Дәрісті қорытындылау:
1. Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер.
2. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп,жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған.
3. Қазақ тіліне моңғол тілінен кірген сөздердің дені әкімшілік,ел билеуге байланысты сөздер.
4. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба тілге тарамаған көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің сөздік қорына араб-парсы тілдерінен қандай сөздер кірген?
2.Моңғол тілінен қазақ тіліне негізінен қай салаға қатысты сөздер ауысқан?
3.Қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің сыр-сипаты мен игерілу дәредесі қандай ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
№8 дәріс тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.
1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісіне байланысты түрлері.
2.Жалпыхалықтық лексика. Диалектілік лексика.
3.Арнаулы лексика.Кәсіби терминология, кәсіби сөздер.
Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа , қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды.
Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: кәсіби терминология, кәсіби сөздер.
Кәсіби сөздер әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасатын сөздер. Кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік кәсіби сөздер.
Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады.
2. Сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді.
3. Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипатына байланысты түрлері қандай ?
2. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне қайсысы жатады ?
3. Жалпыхалықтық лексика, терминдік лексика дегеніміз не ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.
№ 9 Дәрістің тақырыбы: Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.
1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.
2. Тұрмыстық – қарапайым лексика.
3. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды - экспрессивті лексика.
4. Варваризмдер .Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика.
Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы: көпшілік, келісім, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі сөздер жатады. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазіргі кітаби лексика – сөйлеу тілінің тұрмыстық қарапайым, лексикасынан басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін ғылыми, ресми құжат стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Экспрессивті – эмоционалды лексика адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы .
Дәрісті қорытындылау:
1.Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады.
2. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.
3. Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлеріне қайсысы жатады?
2. Стильаралық лексика дегеніміз не?
3. Тұрмыстық – қарапайым лексикаға қайсысы жатады?
4. Варваризмдер дегеніміз не? Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика нені қарастырады? Экспресивті – эмоционалды лексика дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.89-98 б.б.
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
№ 10 Дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары.
2. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
3. Архаизм сөздер және тарихи сөздер.
Дамудың барысында тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген сөздердің шығып қалуы немесе өте сирек қолданылуы мүмкін. Сөздердің көнеру, қолданылудан шығып қалу үдерісінен гөрі туынды сөздердің жасалып, сөздік құрамға қосылып отыру үдерісі тілдің лексикасына өте-мөте тән үдеріс болып саналады. Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер. Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөз — архаизмдер деп аталады. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады. Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екі түрде кездеседі.
Дәрісті қорытындылау:
1. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады.
2. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. 3.Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттарына не жатады?
2.Көнерген сөздердің түрлері мен ерекшеліктері қандай?
3.Неологизмдер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.
3 модуль
Фразеология, оның зертту нысаны, мақсаты.
№ 11 Дәрістің тақырыбы: Фразеология және оның зерттеу нысаны, өзіндік белгілері, зерттелуі, түрлері.
1. Фразеологияның зерттеу нысаны, басты белгілері .
2. Фразеологиялық оралымдар және олардың түрлері.
3. Фразеологиялық оралымдардың құрылымы жағынан топтастырылуы.
Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымға тән, басты белгілер – оның даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.
Қазақ фразеологиясына қазақ тіл білімінде қосқан ғалымдар қатарында І.Кеңесбаев,Ә.Қайдаров, С.Сәтенова, Х.Қожахметова,Г.Смағұлова тәрізді ғалымдарды жатқызуға болады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Фразеологиялық оралымға тән, басты белгілер – оның даяр қалпында жұмсалу белгісі, мағына тұтастығы, тұрақтылық қасиеті.
2. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрақты тіркестерге тән басты белгілерге қайсысы жатады?
2. Фразеологизмдердің түрлері қандай?
3. Фразеологиялық оралымдар құрылымы тұрғысынан қалай бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І., Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі». Лексика, фонетика, А.,1975.
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы, А., 1988.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А., 1997.
4.ҚожахметоваХ.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.А. 1972.
№ 12 Дәрістің тақырыбы: Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы, фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары, шығу арналары.
1. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы.
2.Фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтары.
3. Фразеологизмдердің шығу арналары.
Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды.Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің жағдайы айтылып, сонымен сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, суық шаршатады, жылы жасытады. Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу.
Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де орныққан,бекем болады. Көп мағыналық( полисемия) пен омонимия құбылыстары әдетте жеке сөздердің төңірегінде көзге айқын байқалады. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады. Көп мағыналы фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық жиі кездеседі. Фразеологиялық тіркес аясындағы полисемияның өзін де бір текті құбылыс емес.Яғни белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық түрлі жолмен жасалатын сияқты.Оның бірі – жалғаса туатын мағына,екіншісі – жарыса туатын мағына.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Дәрісті қорытындылау:
1. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады.
2. Фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық, синонимдік, антонимдік, варианттылық құбылыстар жиі кездеседі.
3. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Бақылау сұрақтары:
1. Белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық қандай жолмен жасалады?
2. Фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық антонимдер дегеніміз не?
3. Фразеологиялық варианттар дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
№ 13 Дәрістің тақырыбы: Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.
1. Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.
2. Отандық терминтанудың негізінің калана бастауына ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі.
Терминтаудың қалыптасу, даму тарихы ХХ ғасырдан бастау алады.
Отандық терминтанудың негізінің калануына Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты. 20-жылдары Ахаң термин комиссиясының төрағасы бола жүріп, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді. 30-жылдардан бастап қазақ терминологиялық лексикасын қалыптастыру мен дамытудың жаңа кезеңі басталды. 30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды немесе терминтанудың теориялық, әдіснамалық, әдістемелік негізі жасалды, отандық терминтанудың ғылыми мектептері қалыптасты, ұлт тіліндегі термин шығармашылығы дамытылды деп айта алмаймыз.Алайда бірқатар практикалық жұмыстардың жүргізілгенін, терминологиялық сөздіктер жасалғанын айту керек.
Дәрісті қорытындылау:
1. Отандық терминтанудың негізінің калануына ғалым Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты.
2.30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды.
3. Ә.Қайдаров, К.Мұсаев, Ө.Айтбаев сынды тілші ғалымдар мен Ө.Айтбаев (1992), Ш.Құрманбайұлы (1999) терминология мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады.
Бақылау сұрақтары:
1. Отандық терминтанудың негізінің калана бастауына ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі қандай?
2. Қазақ терминологиясы дамуының кеңестік дәуірінде терминологиның дамуына Құдайберген Жұбанов қандай үлес қосты?
3. Терминтану саласында еңбек еткен зерттеулершілер кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 .Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
2.Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. -Алматы, 1993.
3.Құрманбайүлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезендік сипаты. - Астана, 2002.
4.Айтбайұлы Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А., 1988.
5 модуль
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу.
№ 14 Дәрістің тақырыбы: Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер.
1. Лексикография туралы түсінік.
2. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектер.
3.Сөздіктердің топтастырылуы.
Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектердің бірі – М.Малбақовтың «Қазақ лексикографиясының тарихы» атты зерттеуі. Қазақ лексикографиясының өткен дәуірдегі тарихын зерттеуге арналған тағы бір еңбек – Б.Атабайдың Л.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздерінің құрамы мен құрылымын қарастыратын жұмысы.
Дәрісті қорытындылау:
1. Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы.
2. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы.
3. Сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Лексикография нені зерттейді?
2. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектерге қайсысы жатады?
3. Сөздіктер қалай топтастырылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
4. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы., А.,1988
6 модуль
Этимологияның негізгі объектісі, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары.
№ 13 Дәрістің тақырыбы: Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
1.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
2.Этимологияның негізгі зерттеу объектісі
3. Халықтық және ғылыми этимологияұғымдары.
Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы. Сөз этимологиясы жайында қазақ тіл білімінде бұрын соңды айтылған пікірлер де жоқ емес. Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Н.Қарашева т.б. тәрізді тіл мамандары қазақ сөздерінің төркінін іздеудің ұстанымдарын, әдістерін сөз етумен қатар, кейбір жеке сөздердің этимологиясын да берді. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысының қарастыратын нысандары бар. Қазақ тіл білімінде 1966ж. шыққан «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі » жарық көрді.
Дәрісті қорытындылау:
1. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды.
2. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Этимология нені зерттейді?
2. Этимологияның қандай түрлері бар?
3. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі » қай жылы жарық көрді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
3 Тәжірибелік сабақтар
№1 тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, жіктелетін салалары, қалыптасу тарихы. Семасиологияның зерттеу нысаны.
Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.
Мақсаты: Студенттерге қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, жіктелетін салалары, қалыптасу тарихы туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының зерттеу объектісіне не жатады?
2. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының салалары қалай жіктеледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
№2 тақырыбы: Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.
Мақсаты: Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлеріне тоқталу. Әдістемелік нұсқаулар: Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына болып табылады. 1950ж. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:1) тура немесе номинативті мағына
2) фразеологиялық байлаулы мағына 3) синтаксистік шартты мағына.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы дегеніміз не?
2.Сөздің негізгі мағынасы дегеніміз не? Тұрақты мағынасы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
№3 тақырыбы: Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлері.
Мақсаты: Сөздің көп мағыналылығы, лексикалық омонимдер, синонимдер, антонимдер олардың пайда болу жолдары, түрлерін талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1.Омоним дегеніміз не, олардың пайда болу жолдары қандай?
2.Синонимдер дегеніміз не және олардың қандай жасалу жолдары бар?
3.Антонимдер дегеніміз не және антоним болатын сөз таптары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,1997.
2Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
№4 тақырыбы: Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.
Мақсаты: Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Табу, эвфемизм дегеніміз не?
2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары қандай? Кімдер зерттеген?
3. Дисфемизм дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ахметов Ә.Қ. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. –А.,1995.
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
№5 тақырыбы: Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері.
Мақсаты: Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?
2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?
3.Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы туралы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат, 1997
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
№6 тақырыбы: Сөздік құрамның тарихи арналары.
Достарыңызбен бөлісу: |