Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет7/50
Дата04.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#194883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Бұрынғы мағыналарын сақтай отырып, мағыналарының кеңеюі. Мысалы: Айдар – 1. Адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шаш; 2. Құстың төбесіне өсетін үстеме шаш; қосымша мағына – газет-журналдарда «бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауы», теледидарда «Айдар» рубрикасы беріледі. Сол сияқты адам аты да кездеседі.


  1. Жіктелу, сұрыпталу арқылы сөз мағынасының кеңеюі. Мысалы: Қозғалыс – 1. Іс-әрекет, қимыл, жүріс-тұрыс. 2.Филос. Болмыстың өмір сүру тәсілі; өзгерісі, дамуы. 3. Ауыс. Жаппай наразылық; көтеріліс, ереуіл.


  2. Туынды түбір мағынасының кеңеюі. Мысалы: қатынас сөзі осы уақытқа дейін тек «жол қатынасы» ретінде қолданылып келсе, қазіргі тілімізде тілдік қатынас, қоғамдық қатынас, ілеуметтік қатынас, саяси қатынас сияөты тілдік бірліктер термин сөздер мен қоғамдық-саяси лексиканың қатарын толықтыруда.


  3. Сөз мағынасының бір жағынан тарылып, екінші жағынан кеңеюі. Мысалы: Құн – кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен берілетін төлемі, ал туынды мағынасы – саяси-экономикалық термин ретінде «тауарды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек пен материалдар шығынының жиынтығынан тұратын «қаржы», яғни тауар құны мағынасында қолданылады.


  4. Сөздердің тіркесуі арқылы мағынаның кеңеюі. Тіркес арқылы сөз мағынасының кеңеюін екі топқа бөлуге болады:

1. Байырғы сөздердің тіркесі.Мысалы: демалыс үйлері, балалар бақшасы, жарыс сөз, тұрғын үй, дене тәрбиесі сияқты тіркестер байырғы сөздердің ықпалымен жасалған.


2. Аралас тіркес. Мысалы: бас инженер, аға ғылыми қызметкер, техникамен жабдықтау сияқты тіркестер кірме сөздержің араласуымен жасалған.


Сөз мағынасының тарылуы – тарихи, әлеуметтік, қоғамдық жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы: тон – ертеректе жалпы киімнің атауын, тары – жалпы астық атауын білдірсе, қол – «әскер, жасақ», қарындас – «бір қарыннан шыққан, бірге туған» мағыналарын білдірген. Олай болса, ұғымның дәлелденіп жіктеуіне байланысты мағынаның дерексіздіктен нақтылыққа, жалпылықтан жалқылыққа ауысуын сөз мағынасының тарылуы дейміз деп анықтайды ғалым Б.Сағындықұлы.
Ғалым Р.Барлыбаев сөз мағынасының тарылуының бірнеше жолын көрсетеді:


  1. Сөз мағынасының дәстүрлі тілдік жолдармен тарылуы. Мысалы: Киік – «барлық жабайы аң» мағынасында қолданылып, қазір бұл сөздің мағынасы нақтыланып «айыр тұяқты, ешкі тұқымдас жабайы аң» деген мағынада жұмсалады. Осы сөздің негізінде туған киікоты «киік жейтін иісті шөп), кісікиік(жалғыз жүретін адам), киіктің асығындай(кішкентай да сүйкімді, пысық, ширақ), киіктің лағындай, киіктің мақтауындай деген сөздер қазіргі тілде қолданыста бар тілдік бірліктер.

Ғалым Б.Қалиев қарындас сөзінің жалпылықтан нақтылыққа қарай өту себебін былайша түсіндіреді: «Қарындас сөзінің әуелгі мағынасының өзгеруіне – тіліміздегі бауыр сөзі мағынасының өзгеруі түрткі болған сияқты. Олай дейтін себебіміз: бұрын ішкі ағзалардың ішіндегі – адам өміріне ең қажетті басты мүше ретінде – « адам мен жан-жануарлардың қан жасау,қан алмасу қызметін атқаратын мүшесі» мағынасында қолданылып келген бауыр сөзі кейіннен әркімнің жанына жақын, әрі ең жақын жанашыры – «бірге туған қандас,туыс адамы» деген мағынаны қосып алды да, бауыр сөзі осы мағынадағы қарындас сөзінің алғашқы мағынасын ығыстырып шығарған тәрізді. Қарындас сөзінің алғашқы мағынасы «бір қарыннан шыққан, бір туған» болса, екінші мағынасы «қыздың жасы үлкен ер ағайындарына туыстық қатынасы; үшінші мағынасы үлкен ер адамдардың жасы кіші әйел балаға айтатын қаратпа сөзі есебінде жұмсалады.




  1. Сөз мағынасының тарыла келе, көмекшіге айналуы.Қазақ тілінде алды, арты, асты, үсті, қасы, маңы, арасы, тұсы, іші, бойы сияқты көмекші есімдер бар. Бқлардың барлығы зерттеушілердік пікірлеріне қарағанда, ілгері заманда толық мағыналы сөздер болған. Мағыналары бірте-бірте тарылып, көмекші элементке айналған.


  2. Сөз мағынасының тарыла келе,шылауға айналуы. Тілімізде тағы, да, та, мен, болмаса, кейін, сайын, арқылы, туралы, соң, және, бірақ, өйткені, сөйткені, таман, сияқты шылау сөздер бар. Дербес мағыналы сөздердің шылауында тұрып қана, сол сөздердің грамматикалық мағынасын айқындай түседі.


  3. Мағынаның толық тарылуы нәтижесінде сөздің қосымшаға айналуы. Жұрнақтар мен жалғаулар тарихи жағынан алып қарағанда, еретерек заманда дербес мағыналы сөз болған.Кейбір қосымшалардың төркінін табу қиын, өйткені олардың алғашқы негізі туралы ешқандай із қалмаған. Дегенмен, - мен,(бен, -пен) көмектес септігінің бирлан шылауынан,-тын,(-тін) есімше жұрнағының тұрған етістігінен, -ша жұрнағының шақ сөзінен шыққанын түркологтар дәлелдеп көрсеткен.

2. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – сөздің көпмағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы сөзджің көпмағыналығы деп танылады. Сөздің көпмағыналығы –сөздік қордағы сөздерге тән.


Мысалы: қанат сөзі алғашқыда «құстар мен шыбын-шіркейдің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетінен, түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Адам бір затты көргенде оның сыртқы қасиеттерімен танысады. Сол қасиеттерімен сезім мүшелеріне әсер етіп өзінің ізін қалдырады. Адамның санасындағыбелгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсасып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың не сапасында я болмаса атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастық нәтижесінде адамдар ұқсас келген екі я бірнеше затты бір атаумен атайтын болған.


Қанат: 1. Балықтың жүзу мүшесі. 2. Арба-шананың үстін кеңейту үшін жасалған шарбақ ағаш(қанаты жоқ арбаға шөп аз сияды, қазір жүк көліктері де қолданады). 3. Киіз үй керегелерінің жеке көктелген әрбір бөлігі(сегіз қанат ақ орда). 4. Ұшақтың ұшып-қонуына қажетті негізгі бөлшегі. 5. Шепте тұрған әскердің немесе аяқдоп(футбол) ойыншыларының оң жақ және сол жақ бөлігі (оң қанат шабуыл жасады). 6. Ауыс. Таяныш, тірек(екі балам – екі қанатым ғой).

Жал: 1. Жылқының, құланның желкесіне қалың әрі ұзын болып өскен қыл;2. Ауыс. Жалдың астына біткен май(жегені жал мен жая);3. Тау салаларының үстіңгі жақ қыры(аты жалда жайылып жүр);4. Шөп шабылған кезде шабылмай қалған ұзынша жер(жал қалдырмай шап);5Жер жыртқанда жыртылмай қалған ұзынша жер(жыртқан жерінде жал қалып қойыпты); 6. Термин. Гидротехникалық құрылыстардың (су қоймасының қазаншұңқырын, электр станцияларын) топырақпен қоршап жасалатын үйінді. Сөздің негізгі мағынасының негізінде метонимия тәсілі арқылы ауыс мағына жасалған(2), ал қалған туындылар негізгі мағынаға ұқсату негізінде (метафора) жасалған қосымша мағыналар.

Әдебиеттер:


  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.


  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. –Алматы, 1988.


  3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.


  4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.


  5. СағындықұлыБ. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология.I бөлім. – Алматы. 2003.30 б.


  6. Қалиев Б. Жалқыбаева А.Сөз мағынасының негіздері. – Алматы.2002. 64 б.


  7. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. – Алматы. 1968. 38-64бб.



7 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет