«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет21/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

6. Етіс категориясы. (дəреже). Етіс категориясы-сөз талаптарының ішінде етістіктерге тəн категория. Етіс категориясы қимыл, іск-əрекеттің объектіге немесе субъектіге бағытталғандығын білдіреді, субъектінің объектімен өз ара қарым-қатынасын айқындайды. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде етіс категориясының өздік етіс ырықсыз етіс (жер жыртылды), ортақ етіс (хат жазысты), өзгелік етіс (жаздыр, білдір, күттір, орғыз, шашғыз, сөйлет, шақырт) түрлері бар.


Бақылау сұрақтары:
Грамматикалық категорияның грамматикалық формамен, грамматикалық мағынамен байланысы қандай?
Сан-мөлшер категориясының сөз таптарына қатынас дəрежесі қандай?
Септік категориясының етістіктермен байланысы қандай?
Жақ категориясының етістіктермен байланысы қандай?
Шақ, рай, етіс категориялары қайсы сөз табына тəн?
Әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010
Дәріс 12


Тақырыбы. Сөз таптары және оның классификациясы.
Дәрістің мақсаты: Сөз таптары және оның классификациясын меңгерту
Жоспары:
1. Сөз таптары және оның классификациясы.
2.Қазақ тіліндегі сөз таптары

1.Сөз таптары және оның классификациясы


Сөз таптары. Тіл білімінде сөз таптары жəне олардың классификациясы туралы мəселе сөз таптарының жалпы теориясы тұрғысынан қаралады. Тіл білімінде ертеден бастап сөздерді негізгі немесе атауыш сөздер, көмекші сөздер жəне одағай сөздер деп əртүрлі топқа бөлу дағдысы бар. Атауыш сөздердің қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа белгінің жəне іс-əрекеттің атаулары жатады. Олардың əрқайсысында толық мағына бар жəне сөйлемде өздігінен дербес мүше ретінде қызмет атқарады. Атауыш сөздердің қатарына зат есім, сын есім, үстеу етістік жəне шартты түрде сан есімдер мен есімдіктер (местономия) жатқызылып жүр. Көмекші сөздерде атауыш сөздердегідей дербестік жоқ.


Лексикалық мағынаның əлсіреп күңгірттенуі жəне ондай мағынаның грамматикалық мағына мен ұласып кетуі, сөйлемде дербес мүше бола алмауын көмекші сөздерді сипаттайтын жəне оларды атауыш сөздерден ажырататын белгілер болып саналады.
Көмекші сөздердің қатарына əртүрлі тілдердегі артикльдер, предлогтар, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер енеді.
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында əртүрлі көз қарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикака тегориялары болып саналса, екіншілері бойынша сөз таптары сөздердің формалды грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
Сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөзден өзіне тəн белгілері, атап айтқанда, семантикалық морфологиялық синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табынан телінеді. Осындай көзқарас тілші ғалымдардан А.Шахматов, В.Виноградов, И.Бодуэн де Куртенэ жəне Л.Шербаның еңбектерінде көрінеді. Академик И. Мещаников те сөз таптарыныңмағыналары мен формаларының ұштасыуы деп қарайды. Ф.Фортунатов жəне оның мектебі сөз таптарын формалды грамматикалық дəлірек айтқанда морфологиялық категория деп қарады. Сөздерді бұлайша тек сыртқы белгілеріне қарай сөз таптарынақарай топтастыру тар шеңбердегі морфологизмге əкеп соқтырды. Бұндай көзқарас Л.Шербаның еңбектерінде орынды сынға алынды. О.П.Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз таптарының жалпы грамматикалық мағыналары заттылық (предметность), аттрибутивтілік, процессуалдық жəне т.б. мағыналарды негізге алады да, сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады.
Қорытып айтқанда, сөз таптары бір-бірінен жалпы категориялық мағынасы, морфологиялық жəне синтаксистік белгілері арқылы ажыратылады. Бұл белгілердің арасалмағы сөз таптарының барлығы да бірдей болмауы мүмкін.

2.Қазақ тіліндегі сөз таптары


Ана тілімізде сөз таптарының алғаш зерттелуі Ахмет Байтұрсынов еңбегімен байланысты екенін және қандай топтарға бөлгендігі туралы өткен жоғарыдағы лекцияларда айтқанбыз. Яғни ол былай бөлген еді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеуіш, демеуіш, жалғауыш,одағай (еліктеуіш, септеуіш).
Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, ең алдымен үш үлкен топқа бөлінеді. Олар – атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер. Атауыш сөздер өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан контекстен тыс та, контексте де қажетіне қарай қолданыла береді. Олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша түрленіп те, түрленбей де жұмсалады, өз алдына сөйлем мүшесі болады. Ол сөздерден қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша жаңа сөздер тудыруға болады.
Атауыш сөздерді ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне жақын белгілеріне қарай, іштей бірнеше топтарға бөлуге болады. Оларды есімдер және етістіктер деген екі салаға бөледі, ал есімдерде іштей бірдей емес. Мысалы: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер ішінара ұқсас болғанмен, үстеу мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жақын. Осыған орай, олардың алғашқы тобын атаушы есім деп, соңғы тобын, үстеуіш есім деп екіге бөледі. Ал етістіктер өз алдына бір топ. Атауыш сөздерді осылайша 3 топқа бөлу олардың категориялық семантикасына (қызметінің мағыналары) байланысты болады. Атаушы есімдер заттық ұғымдардың жеке ойша зат ретінде тұспалданатын түсініктердің аттарын білдірса, үстеуші есімдер әр қилы іс-әрекеттің белгілерін білдіреді, ал етістіктер амал-қимыл, іс-әрекеттің аттарын білдіреді.
Көмекші сөздер-мағыналық дербестігі жоқ, өз алдына дербес сөз ретінде қолданылмайды, тек контексте атаушы сөздермен селбесіп қана жұмсалады. Осыған сәйкес, сөйлемде өз алдына мүше бола алмайтын және жаңа сөздер жасалмайтын сөздер. Көмекші сөздерде іштей шылаулар, көмекші есімдер, көмекші етістіктер болып бөлінеді. Әрі қарай шылауларды атқаратын қызметіне орай жалғаулық, демеулік, септеулік шылаулар деп бөлсек, көмекші етістіктерді толымды, толымсыз көмекші етістіктер деп бөлеміз.
Одағай сөздер - тек адамның әр алуан көңіл-күйін, әр қилы райларын білдіру үшін қолданылатын сөздер. Олар өзге сөздермен ешқандай да грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді, өздері сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағай сөздер іштей тиісті топтарға бөлінеді, олардың саны аз.
Бұл аталған 3 топ бір-бірімен жіті байланысты. Себебі-бәрекелді, әттеген-ай, ойпырмай, мәссаған тәрізді одағайлармен бірге, шейін, туралы, сияқты, сондықтан, гөрі тәрізді көмекші сөздердің –түпкі төркіндері - атаушы сөздер. Сонда атаушы сөздер осы үш топтың ішіндегі ең көбі де, әрі ең негізгі ұйтқысы балып табылады. Сөйтіп, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың лексика-семантикалық және грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) ерекшеліктеріне байланысты екен.
Лексика-семантикалық жағы дегеніміз -заттың атын, заттың амал-ісін, заттың сапалық, сандық белгілерін, амал мен белгінің белгілерін білдіру болса, грамматикалық жағына бір сөздің жаңадан сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз байланыстыру, сөйлемдегі қызметі, сөз бен сөз тіркесу қабілеті енеді.
Бақылау сұрақтары:
Атаушы сөздер дегеніміз не?
Көмекші сөздердің ерекшелігі неде?

Негізгі әдебиеттер:



  1. Аханов К. Тіл білімнің негіздері. Алматы,- 1973ж

  2. Қазақ грамматикасы . Астана,- 2002 ж.

  3. Төлеуов О. Сөз таптары. Алматы,- 1982 ж.

  4. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы -1993ж.

  5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,- 1991 ж.

  6. Хасанов С., Әбдіғалиева Т. Кестелі грамматика. Алматы, -1996 ж.

Қосымша әдебиеттер:
1.Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан (мақала)/Қазақстан мектебі, 1985,№7
2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. АЛматы, - 1988ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет