Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
59
ҒТАМР 10.59.43
АРАЛ ТЕҢІЗІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ
ҚОРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ж. Бектаева
Магистрант, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті, Алматы қ.
Экологиялық проблема – адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың
адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген
құбылыс. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып
отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның
ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи
қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда,
ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да,
айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын
алып отыр. Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне
және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген
индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан
асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда
бүкіл адамзат алдына кұрделі талап қойып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: