«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет35/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
Development trends of modern education 
70 
немесе өкілетті аудитор ретінде әрекет ететінін білдіретін сөздер пайдалануға 
құқығы жоқ («Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 23 бабының 5 тармағы). 
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзінің атауында «ұлттық», 
«орталық», «бюджеттік», «республикалық» деген сөздерді пайдалануға тыйым 
салынады – «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 23 бабының 5 тармағының 
талабы осындай. 
1998 жылғы 2 наурыздағы Заңымен Азаматтық Кодекстің 38 бабының 1 
тармағы жаңа редакциясында баяндалған. Бұрынғы редакция фирмалық 
атауының әлдебір ерекше мәртебесі жөніндегі жорамалға әкелген еді. Мұндай 
ойлар әдебиетте орын алған. Осы орайда Ю.Г. Басин білдірген көзқарас аса 
түсінікті болды: коммерциялық тұлғалардың фирмалық атауы деп аталады. 
Бірақ 1997 жылғы маусымдағы ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 
қабылдануына орай мұндай ыңғай да қайта қаралуға тиіс еді. Мәселен, осы 
Заңының 26 бабына сәйкес жеке кәсіпкер өзінің ісіне және\немесе оның 
бөлігіне фирмалық атау беруге құқылы. Фирмалық атау іске және\немесе оның 
бөлігіне оның жеке даралануы мақсатында беріледі және кәсіпкердің атының 
(аттарының) белгіленуімен істің және\немесе оның бөлігінің жеке кәсіпкерге 
тиістілігінен тұруы тиіс.
Сөйтіп, фирмалық атау – тек коммерциялық заңды тұлғаларға ғана тән 
емес феномен. 
Салыстыру үшін грузиялық заң шығарушысы 1994 жылғы 8 қазандағы 
Грузия Республикасының «Кәсіпкерлер туралы» Заңының 6 бабының 6.1 
тармағында «фирмалық атау, яғни фирма – бұл оның атынан кәсіпорын жұмыс 
жасайтын атау» екенінін белгілеп бұл мәселеге кең түрінде келді. 
Фирмалық атауының міндетті тіркелуі туралы норманың бағалауына да 
аса мұқият қараған жөн. Қызмет жасаған (қазірде қызмет жасайтын) заңнама 
оның тіркелуіне қаңдай да бір ерекше талаптардан тұрған жоқ, сондықтан 
заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркеумен бір уақытта оның 
фирмалық атауы да тіркелген еді. Фирмалық атауының қандай да бір «ерекше» 
тіркелуі қажет болған жоқ. 
38 бабының 2 тармағының 1 бөлімінің жаңа редакциясының да, біздің 
пікірімізше, кемшілік тұстары бар. Енді АК заңды тұлғаның тіркелуге дейін 
және оның тіркелгеннен кейін оның атауы арасында айырмашылықты 
көрсеткендей. Бұл мүлдем дұрыс емес. Ұйымның қандай да бір атауы жөнінде 
оның мемлекеттік тіркелуіне дейін сөз етуге болмайды: заңды тұлғаның өзі жоқ 
болғандықтан, ол да жоқ болады. 
Фирмалық атау АК-тің 125 бабының 1 тармағымен заңды тұлғаның 
зияткерлік меншігі, яғни азаматтық құқықтың дербес объектісі болып танылған. 
АК-тің 38 бабы жалпы түрінде заңды тұлғаның өзінің фирмалық атауына 
пайдаланудағы ерекше құқығын қорғауды анықтайды. 
Сонымен бірге, АК-тің 125 бабының 2 тармағы үшінші тұлғалардың 
заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалануы мүмкіндігін жоққа 
шығармайды. Оның қажетті шарты – құқық иеленушінің, яғни атауы 
пайдаланылатын заңды тұлғаның келісімі. Бұл мәселе тиісті ыңғай ҚР АК-тің 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
71 
(Ерекше бөлім) де бар, оның 1023 бабы заңды тұлғаның қайта құрылуы мен 
жалпы кәсіпорынның иеліктен айрылған жағдайлардан басқа, құқықтан 
айыруды және құқықтың фирмалық атауға өтуіне жол берілмейді. Фирмалық 
атауының құқық иеленушісі басқа тұлғаға өзінің атауын шартта келісілген 
тәсілдермен пайдалануға рұқсат ете алады (лицензия беру). Сонымен бірге 
лицензиялық шартта тұтынушыны теріс бағытқа салуды жоққа шығаратын 
шаралар қарастырылуға тиіс. 
Өкінішке орай, келтірілген норма бірнеше ескертулер туғызады. Мәселен, 
«лицензия беру» сөзінің жақша ішінде болуы заң шығарушының сонысымен 
оны «шартпен келісілген тәсілмен пайдалануға рұқсат ету» деген сөз тіркесінің 
мағынасы жағынан ұқсастыратын әсер қалыптастырады. Қалыптасқан дәстүр 
бойынша лицензия беру деп құқық тілінде өкілетті мемлекеттік органның 
әкімшілік құқық шеңберінде жүзеге асырылатын іс-әрекет түсіндіріледі. Егер де 
«лицензия беруді» одан кеңірек, яғни жалпы рұқсат беру деп түсіндіретін заң 
шығарушының қисынына негізделсек, онда мүлікті жалдау (аренда) келісімін 
де ақылы пайдалану немесе затты иелену және пайдалану құқығына лицензия 
беруді қарастыратын шарт ретінде түсінген жөн. Мұндай ынғайдың 
шарттардың жекелеген түрлері туралы азаматтық-құқықтық нормаларды 
негізсіз шексіз бірдейлендіруге әкелетіні түсінікті. 
Шынында, бөгде атауды өз қызметінде заңды пайдаланудың нарықтық 
экономикасы дамыған елдерде жиі кездесетін құбылыс. Құқық иеленушіде 
болатын фирмалық атауды қараса, өзге тұлғаға кәсіпкерлік қызметте ерекше 
құқықтың жиынтығын пайдалануға құқық беру қазақстандық заңнамада белгілі 
кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) шеңберінде жүреді. 
Мәселен, АК-тің 896 бабының 1 тармағында (Ерекше бөлім) сәйкес, кешенді 
кәсіпкерлік лицензия бойынша бір жақ (лицензиар) екінші жаққа (кешенді 
лицензиатқа) сыйақы үшін атап айтқанда, лицензиардың фирмалық атауын 
және 
қорғалатын 
коммерциялық 
ақпаратты, сондай-ақ лицензиаттың 
кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартпен қарастырылған ерекше 
құқықтардың өзге де объектілерін (тауарлық белгіні, қызмет көрсету белгісін
патентті, т.с.с) пайдалану құқығынан тұратын ерекше құқықтар жиынтығын 
(лицензиялық жиынтық) беруге міндет алады. 
АК-те қорғаудың түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ заңды тұлғаның 
фирмалық атауына ерекше құқығының бұзылуы кезінде туындайтын өзге де 
мәселелерді нақтылау жоқ. Сондықтан тиісті жағдай туындаған кезде 
азаматтық құқықтарды қорғау туралы АК-тің жалпы ережелерін (9 бап), сол 
сияқты 38 бабының 3 тармағын басшылыққа алған жөн. 
Заңды тұлғаның фирмалық атауына ерекше құқығын қорғаумен 
байланысты ережелер өзге де заңнамалық актілерде бар. Егеменді 
Қазақстанның осындай актілердің алғашқылардың бірі 1991 жылғы 11 
маусымдағы Қазақ КСР-нің «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық 
қызметті шектеу туралы» Заңы болып табылады. Оның 9 бабы әділетсіз 
бәсекелестікке, соның ішінде бөгде фирмалық атауды басқа бір шаруашылық 
субъектінің өз бетімен пайдалануға тыйым салады. Келесі бір акт – 1998 жылғы 


Development trends of modern education 
72 
9 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Әділетсіз бәсекелестік туралы» 
Заңы. Осы Заңның 5 бабына сәйкес әділетсіз бәсекелестік ретінде соның ішінде: 
– тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өндірушісі 
немесе сатушысына қатысты теріс бағытқа салуы мүмкін немесе соған әкелетін 
фирмалық атауын заңсыз пайдалану; 
– тұтынушыны тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің өндірушісі 
немесе сатушысына қатысты теріс бағытқа әкелуі мүмкін бәсекелестің 
фирмалық атауын тікелей қайта құру жолымен оның құжаттарын көшіру; 
– бәсекелестің жеке басы беделін түсіретін өндірушінің сатушы туралы 
көрінеу жалған мәліметтерді тарату және т.б. 
Қайталап өтейік, заң шығарушы заңды тұлғаның атауы ерекше тіркеуді 
қарастырмайтындықтан оның пайдалану жөніндегі құқығы туралы даулы 
жағдайлар туындаған кезде үйлестік бойынша «Жеке кәсіпкерлік туралы» 
Заңының тиісті нормасын қолдану мүмкін болып көрінеді. Осы Заңға сәйкес 
фирмалық атауға құқық туралы дау туған кезде оны пайдалануды бұрын 
бастаған кәсіпкер тиесілі болады. Ал заңды тұлғаның тіркелуі және оның 
атауының тіркелуі бір уақытта жүретіндіктен фирмалық атауға құқық жөніндегі 
дау туған кезде осы атаумен бұрынғы тіркелген заңды тұлға басымдылыққа ие 
болады. 
Ең соңында фирмалық атауға құқық әкімшілік құқық бұзушылықтар 
туралы Заңымен де қорғалатынын атай кетейік. Мәселен, Заңның 145 бабына 
сәйкес бөгде фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер ол үлкен шығын 
келтірмесе, заңды тұлғаларға 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде 
айыппұлға әкеледі.
Қорыта келе мынандай тұжырым жасаймыз: заңды тұлғалардың 
құқықтық жағдайын зерттеуді теориялық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі 
негізделді; заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын зерттеу себептері 
анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет