«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет16/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Бақылау сұрақтары:
Аналитикалық форманың грамматикалық мағына білдірудегі ерекшеліктері қандай?
Синтетикалық форманың грамматикалық мағына білдірудегі ерекшеліктері?
Әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010


Дәріс 10


Тақырыбы: Грамматикалық категория туралы түсінік.
Дәрістің мақсаты: студенттедің грамматикалық категория туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жоспары:
1.Грамматикалық категория туралы түсінік.
2. Грамматикалық форма 
3.Грамматикалық мағына 
4. Грамматикалық мағына білдіретін тәсілдер мен амалдар


1.Грамматикалық категория туралы түсінік
Грамматика және категория деген терминдер – грек тілінен алынған сөздер: “грамматика” сөзінің бастапқы мағынасы – “грамма” (жазу, запись) деген сөз; “категория” – “байымдау, анықтау” деген сөз.
А.А. Реформатскийдің түсіндіруінше, гректің “категория” сөзінің о бастағы біро мағынасы – “дәлелдеу”, “көрсету”. А.А. Реформатскийше, тіл мен ойлау, искусство салаларында “категория” – белгілі бір саладағы негізгі топтар мен құбылыстар легі.
“Шетел тілдері сөздігінде” (СИС) “категорияға” былай деп анықтама беріледі: “Категория” – объективті өмірдегі болмыстың негізгі формалары мен қатынастарын көрсететін ең жалпы логикалық ұғым”.
Н.И.Кондаковтың “Логикалық сөздік-анықтамасында” категорияның өте кең ұғымды қамтитыны айтылады.
Лингвистикалық құралдарда грамматикалық категория дегеніміз не деген сұраққа негізі, жалпы мәні, ұзын-ырғасы бір болғанымен, әр түрлі жауап-анықтама, түсініктер беріледі.
Мәселен, О.С.Ахмановаша, грамматикалық категория дегеніміз – лингвистикалық еденицалардың немесе олардың тілдегі грамматикалық белгісі ретінде танылған кейбір кластарының ең негізгі жалпы ерекшеліктерінің бірі.
Л.И.Баранниковаша, грамматикалық категория дегеніміз – тілдің грамматикалық құрылысына қатысты, мәселен, род, сан, септік т.б. осы сияқты ірі-ірі сөздертобына тән біркелкі белгілер жиынтығы. Дәлірек айтқанда, грамматикалық категория дегеніміз – тіл сипатын белгілейтін және мағынасы сөз я болмаса сөйлем ішінде айқындалатын жалпы грамматикалық ұғымдар.
Б.Н.Головинше, грамматикалық категория – тілдің грамматикалық мағынасы мен оның материалдық белгісін айқындайтын реалды бірлігі.
Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковаша, грамматикалық категория дегеніміз – семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ортақ белгілеріне қарай біріккен ірі-ірі лексика-грамматикалық топтар.
А.Ысқақовша, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
Қысқасы, бұл келтірілген грамматикалық категория дегеннің ұғымы аса кең екендігі айқын көрініп тұр: грамматикалық категория – тіл-тілдегі ірі-ірі единицалар; тілдің ірі-ірі кластарының, топтарының жалпы, негізгі ерекшелігіне тән белгілер; тілдің грамматикалық құрылысына тән біркелкі белгілер жиынтығы; түр-сипатын белгілейтін, мағынасы сөз немесе сөйлем ішіндегі айқындалатын жалпы грамматикалық ұғымдар; тілдегі сөздердің грамматикалық мағынасы мен оның материалдық белгісін айқындайтын реалдық бірлік; семанитикалық, морфологиялық, синтаксистік ортақ белгілеріне қарай біріккен ірі-ірі лексика-грамматикалық топтар; біркелкі грамматикалық сөздер тобына тән формалар жиынтығы; өзіне тән грамматикалық формалары бар жалпы грамматикалық мағына; белгілі бір категорияға жатқызылатындар – грамматикалық мағынасы ортақ құбылыстар т.б. т.с.с.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет