«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет15/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³
English Plus 8 2-тоқсан ҚМЖ
2.Сөздің аналитикалық формалары

Сөздің аналитикалық формасы негізгі атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады.Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз əр түрлі морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, келе жатыр деген негізгі етістік пен көмекші етістіктіңтіркесіндегі компаненттер мағыналық жағынан алғанда, дербестігі сақталған екі сөз емес, бір сөздің күрделі (аналитикалық) формасы ретінде ұғынылады.


Аналитикалық конструкцияның бөлшегі ретінде қаралатын көмекші сөз өзінің грамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші (форма тудырушы) морфемаға (аффикске) барабар қызмет атқарып, бүтіндей аналитикалық конструкция атауыш сөздің формасы болып саналады да, оның (атауыш сөздің) сөз түрлендіру (форма тудыру) жүйесіне (парадиаграммасы) енеді.
Аналитикалық конструкция немесе сөздің аналитикалық формасы шығу тегі жағынан сөз тіркесіне барып тіреледі. Сөз тіркесі екі түрлі бағытта-грамматикалық бағытында, жəне лексикалану бағытында да дамуы мүмкін. Сөз тіркесінің грамматикалық бағытында дамуының нəтижесінде сөздің аналитикалық формасы жасалса, оның (сөз тіркесінің) лексикалану бағытында дамуының нəтижесінде сөздің аналитикалық формасыжасалса, оның (сөз тіркесінің) лексикалану бағытында дамуының нəтижесінде фразеологиялық бірліктер жасалады. Сөз тіркесінің грамматикалық барысында сөзтіркесінің құрамындағы сыңарлардың біреуінің лексикалық мағынасы күңгірттеніп, атауыш сөзден көмекші сөзге, ал сөздердің бір бүтіндей тобы сөздің грамматикалық формасына (аналитикалық формасына) айналады. Сөздердің аналитикалық формасы немесе аналитикалық конструкция сөздердің тіркесінен жасалады да, осы жағынан алғанда күрделі сөзбен де сөз тіркесі мен ұқсас келеді Бірақ бұған қарап аналитикалық контрукцияны күрделі сөзбен немесе сөз тіркесі менбір тектес деп санауға болмайды.
Ең алдымен, етістіктің аналитикалық формасын мен күрделі етістіктің ұқсас жəне айырмашылықтарын анықтау қажет.
Бұлардың ұқсастық жақтары мыналар: 1.Етістіктің аналитикалық формасының сыңарлары да, күрделі етістіктің сыңарлары да, етістіктерден құралып, олардың алдыңғы сыңары етістіктің көсемше формасында қолданылады. 2. Етістіктің аналитикалық формасы да, күрделі етістік те сөйлемде бір ғана мүше ретінде қызмет атқарады; 3.Етістіктің аналитикалық формасы да, күрделі етістікте сөйлемнің басқа мүшелерімен тұтасқан күйінде қарым-қатынасқа түсіп, олармен бір бүтін единица ретінде байланысады.
Етістіктің аналитикалық формасы мен күрделі етістіктердің бір-бірінен айырым жақтары мыналар: 1.Жалпы күрделі сөздерді (мысалы, күрделі зат есімдердің шекара, қолқап т.б.) күрделі сын есімдердің толық мағыналы сыңарларынан сияқты күрделіетістіктер толық мағыналы жəне кең мағыналы етістіктердің тіркесінен жасалады. Күрделі сөздер тəрізді күрделі етістіктің бір бүтін лексикалық мағынасы оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының жиынтығынан құралады. Мысалы, айытп бар, сатып ал тəрізді күрделі етістіктердің білдіретін мағыналары оларды құрастырушы сыңарлардың мағыналарымен тығыз байланысты. 2. Жалпы күрделі сөз атаулының бəрі соның ішінде күрделі етістік, екі сыңардан құралып бір тұтас единица (сөз) ретінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдірсе етістіктің аналитикалық басқа бір сөздерге қатысты болып, лексикалық мағынадан басқа грамматикалық мағыналар мен қатынастарды білдіру қызметінде жұмсалады. 3. Күрделі сөз сөйлеу процессінде жасалмайды, бұрыннан тіркесіп, даяртұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енеді.
Етістіктің аналитикалық формасы мен еркін сөз тіркесінің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. 1) Сөздің аналитикалық формасы, соның ішінде етістіктің аналитикалық формасы бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді. Еркін сөз тіркесінің əрбір сыңары өзінің лексикалық мағынасын, дербестігін сақтайды. 2) Сөздің аналитикалық формасының, соның ішінде етістіктің аналитикалық формасының құрамына енетін сыңарлардың əрқайсысы өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайды. Алеркін сөз тіркесінің əрбір сыңары өздігінен сөйлемнің дербес мүшесі бола алады. Осығанорай, сөздің аналитикалық формасы еркін сөз тіркесінің құрамына оның бір сыңарыретінде тұтасқан күйінде ғана ене алады. 3) Сөздің аналитикалық формасын құрастырушы сыңарлардың арасындағы байланыстың синтаксистік сипаты болмайды, алеркін сөз тіркестерінің сыңарларының арасында синтаксистік қатынас пен байланыссақталады. 4) Сөздің аналитикалық формасын құрастырушы сыңарлардың əрқайсысы сөз тіркесіндегі немесе сөйлемдегі сөздер өздігінен, жеке дара емес тұтасқан күйінде байланысқа түссе, еркін сөз тіркесінің əрбір сыңары сөйлемдегі басқа сөздермен өздігінен байланысқа түсе алады, өзінше байланысқа түсу дербестігін сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет