Қазіргі білім беру технологиялары
1 Педагогикалық технология туралы түсінік
2 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
3 Педагогикалық технологияларға қысқаша сипаттама
4 Педагогикалық технологияны енгізу проблемалары
1 Педагогикалық технология туралы түсінік
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар
қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім»)
педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру,
жобалауға сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар
сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену,
тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар,
бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология және т.б.
Алғашқы
педагогтар
«педагогикалық
технология»,
«оқу-оқыту
технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән-
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты
орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан
«педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы»
ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық
технология педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлық көрінісінде
белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік
жасайтын үрдістер мен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде
қарастырылады.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды,
идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру,
бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін
басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В.Данилов,В.К.Дьяченко және т.б.) екіншісі – тәжірибемен
жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі
идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңа емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де
дәріптеген. Ұлы педагог 17
ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни
«технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін
жолдарын іздестіріп бақты.
Я.А.Коменский
еңбектеріне үңіле түссек,