Development trends of modern education
54
ойындарына деген қызығушылығының артуымен анықталады. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасында елдегі бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл
бөледі, сондықтан, осы саладағы зерттеулер мемлекеттік саясаттың осы
бағытын интеллектуалды дамытуға өз үлесін қосады деген ойдамыз.
Тарихшылардың,
этнографтардың,
мәдениеттанушылардың
және
дене
шынықтыру саласындағы мамандардың зерттеулері көрсеткендей, елімізде
өзіндік ұлттық спорт түрлеріміз мен дәстүрлі мерекелеріміз бар, олар сұлулық
пен динамикасы тұрғысынан шет елдерден еш кем түспейді және халқымыздың
еркіне, рухына және психологиясына толық жауап береді деп айта аламыз.
Соңғы жылдары жас ұрпақтың дене тәрбиесі проблемасымен
айналысатын ғалымдар халықтық ойындар мен дене жаттығуларының төл
ерекшеліктеріне барған сайын айырықша қызығушылық танытуда. Шамасы,
бұл өзгеше жағдайларда (дала жер бедері, климаты, географиялық
ерекшеліктері) дене қызметінің кез келген түрінің жеткілікті түрде тиімді
болмауына байланысты шығар. Оның үстіне, спорттың көптеген классикалық
түрлері (жүзу, шаңғы, коньки және басқалары) жергілікті орындарда тиісті
спорт алаңдары мен басқа да қымбат тұратын құрылыстардың болмауынан,
оларды салудың жер бедеріне немесе елді мекемендердің шашыраңқы
болуынан қиынға түсуіне байланысты кеңінен қолдану таппай отыр. Демек,
халықтың қимыл ойындары жас ұрпақта қажетті дене сапалары мен
дағдыларын дамытуға өзгертуге болмайтын құрал болып табылады. Сондықтан,
педагогикалық жоғары оқу орындары жағдайында осы ойын қызметін
ұйымдастыруға дене тәрбиесінің болашақ мұғалімдерін мақсатты даярлау осы
проблеманы шешудегі жүйелі көзқарасты қажет етеді. Мұндай мәселенің
қойылуы әбден заңды. Өйткені, бұл қызметке мұғалімнің қандай дәрежеде
даярланғандығына оқу процесінің табысты болуы қатысты. Осыған байланысты
жоғарыда аталған жағдайларда ескере отырып, оқу процесіне ғылыми көзқарас
қажеттілігі туындайды. Бұл, ең алдымен, қазіргі жастар дамып жетіліп
отыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен айқындалады. Қимыл-қозғалыс
ойындарының маңызы туралы теориялық та, сондай-ақ, әдістемелік сипатта да
отандық әдебиеттер бар. Алайда, осы саладағы тарихи зерттеулер, әсіресе,
еліміздің ұлттық дене тәрбиесінің тарихы туралы зерттеу жұмыстары көп
еместігін мойындауымыз қажет.
Қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының жас ұрпаққа дене тәрбиесін
берудегі маңызы туралы А. Гумбольд, А. Якушевич, Т. Аткинсон, М. Тәнекеев,
Б.Т. Төтенаев, А.Б. Бүркітбаев, Е.С. Сағындықов сынды ғалымдардың
еңбектерінде жазылғаны да белгілі. Дене тәрбиесі және спорт тарихы
саласында Қазақстан дене тәрбиесі және спорт тарихы, көбінесе, ХІХ-ХХ
ғасырлардағы тарихи мәселелерді ғана қарастырады. Ежелгі Ұлы Дала
территориясындағы дене тәрбиесінің ерекшеліктері мен алғышарттары жайлы
еңбектер мардымсыз болып отыр. Көптеген еңбектер орыс тілінен немесе басқа
тілдерден қазақшаға аударылып келеді. Бұл да баса назар аударарлық мәселенің
бірі болып отыр.
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
55
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде
дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев,
Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев және т.б. есімдерін атауға болады.
Әсіресе М. Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген
деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен
дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық
педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М. Тәнекеевтің
авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные виды
спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың
«Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының
қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық
ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне
сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен
Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің
дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі
даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық
әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым
зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің
өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді.
М. Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас
тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз
құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады.
М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық
еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен
қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық
ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше
топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп,
ойын зерделеген.
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен
ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа
керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді.
Е. Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық
ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми
еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын
жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие
жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына
педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі
негізделеді. Ә. Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық
ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері
мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын
орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі
қарастырылса, М. Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері»
(Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға
|