Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет12/50
Дата04.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#194883
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Біріккен сөздер
Сөзге тән бір қасиет – оның екінші бір сөздің пайда болуына ұйытқы болуы десек, біріккен сөздер бұл қасиеттен мүлде алшақ емес. Біріншіден, бұлар кейбір жұрнақтар арқылы туынды сөздің жасалуына негіз болады.М: ақсақалды, аққудай. Екіншіден, кейбір терминдік атаулардың құрылымын жасауға қатысады. Тасбақа, жеңіл өнеркәсіп. Осылар тәрізді қызыл қарақат, жасыл құрбақа тәрізді күрделі атаулардың пайда болуы да бұлардың бойында басқа сөздердің жасалуына негіз боларлық қасиеттің болуын дәлелдейді. Күрделі сөздердің басқа түрлері тәрізді біріккен сөздер де сөздердің еркін тіркесі тіркесі тәрізді сөйлеу я жазу процесі үстінде құрастылырмай, қалыпты сөздер тәрізді даяр күйінде, бұрыннан жасалып қалған қалпында қолданылады.
Біріккен сөздердің құрамы оны құрастырушы компоненттердің жай біріктірілуінен жасалады. Ондағы сөздердің дыбыс құрамы да, буын құрамын да ешқандай өзгеріс кірмейді, сол әуел бастағы қалпында қалады.
Біріккен сөздердің жиі қасиетін түріне итмұрын, бұзаубас, түйетабан тәрізді сөздер жатады.
Итмұрын затында өсімдіктің белгілі бір түріне берілген атау, сыртқы формасы иттің тұмсығына ұқсас, соған орайлас аталған. Ал негізінде оның итке де, мұрынға да еш қатысы жоқ.
Біріккен сөздердің екінші бір үлгісіне – қарабауыр, қарақұм, қарақұйрық тәрізді сөздер жатады.
Мәселен, қарабауыр – затында аңға берілген атау үсті қылаң, бауыр жүні қара басқа жеріненерекше бір көзге түсетін белгісі осы болғандықтан, соған орайлас аталған.
Біріккен сөздердің үшінші бір түріне – ақсақал, жарымжан, заржақ, арамтамақ, көнетоз, біржола, көкжелке тәрізді сөздер жатқызуға тиіс.
Бұлардың да компоненттері ешқандай дыбыстық өзгерістерге ұшырамаған, буын құрамын да толық сақтаған, білдіретін ұғымы мен беретін мағынасы да құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасынан басқаша болып қалыптасқан, бұл да бір ғана зат я құбылыстың атауы болады.
Біріккен сөздердің төртінші түріне – қарақұс, аққу, шашбау, баспасөз тәрізді сөздер жатпақ. Бұлардың да сыңарлары әуел бастағы түр – тұрпатын толық сақтаған, буын құрамы да берік, құрылымын бұзбай үнемі бірге жұмсалады, қаншама сөзден тұрмасын бір ұғымды білдіріп, бір ғана заттың атауы болады.
Тіліміздің сөздік құрамында біріккен сөздердің бұл аталғандардан өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін тағы бір тобы бар: а) еңбеккүн, қолжазба, бесжылдық; ә) автоаял, автоара, автоқалам; б) автоклуб, автобаза, агротехник. Бүтіндей алғанда бұлардың да компоненттері ешқандай да дыбыстық өзгеріске ұшырамаған, буын құрамын да сақтаған, тұтасымен бір зат, құбылыстың атауы болады.
Біріккен сөз түрлерінің мағына тұтастығы жағынан егеуқұйрық, бізтұмсық, асқазан тәрізді біріккен сөздердің мағына бірлігіне семантиканың түрліше заңдары негіз болған.
Құрқол, аққұла, албасты, қолқабыс, жалаңқабат, арамтамақ тәрізді біріккен сөздердің мағына бірлігіне келсек, оған идиомалану процесі ұйтқы болған. Құрқол деген бос, аққұла ала бөтен, басқа деген мағына білдіреді.
Аққу, қарақұс тәрізді біріккен сөздердің мағына тұтастығына келсек бұлар құрамындағы сөздердің мағына бірлігінен тұрады. Мәселен қудың түсі ақ та, қара да болады, біріқ соған қарамастан аққу деген бір жалпы атаумен аталады.
Шашбау – ол басында шашты бекітуге арналған затқа қойылған атау болғанда, кейін сәндікке қолданылатын затты білдіретін атауға айналып кеткен.
Біріккен сөздерді компоненттерінің тегі жағынан үш салаға бөлуге болады.
Бірінші түріне құрамындағы сыңарлары байырғы сөздерден болған ұлтабар, асқазан, шашбау тәрізділер, екінші түріне бүтіндей басқа тілден кіріп, қалыптасқан агротехника, автобаза, автоклуб тәрізділер, үшінші түріне байырғы сөзбен басқа тілден алынған сөздерден қалыптасып кеткен автоқалам, автоара тәрізділер жатады.
Біріккен сөздер компоненттерінің сөз табына қатысына келсек, бұлар да кіріккен сөздер тәрізді келу бір сөз табынан да, әртүрлі сөз табынан да болады.
  1. Компоненттері бір ғана сөз табынан болған түрін өз ішінде 3 түрге бөлуге болады.


а) екі компоненті де зат есімнен болған. Мысықұйрық, түйетабан, балажан, шашбау.


ә) кілең сын есімнен болған. Аққұла, алабөтен, кемтар.
б) етістіктен болған: алыпсатар.
2. Компоненттері түрлі сөз табынан болғандары да бірнешеге түрге бөлінеді:
а) сын есім мен зат есімнен болған. Көксерке, көкжиек, ақсақал,
бозбала.
ә) зат есім мен етістіктен болған қолтума, ұлтабар, қолжазба.
б) сан есім мен зат есімнен болған екібастан, бірсыдырғы,
жетіқарақшы.
в) сан есім мен етістіктен болған. Біржолата, бірқыдыру.
г) сын есім мен етістіктен болған – көнетоз.
Құрамындағы сөздердің түрліше болуына қарамастан, сөз категорияларына қатысты жағынан келгенде бұлар сол тұтасқан күйінде бір ғана сөз табы болады. М: Жарақат, алыпсатар – зат есім, көнетоз, қарапайым – сын есім, біржолата – үстеу.
Біріккен сөздер бес-аяғы бүтін бір тұлға болатындықтан, сөйлем ішінде де ажырамай сол тұтасқан қалпында бір ғана мүше болады.
Біріккен сөз түрлерінің құрылымы берік – бекем. Ол сыртқы түр – тұрпаты ғана емес, білдіретін ұғымымен беретін мағына жағынан да құрастырушы компоненттерге жай ғана бөле салуға келмейді.
Компоненттері әбден орнығып, бірі – бірімен қалыптасып, қалған, демек бір бүтін тұлға ретінде қолданылады. Біріншіден, компоненттерін жекелей, сол қалыптасып, орнығып қалған даяр күйінде қолдануға болуы, екіншіден лексика – семантикалық, лексика – грамматикалық мағынасы жағынан да іштей ажыратып қарауға келмеуі, үшіншіден сол тұтас күйінде бір мүшенің қызметін атқаруы, төртіншіден аккцентуациялық екпінмен айтылады. Болады, күрделі яғни терминалогия қарауға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет