«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет18/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Бақылау сұрақтары:
1.Грамматикалық категория дегеніміз не?.
2. Грамматикалық форма дегеніміз не? 
3 Грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты ма?
Әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010


Дәріс 11
Тақырыпбы: Грамматикалық категорияның түрлері және олардың сөз таптарына қатысы.
Сабақтың мақсаты: Грамматикалық категорияның түрлері және олардың сөз таптарына қатысын ұғындыру.
Жоспары:
1.Сан мөлшер категориясы
2.Септік категориясы
3.Жақ категориясы
4.Шақ категориясы
5. Рай категориясы
6. Етіс категориясы.

Грамматикалық категориялардың түрлері жəне олардың сөз таптарына қатысы өте-мөте маңызды мəселелерден есептеледі.


Грамматикалық категория атты ұғымның табиғатын ашып айқындай түсу үшін жəне грамматикалық категориялардың сөз таптарынан ара қатысын баяндау үшін тілдің көпшілігінге тəн, жоғарыда айтылған жалпылама ортақ грамматикалық категориялар жайында тоқталу қажет.
1.Сан мөлшер категориясы. (Категория) тілдердің барлығына дерлік тəн. Даралық ұғым мен көптік ұғымды бір-бірінен ажырату тілде өзінің көрінісін тауып, осыған орай тілтілде грамматикалық сан мөлшер категориясы пайда болған. Даралық (жекелік) ұғым менкөптік ұғымы, əдетте заттар мен тікелей байланысты болады да, осыған сəйкес, грамматикалық сан мөлшер категориясы əртүрлі тілдерде сөз таптарының ішінде затесімдерге өте-мөте тəн категория ретінде ұғынылады. Мұнымен бірге, жекелік пен көптіктіл тілде есімдіктерге, оның ішінде əсіресе жіктеу есімдіктеріне тəн. Грамматикалық сан мөлшер категориясы етістіктерге тікелей қатысты болмай, оның қатысы есімдіктер немесезат есімдер арқылы іске асады. Атап айтқанда, етістіктер есімдіктер мен көбінесе жіктеуесімдіктер мен немесе зат есіммен тіркесіп баяндауыш қызметінде жұмсалғанда,бастауыш қызметіндегі есімдіктің немесе зат есімнің жекелік немесе көптік мағынадажұмсалу ыңғайына бағынып, осыған орай жекелік немесе көптік мағынаға ие болады.
Грамматикалық сан мөлшер категориясының əртүрлі тілдердің немесе тілдің əртүрлі топтарының грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне тікелей байланысты айырым жақтары, өзіндік белгілері көрінеді. Мысалы, грамматикалық сан мөлшер категориясы көптеген тілдерде жекелік жəне көптік мағыналарында көріне алса, оның екілік деп аталған түрі көне грек тілі ежелгі орыс тілі, ежелгі идеялық санскрит жəне қазіргі араб тілінде кездеседі. Орыс тілінде тек жекеше түрінде немесе көпше түрінде қолданылатын зат есімдер кездеседі, ал түркі тілдерінде мұндай ерекшелік сирек ұшырасады. Мысалы, орыс тілінде студендчество, стбянство, учительство, аспирантура, беднота, нефть, бензин, золото, серебро тəрізді зат есімдер тек жекеше түрінде қолданылса, очки, брюки, ножницы, весы, сливки, сутки, именины, шахматы, суменрки тəрізді зат есімді тек көпше түрінде қолданылады.
Грамматикалық сан мөлшер категориясы сөз таптарының бірі есімдік түрге де тəн категория болып саналады. Жекелік жəне көптік болатындар-көбінесе жіктеу есімдіктері.
Жіктеу есімдіктері ішінен түркі тілдерінде I-жақтық жіктеу есімдігінің (мен) орыс тіліндеI жəне II жақтық жіктеу есімдіктерінің (я, ты) жекеше түрі өздігінен көптік түрге ие бола алмайды. Олар түркі тілдерінде біз (біздер), орыс тілдерінде мы, вы формаларына өтуарқылы сан мөлшерді білдіреді.
Жекелік пен көптіктің мағыналары етістік сөздерде өз алдына дыбыс аффикстері менемес, көбінесе жақтық мағыналарды білдіретін жіктік жалғаулары мен беріледі. Етістік баяндауыштар бастауыш пен жіктік жалғаулары арқылы қиысады да, жіктік жалғаулары бастауыштың ыңғайына қарай əрі жақтық мағынаны, əрі сан мөлшер мағынасын (жекелікне көптік мағынасын) қоса білдіреді. Бұл айтылғандардың бірінші жаққа тікелей қатысы бар, мысалы, мен бардым, біз бардық, мен барамын, біз барамыз. Ал екінші жақта жіктік жалғауынан көптік мағынаны білдіру үшін көптік жалғауы жалғанады. Мысалы, сен бардың (сіз бардыңыз) сендер бардыңдар (сіздер бардыңыздар), сен барасың (сіз барасыз), сендер барасыңдар (сіздер барасыздар) жəне т.б.
Түркі тілдерде сөздердің түрінің арнаулы көрсеткіші жоқ, ал оның көпше түрі арнаулы аффикс көптік жалғауы (лар, лер, тар, тер, дар, дер) арқылы беріледі. Ал басқа бірқатарда тілдерде көптік мағына сол тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерінен келіп шығып əртүрлі əдістер, тəсілдер мен беріледі. Кейбіреулерінде аффиксация, алкейбіреуінде болса, ішкі флекция тəсілімен жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет