтін синтаксисі деп ерекшелеу жеке 
сөйлемдердің байланыс қызметінен туындаған. Ал жеке сөйлемдердің бір-
бірімен параллель байланыста тұруы үшін абзацтық күрделі синтаксистік 
тұтастық, бір сөзбен айтқанда кіші мəтіндік құрылым қажет. Мұндағы 
салаласу жеке сөйлемдік компоненттердің арақатынасынан айқындалады. 
Олардағы компоненттердің тиянақты тұлғаға аяқталып, байланысуы 
салаластық 
байланыстың 
алғашқы 
көрінісі. 
Жеке 
компоненттердің 
жарыспалы байланысуы да осыған байлаулы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет