«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет20/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

4.Шақ категориясы. Грамматикалық категориялардың бірі шақ категориясы етістіктерге тəн категория ретінде танылады. Грамматикалық шақ категориясында осышақ, өткен шақ жəне келер шақ бір-бірінен қимыл, іс-əрекеттің сөйлеу кезіне қатысыжағынан ажыратылады. Бір шақтың бір неше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде жəне түркі тілдерінде өткен шақтың, өзінің бір неше түрі бар.
Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуіде өткен шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтың мағыналары бір емес, алдынғысы жедел өткеншақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) жəне қатыстық шақ (относительное время) деген терминдер белгілібір шақтың бірнеше түрін ажыратумен байланысты енгізілген. Абсолютті шақта белгілі бір шақтың сөйлеу кезіне қатысы тікелей айқындалады да, қатысты шақта оның сөйлеукезіне қатысы тікелей емес, жанама түрінде айқындалады.
5. Рай категориясы. Рай категориясы да етістіктерге тəн категория. Рай категориясықимыл, іс-əрекеттің шындыққа қатынасын шындыққа қатынасын, іске асу мүмкіндігін есөйлеушінің қарайтындығын білдіреді. Мысалы, оқыдым, білдім, оқимын, білемін деген формалар шынайы, ақиқат (реальды) іс-əрекетті білдірсе, еді деген формалар əлі де болсаіске аспаған, бірақ асуы мүмкін іс-əрекетпен қалау, тілек, болжам мағыналарындағы іс-əрекетті білдіреді.
Етістіктің рай формалары екі топқа бөлінеді: бірінші топқа ашық рай формалары (ақиқат іс-əрекетті, қимылды білдіретін етістік формалары) енсе, екінші топқа буйрық рай, шартты рай, қалау рай формалры (ақиқат түріндегі іс-əрекетті емес, болуы мүмкін іс-əрекетті) немесе болжам, қалау, тілек түріндегі іс-əрекетті білдіретін етістік формалары енеді. Грамматикалық рай категориясы модальдылық ұғыммен тығыз байланысты. Рай категориясы имодальдықты, іс-əрекеттің шындыққа қатынасын білдіретін категория.
Басқаша айтқанда, рай-сөздің белегілі бір формаларымен берілген модальдылық. Тілдердер айдың түрлері мен сонны əр басқа. Орыс тілінде райдың үш түрі бар. Қазақ тілінде төрт түрі бар: бұйрық рай, шартты рай, қалау рай, ашық рай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет