Бақылау сұрақтары:
Сөздің морфологиялық құрылымы деген не?
Морфема дегеніміз не?
Морфологиялық құрылымның өзгерістері қандай?
Әдебиеттер:
1.Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А., 1988.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991.
Дәріс 4.
Тақырыбы: Түбір морфема мен негіз.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге түбір морфема мен негіз туралы түсінік беру.
1. Түбір морфема мен негіз.
Түбір морфема мен негіз
Морфемалар түбір морфема (немесе негізгі морфема) жəне аффикстік морфема түрлеріне бөлінеді. Түбір морфема (негізгі морфема) сөздердің əр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бір ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, морфема ретінде қызмет басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, баспа, бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады. Ал негіздің түбірден айырмашылығы ол (негіз) сөздің əр түрлі (əр басқа) лексика-грамматикалық топтары үшін емес - олардың белгілі бір лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас морфемасы, жоғарыда айтылған зат есімдердің де, сын есімдердің де етістіктердің де-бəріне бірдей, ұйтқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығын, бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз-бастық, ал бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бəріне-бірдей ұйтқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығын, бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз - бастық, ал бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бəріне бірдей ортақ негіз-баста. Басқара, басқарып, басқарғалы, басқарар, басқаратын деген етістік формаларының негізгі – басқар болып саналады.
Бұл айтылғандардан, шығатын қорытынды мынау: түбір морфема -сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз тобына) жататындығына қарамастан олардың бəріне бірдей тəн, күллісіне бірдей ортақ баршасына бірдей негізгі ұйтқы болатынэлемент, ал негіз-белгілі бір лексика-грамматикалық топқа қатысты сөздердің əртүрлі формаларының бəріне бірдей ұйтқы ортақ.
Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін жəне негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, əдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. Мысалы, күйші, малшы, достық, таулы, өрле, бағала жəне т.б.
Сонымен, морфологиялық сіңісу (морфологическое опрощение) процесінің нəтижесінде алғашқы түбір морфемамен аффикстік морфеманың ажырамастай болып бір-бірімен кірігіп, бұл күнде морфемаларға мүшеленбей бір тұтас морфема ретінде ұғынылатын түбір морфемалар сіңіскен түбірлер деп аталады. Мысалы, жарық, жалын, моншақ, қайт, қайыр, оят, оян, мөлдір, құтқар т.б.
Бақылау сұрақтары:
Түбір морфема деген не? Мысал келтір.
Достарыңызбен бөлісу: |