«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет12/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Бақылау сұрақтары:
Аффикиция тəсілінің мағына жасаудағы орны қандай?
Мағына жасауда басқа қандай тəсілдер бар?
Ішкі флекция тəсілі қазақ тіліне тән бе? Егер тән болса, мысалмен дәлелдеп көр.
Қосарлану тəсіліне мысал келтір.
Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  2. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, - 1992ж

Дәріс 7


Тақырыбы. Бірігу тәсілі. Көмекші сөздер тәсілі. Сөздердің орын тәртібі тәсілі. Екпін және интонация тәсілдері.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге бірігу, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін және интонация тәсілдері туралы түсінік беру.
Жоспары:
1. Бірігу тәсілі.
2.Көмекші сөздер тәсілі.
3.Сөздердің орын тәртібі тәсілі.
4.Екпін және интонация тәсілдері.


1.Бірігу тәсілі

Бірігу тəсілі. Бұл тəсіл бойынша өз-ара түбір морфемалар немесе түбір мен негіз қосылып сөз жасалынады. Бірігу тəсілі сөз тудыру қызметін атқарады. Біріккен сөздердің қатарына семантикалық тұтастығымен де, морфемалық тұтастығымен де, синтаксистік тұтастығымен де сипатталатын қазақ тіліндегі асқазан, атшабар, отағасы, басқұр, қолбасқа, тасбақа, қосаяқ, шекара, əлдекім, əлдеқашан, əлдеқалай, əрқашан, əрқалай деген сөздер мен өзбек тіліндегі көзəйнек, билəкжүзік, орыс тіліндегі камнетёс (тас қашаушы), водовоз (су тасушы) сияқты сөздер енеді.




2.Көмекші сөздер тәсілі

Көмекші сөздер тəсілі. Тілдердің бəрінде де көмекші сөздер (служебные слови) депаталатын тобы бар.


Көмекші сөздердің лексика-семантикалық жақтан алып қарағанда, атауыш сөздердей дербестігі жоқ, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, «неге келдіңіз» деген сұраққа, əдетте сізбен сөйлескелі келдім» деп жауап береміз. Бұл сұраққа жауап «сізбен сөйлесу үшін келдім» деген түрде де беріледі. Бұл мысалдардан, үшін деген шылау сөздің (дəнекер) аффикстерге барабар мағынаны білдіріп көмекші қызмет атқарғанын көреміз. Алдынғы екі мысалдың бірінде грамматикалық мағына келіаффиксі (көсемшенің жұрнағы) арқылы берілсе, екіншісінде –ге аффиксі (барыс септік жалғауы) арқылы берілген. Үшінші мысалдағы үшін шылауы грамматикалық мағынаны білдірудің тəсілі жағынан алғанда аталған аффикстер мен алғанда синонимдес қызмет атқарып тұр.
Көмекші сөздердің алуан түрлері грамматикалық мағыналарды білдіруі олардың түрлерінің молдығы мен байланысты.
Олардың жалғаулықтар деп аталатын түрлері сөйлем мүшелерін байланыстырады.
Мысалы, сөйлесейікте қайтайық. Оқумен тəрбиені ұштастырып білу қажет. Немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Мысалы, артымнан ілесе Тайжанның үйіне кіругебата алмады, өйткені ол үйде аюдай ақырған тентек мінезді Салима бар еді. (С.Мұқанов)
Көмекші сөздердің септеуліктер (послелоги) деп аталатын түрі-дейін, таман, соң,қарай, гөрі, кейін т.б. Сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық қатынасты,м екендік мезгілдік мағынаны білдіреді, септік жалғаудың мағынасын толықтырып дəлдей түседі. Қазақ тілінде көмекші сөздердің бұл тобының септеуліктер деп аталуы олардың өздерінің алдында тұрған сөздердің белгілі бір септік жалғауында тұруын керек етуіне байланысты.
Көмекші сөздердің демеуліктер деп аталатын түрі сұрау мағынасы (жақын ба? алыспа? кездестің бе? ) тежеу шектеу мағынасы (сен ғана, ендігі, серігі-кітапхана ) күшейту мағынасы (аты, ат-ақ екен) əр түрлі көңіл күйі мағынасы (Кешікті-ау! Ұмытып кеткенім-ау! Көрмей қалдым-ау!) сенімсіздік күдіктену мағынасына (көріпті-мыс, айтыпты-мыс)т.б.
Көмекші сөздердің бір түрі артикльдер славян тілдері мен түркі тілдерінде декездеседі. Артикльдер роман тілдері мен герман тілдерінде жəне араб, түрленіп отырады.
Көмекші етістіктер күрделі етістіктерді жосаңда айрықша қызмет атқаратын, əртүрлі грамматикалық мағынаны білдіретін тəсілі ретінде қолданылады. Күрделі етістіктің құрамындағы негізгі етістік белгілі бір формада қолданылады да, көмекші етістік негізгі етістіктегі істің созылыңқылығын (айта берді, жаза берді), тепе-тездігін (отыра қалды,бере қойды), аяқталғандығын (айтып болды, жазып болды,) басатлуын (қызара бастады, ашулана бастады) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет