Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Мәселен, біл-білім, студент-студентпін десек, осы төрт сөздің төртеуі де белгілі бір формада тұр: біл, білім, студент атау тұлғада, яғни нульдік флекцияда тұр; студентпін дегенде, пін – І жақтық мағына білдіріп тұр: жекеше, жіктік жалғау көрсеткіші, яғни формасы.
Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл бірлігі, грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсід арақатынасының көрсеткіші.
Ал грамматикалық тәсіл дегеніміз не? Грамматикалық тәсіл дегеніміз – грамматикалық мағынаның материалдық көрсеткіші, яғни формасы.
Сөз формаланғанда, яғни белгілі бір амал-тәсілдер арқылы түрленгенде, өзінің бастапқы лексикалық мағынасына кемінде бір немесе бірнеше қосалқы мағына үстемелеп алады. Сөз жеке тұрғаның өзінде де грамматикалық бірнеше мағынаға ие болуы мүмкін.
3.Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, сөздердің түрлі–түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Сөздің грамматикалық мағынасы сөз формалары арқылы беріледі.
Тіл-тілде сөздің грамматикалық мағынасы әртүрлі амал-тәсілдер арқылы білдіріледі.
4.Грамматикалық мағына білдіретін тәсілдер мен амалдар ең алдымен ірі екі топқа бөлінеді: бірі – синтетикалық тәсілдер, екіншісі – аналитикалық тәсілдер.
Синтетикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: аффикстік тәсіл; дыбыстардың алмасуы және ішкі флекция тәсілі; супплетизм; редупликация; сөздерді біріктіру тәсілі.
Аналитикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: екпін және интонация тәсілі, сөздердің орын тәртібі тәсілі; көмекші сөздер тәсілі.
Бұл тәсілдердің барлығының да атқаратын қызметі аффикстер функциясына жақын. Бірақ дәл бірдей емес. Өйткені аффикстердің көпшілігі таза лексикалық қызмет атқарса, кейбірі таза грамматикалық, морфологиялық, енді бірі лексика- грамматикалық, енді бірі таза ғана синтаксистік қызмет атқарады.
Тіл-тілде грамматикалық тәсілдердің бірі – басымырақ, екінші бірі сирек қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, аталған тәсілдердің кейбірі кейбір тілдерде мүлдем жоқ болуы ықтимал. Дегенмен бұлар бір тілдерде аз, бір тілдерде көптігіне қарамастан, тіл-тілдегі грамматикалық негізгі тәсілдер болып есептеледі.
Грамматикалық категория туралы ұғым мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады, олармен əрқашан тығыз байланыста болады.
1. Грамматикалық мағына грамматикалық категориялардан тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді, қайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді;
2.Грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты.
Қандай бір грамматикалық категория болсын, ол бір тектес грамматикалық мағыналарды білдіріп, кемінде екі түрлі формасы шарт. Мысалы, бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясында, жақ категориясын да құрай алмайды. Септік категориясы туралы сөз ету үшін ол тілде ілік септігінен басқабарыс, табыс т.б. септіктерінің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы туралы I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана əңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы туралы да осыны айтуға болады. Шырай категориясы бір жай шырайдың грамматикалық мағынасымен формасынан құралуы мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай жəне күшейтпелі шырайдың мағыналары мен формаларының жиынтығынан құралады.
Грамматикалық категория бір тектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формаларлың жиынтығынан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |