Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
73
ҒТАМР 10.59.91
ІШКІ КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСІ: ЗАҢ МЕН БАҒДАРЛАМА
И.К. Амерханова
Аға оқытушы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Нұр-Сұлтан қ.
Мақалада
Қазақстан
Республикасыныңдағы
көші
қон
үдерісі
қарастырылып, еліміздегі қолданыстағы заңдар мен бағдарламалардың
орындалу тәртібі көрсетілген. Сондай-ақ, мақалада көші-қонды құқықтық
реттеудің негізгі аспектілері және Оңтүстік өңірден солтүстік өңірге, яғни
жұмыс күші артық өңірден жұмыс күші тапшы өңірге көшу барысындағы өзекті
мәселелері қарастырылады. Көші-қон саясатына қатысты тұжырымдамалардың
мазмұны көрсетіле отырып, орындалу жұмыстарының негіздері сараланды.
Түйін сөздер:
көші-қон, демография, көші-қон қызметі,
қоныс
аударушылар,
құқықтық реттеу, мигранттар.
Көші-қон мемлекеттік маңызы бар күрделі мәселе. Біздің елімізде 2013
жылдан бастап жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасы жүзеге асып жатыр,
оның аясында оңтүстіктен солтүстік облыстарға қоныстандыру және еңбек
бағдарламасы бар.
13 мамыр 2020 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының
кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына қол қойды.
Еңбек бағдарламасы 2017-2021 жылдар аралығында жұмысын атқарып
жатыр, аталмыш бағдарламаның үшінші бағытында оңтүстік өңірлерден
солтүстік өңірлерге қоныстандыру, яғни жұмыс күші
артық өңірлерден жұмыс
күші тапшы өңірлерге көшіру үрдісі жүргізіліп жатыр. 2017 жылдан бастап
25000 адам көшірілді, негізгі еңбек бағдарламасы болғандықтан ең бірінші
жұмысқа орналасу тенденциясы қалыптасқан. Заңның негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға
арналған тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын орындау үшін көші-қон заңнамасын жетілдіру болып табылады. Енді
этникалық репатрианттардың тұрақты тұруға және Қазақстан азаматтығын
алуға рұқсат алуға құжаттарды бір мезгілде беру құқығы заңды түрде бекітілді.
Бұдан басқа, қоныс
аударушыларды орналастыру, жұмысқа орналастыру және
бейімдеу бойынша әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну мақсатында
Қандастарға ғана емес, қоныс аударушыларға да бейімдеу және ықпалдастыру
қызметтерін көрсету орталықтарының функциялары кеңейтілетін болады.
Development trends of modern education
74
Заңның міндеттері тарихи отанына көшіп келетін этникалық қазақтар үшін
қолайлы
жағдайлар
жасау,
ел
экономикасының
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағдарланған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін
құру, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, көші-қон процестерін
реттеу саласындағы құқықтық базаны кеңейту бөлігінде көші-қон заңнамасын
жетілдіру жөніндегі қажеттілік болып табылады.
Осыған байланысты С. Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық
университетінің қауымдастық профессоры Қ. Бодауханұлы былай дейді, –
«алғашында бұл бағдарламаның негізгі мақсаты жергілікті аймақтардағы
халықты жұмыспен қамту болатын. Ал көшіріп әкелу – бұл жеке әрі ауқымды
проблема, яғни бұл көшіру бағдарламысын еңбекпен қамту бағдарламасының
ішіне кіргізіп жібергендіктен, ол жеке бағдарлама ретінде іске аспай жатыр.
Оңтүстіктен солтүстікке көшіру үрдісі бір науқаншылықпен жүргізіліп кетті».
Яғни, аталмыш екі бағдарлама біріктіріліп жіберіп, көші-қон мәселесін шешу
үшін емес, жұмыспен қамту бағдарламасы ретінде жүзеге асқан.
Бұл бағдарламаның шығу
себептеріне тоқталып өтсек, нәтижелі
жұмыспен қамту бағдарламасы жергілікті халықты жұмыспен қамту болса,
екінші бағыты кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Сонымен қатар 2000
жылдың басынан басталған демографиялық проблема, яғни солтүстік
өңірлердегі халықтың санының күр төмендеуі, қаншама елді мекендердің бос
қалуы белгілі бір дәрежеде бағдарлама қабылдауға итермеледі десекте болады.
Осы кезеңде нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау
бағдарламасы ретінде бір бөлімін еңгізіп жіберді. Бұл бағдарлама арқылы
халықты
көшіруге, орналастыруға мүмкін емес, екеуінің бағыты екі түрлі.
Негізгі бағдарлама жергілікті халықты жұмыспен қамту болса, көшіріп әкелу,
оларды сол ортаға бейімдеу, әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу
арқылы ғана осы бағдарламаға кіргізу керек болған. Осы бағдарлама көшіп
келушілердің нақты көңілінен шыққан жоқ. Жұмыспен қамту бағдарламасы
бойынша 59000 халық көшіп келу керек болған, бірақ небәрі 25800
адам ғана
көшіп келген. Екіншіден, бұл бағдарлама солтүстік өңірлердегі демографиялық
мәселесін шешу керек болған, бірақ әлі күнге дейін дисбаланс сақталуда, көшіп
келушілерден, көшіп кетушілердің артық болуы. Яғни бәрімізге белгілі жағдай,
солтүстік өңірлерде бала-бақшалар мен мектептердің босап тұруы, оңтүстік
өңірлерде керісінше сыймай жатыр.
Осыған байланысты зерттеу жұмысын жүргізу аясында солтүстік
өңірлерге барып, көшіп келген халықпен жүздесу кезінде олардың
жағдайларымен толығырақ таныстық. Сауалнама мемлекет тарапынан
қаржыландырылған ғылыми жоба «Оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс
аудару мәселелерін зерттеу және солтүстік өңірлерге оңтүстіктен қоныс аудару
үдерісін реттеуге ұсыныстар әзірлеу (Ақмола және Солтүстік Қазақстан
облыстарының деректері негізінде) мемлекеттік тіркеу №АР 05136098 аясында
жүргізілді. Мемлекет тарапынан қаржы жақсы бөлінгендігін, бағдарлама
жоспар бойынша дұрыс жүзеге асса жақсы болар деген сенімдерін айтты. Бірақ,
жергілікті органдардың атқаратын жұмыстары мардымсыз, бағдарлама аясында