Қазіргі қазақстандық жастардың өмір салты: құндылықтары, денсаулығы, білімі, ұмтылыстары



Дата11.10.2023
өлшемі10,22 Mb.
#184761
Байланысты:
Srs phil

Қазіргі қазақстандық жастардың өмір салты: құндылықтары, денсаулығы, білімі, ұмтылыстары

Дайындаған: Умербекова Ясмин

Уалихан Расул

Сакиева Алина

Қажебаева Айнур

ЭК 101


Торайғыров Университет

жоспар

Қазақстандық жастардың құндылықтары

Қазақстанда қазіргі уақытта бар халықтың 23 пайызын жастар құрайды. Жастар біз тұрып жатқан елдің болашағы. Әрбір жас адамның құндылығы әр түрлі екендігін атап айту керек. Алайда ең жиі кездесетін құндылықтар, олар:

  • Тұлғаның жеке ерекше қабілеттерін ашу;
  • Бақытты отбасы құру;
  • интеллектуалдық және адамгершілік әл-ауқатына әсер ететін заттарға көңіл аудару;
  • Өмірде қажет болатын білім алу;
  • Денсаулық;
  • адалдық, достық

Жастар денсаулығы

Физикалық және психикалық денсаулықтың негізі қалыптасқан кезде әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат маңызды, көпжылдық әдеттер мен белгілі бір өмір салтын ұстанудың негізі сол арқылы қаланады. Психологиялық денсаулық үшін эмоционалды, психологиялық және әлеуметтік қолдау, жасөспірімдер құрдастар тобында, үйде және мектепте өз проблемалары туралы ашық айта алатын орта маңызды. Сонымен қатар, мықты физикалық денсаулық маңызды: дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және дұрыс ұйқы. Маскүнемдіктің, зорлық-зомбылықтың, есірткінің алдын алуы бойынша оқыту жүргізу маңызды.

Жастар денсаулығы

  • Қазақстанда жүргізілген зерттеулер арқылы, әрбір 5-ші жас бала үлкен күйзеліске ие екені белгілі болды. Алайда, 2018 жылғы әлеуметтік сауалнама бойынша барлық жастар (90%) өмірге жоғары қанағаттанушылықты атап өтті, әрбір екінші жасөспірім өз денсаулығын өте жақсы деп бағалады. Жасөспірімдердің 25% - ы денсаулығына жиі шағым түскенін хабарлады. Күнделікті дене белсенділігінің ұсынылған деңгейі жасөспірімдердің 34% - ы арасында анықталды.

Жастар білімі

Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз.

Жастар білімі

Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

Жастар ұмтылыстары

  • Жастардың қоғамдық-саяси рөлі ауқымды реформалар кезінде күшейюі барлық халыққа тән. Себебі, жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары деңгейде болғандықтан қоғамдағы өзгерістерден шет қала алмайды. Жалпы қоғамның дамуы, болшағына деген сенімді көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы жастар және жастардың әлеуметтік-мәдени ұғымдық болмысымен тікелей байланысты. Осы орайда шығыс елдері аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсе, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропалық елдер жастарға көп үміт артады . Сондықтан жастардың санасындағы «құндылық» ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болашағын айқындайтын факторлардың қатарына жатады. 

Жастар ұмтылыстары

  • Жас ұрпақ өзгермелі қоғам жағдайында қалыптасты. Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қатынастардағы түбегейлі өзгерістер ұрпақтардың әлеуметтік-мәдени сабақтастығында айтарлықтай өзгерістерге әкелді. Жастар мен ересектер арасында өмірдің әртүрлі салаларының маңыздылығына қатысты айтарлықтай айырмашылықтар бар. Жастар үшін бос уақыт, жұмыс, қарым-қатынас маңызды. Ересектер үшін-қала, тіршілік ету ортасы, ел, қоғам. Жастардың көпшілігі жалпы өмірге және оның жеке аспектілеріне қанағаттанады. Жастар қоғамға, елге, еңбекке көңілі толмайтынын сезеді.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет