Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет42/50
Дата04.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#194883
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

1) барыс септігі: кешке, ертеңіне, әзірге, алғашқыда, күніге, жетісіне, қазірге. Мысалы, Кешке уәделі жерге бір сағат бұрын келдім (СЖүнісов).
жатыс септігі: капыда, баяғыда, ертеңінде, алғашқыда, ертеректе, қазірде, әлгінде, ақырында, бертінде, түбінде, әлгіде, жаңада, демде, күнде, түнде. Мысалы, Ертеңінде ол жұмысқа шықпады (газеттен). Әдепкіде ағамнан айбындым, айта алмай біраз жүрдім (Н.Серәлиев).
3) шығыс септігі: әуелден, ежелден, баяғыдан, бастан, көптен, ертеден, кішкентайынан, басынан, кенеттен. Мысалы, Ақан Райханды көптен көрген жоқ (З.Шашкин).
4) көмектес септік: күнімен, түнімен, ертемен. Мысалы, Күнімен жұмыста болдым (газеттен).
Мекен мәнді жұрнақтар
Мекен мәнді туынды түбір үстеулер төмендегі жұрнақтар арқылы жасалады:
-кары, -кері: ішкері, тыскары, сыртқары, шеткері: Мысалы, Қақпадан басып кірді ішкері қадам басып, Бір үйінен өтеді, бір үйге асып (Абай).
-рақ, -рек: жоғарырақ, төменірек, әрірек, берірек, кейінірек. Мысалы, Мұрат басқалардан артқарақ оқшау отыр (Б.Соқпақбаев). Әскерлердің бірі қалжыңдап тіл қатып еді, Айша бұрылып, әрірек кетті (Т.Ахтанов).
-ай: жолай. Мысалы, Мектепке бара жатып жолай дүкенге кірдім (Ә.Қалдыбаев).
-ын: жырын. Мысалы, Ел ішінен жырын кеткен шіріген жұмыртқа десті (А.Байтанаев).
Сонымен бірге көнерген жалғаулар да мекен мәнді үстеу жасайды:
1) барыс септік: алға, артқа, сыртқа, төменге т.б.
2) жатыс септік: ілгеріде, төменде, жоғарыда, алшақта, өріде, алда, артта, сыртта. Мысалы, Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп, батаның басында болды (С.Сейфуллин).
3) шығыс септік: шетінен, алдынан, артынан, сыртынан. Мысалы, Менен әзір сырыңды жасыра тұр, түбінде ең пайдалы кісің мен болам (С.Мұқанов). Шетінен өнерпаз жастар (газеттен).
4) көмектес септік: бермен, әрмен. Мысалы, Әрмен жүр, қырсығың тиеді (С.Мұқанов).
Сын-бейне мәнді жұрнақтар
Сын-бейне мәнді туынды үстеу жасайтын тілде біраз жұрнақтар бар. Олар төмендегідей:
-ша, -ше: балаша, адамша, әлдекімше, қалпынша, қазақша, әлімше, бұрынғыша т.б. Мысалы, Жастарды жаңаша тәрбиелеу керек (Ә.Нәрібаев). Батиханы өлерше ұрып тастапты (Ә.Тарази).
-дай, -дей, -лай, -лей: осылай, былай, солай, анадай, тікелей, бүгіндегідей, бұрынғысындай, ойдағыдай, кәдімгідей, мынадағыдай. Мысалы, Жүрек оты. Жүрек қызметі осылай болады (Ү.Бағаев). Мүғалімдік қызметіңді ойдағыдай атқардың (С.Омарбв).
-тіндеп: біртіндеп. Мысалы, Адамдар біртіндеп жинала бастады (С.Мұқанов).
-лықты: оншалықты, соншалықты. Мысалы, Соншалықты ренжігенің дұрыс емес (С.Мұқанов).
-лып: біреулеп, бірлеп, екілеп. Мысалы, Бірлеп, екілеп келіп жатыр (М.Әуезов).
-латып, -летіп: түнделетіп, күндіздетіп, борандатып, жауындатып. Мысалы, -Борандатып, түнделетіп келемін - деді ол, қабағы түйіліп (С.Мәуленов).
-ата, -лата, -лете: біржолата, жаяулата, түнделете, үймелете. Мысалы, Жаяулата соққан жел бойын жазып ызыңдайды (С. Мыңжасарова).
-ыртын, -іртін: астыртын, үстіртін. Мысалы, Олардың кейбір қазақ байларымен астыртын жақындасып жүргендері байқалды (С.Сейфуллин).
Көнерген жалғаулар да сын-бейне үстеулерін жасайды:
1) барыс септік: зорға, босқа, бірге, текке, бекерге, жатқа, әзерге. Мысалы, Осында зорға келдім (газеттен).
2) жатыс септік: қапыда (қапыда қалдым).
3)шығыс септік: етпетінен, шалқасынан, бірден, келтесінен. Мысалы, Ғабдолла етпетінен жатып, калың кітапты қақ жарып ашып, әндете оқыды (М.Дүйсенов).
4) көмектес септік: жайымен, женімен, шынымен, ретімен, қалпымен. Мысалы, Екеуі терезені жайымен аша бастады (М.Дүйсенов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет