«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет36/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

Негізгі əдебиеттер

А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 


2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
№ 7- дəріс.
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері: тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер.
Қазір сөйлем мүшелерінің жасалуында сөйлемнің де сөйлем мүшесі болудың 
негізін А.Байтұрсынов бір мысал арқылы бергені таңқаларлық білімділіктің 
көрінісі деу керек. Ғалымның синтаксистегі жай, құрмалас сөйлемдер туралы 
ойлары 1917 жылдан бұрын қалыптасқанына дəлел. Ол мақтануға боларлық 
жайт. Сол сияқты С.Аманжоловтың сөйлем мүшелерін жаңаша, ескіше 
топтаудағы əртүрлі пікірлерін енді ғана түсінудеміз. Міне, тарихта 1900-1939 
жылдар аралығындағы кейбір синтаксист ғалымдар танылды. Мəселен, 1929 
жылғы латын алфавитіне көшу туралы жиында 17 тілші сөйлеген екен. 
Соның 12-сі А.Байтұрсынов еншісінде. Басқа ғалымдар мен олардың 
еңбектері қайда? Ол еңбектердің жан-жақтылығы, зерттеу тақырыптарының 
молдығы, осынша еңбектердің тілші қауымға жетпеуі аз тарихымыз үшін көп 


жоғалған мұра іспетті саналуы қажет. Армян, грузин сияқты ерте дамыған 
тілдерде əр ғасырдағы синтаксис жаңа авторымен белгілі, ал біз бір ғасырға 
жетпейтін уақытымыздағы жетістіктеріміздің бəрін талан-таражға салып 
отырғандаймыз. 
Қ.Жұбанов – синтаксис туралы біраз еңбек еткен ғалым. Автор «Из 
проядка слов в казакском предложении», «О построении речи в казахском 
языке», «О формах сочетаний слов в казахском языке» еңбектері арқылы 
едəуір еңбек сіңірді. Сондай-ақ, С.Аманжолов 1932 жылдардан бастап елеулі 
еңбек етті деуге болады. Автор ең алдымен мектеп грамматикасын (1939), 
онан кейін жоғарғы оқу орындарына «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің 
қысқаша курсын» (1940) жазды. Автор сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі 
туралы сөз қозғады. Академик Н.Сауранбаев жай сөйлем туралы ойлармен 
бірге құрмалас сөйлемдерге тоқталса, С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлем, 
тыныс белгілері туралы ойлары əлі күнге дейін құнын жоймағанын білеміз. 
Профессор М.Балақаев зерттеулерінің алатын орны ерекше. Автор 1949 
жылы мектеп грамматикасы, 1954 жылы академиялық грамматикада сөз 
тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі жайлы жүйелі түрде жазып кетті. Ол бүкіл 
түркологияның сөз тіркесі синтаксисінің негізін қалады. 
Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткішінің 6-томы жарық көрді. 
Бұл 
еңбекте 
тілші-ғалымдар 
Т.Шонанов, 
М.Жұмабаев, 
Т.Ахметов, 
Ж.Барқыұлы, 
Н.Төреқұлов, 
К.Төлебаев, 
Н.Залиұлы, 
К.Əлімұлы, 
Қ.Кемеңгеров есімдері орын алған. Ғалымдар еңбектерінің қазақ тіл білімі 
үшін белгісіз жылдар мерзімін нақты толықтыратын жəне қазіргі 
зерттеулерімізге басшылық болатыны айдан анық. Аталған ғалымдардың 
ішінде синтаксис, оның теориясы туралы Е.Омаров қолтаңбасы анық. Əзірше 
ғалымның 1935 жылғы «Сөйлемдегі сөздің орын тəртібі», «Есімдіктерге 
қатысты приставка» деген екі мақаласы ғана белгілі болып отыр. Бұл сияқты 
еңбектер əлі де жарық көретін болса, біздің ғылымымызға қосылған үлкен 
үлес болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет