«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет31/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
61 
жылдарда орташа норма жыл сайын 50-60 см-ге төмендеп отырды, ал 1980-
жылдарға қарай теңіз деңгейі төмендей берді: жылына 80-90 см-ге төмендеді. 
Өңірдегі суармалы көп дақылды егіс алқаптарын дамыту нәтижесінде 
жердің сапасы нашарлай бастады, қайтарымсыз суды тұтыну көлемі артты, 
жаңбыры аз қуаңшылық жылдар көп болды, 80-жылдардың басында Арал 
теңізіне Амудария мен Сырдария өзендері суларының құйылуы мүлдем 
тоқталды. 
1990 жылдарға қарай оның ауданы 36,5 мың шаршы км құрады (соның 
ішінде Үлкен теңіз 33,5 мың шаршы км құрады). 1995 жылдарға қарай теңіз 
тіпті су көлемінің төрттен үш бөлігін жоғалтты, ал үстіңгі бетінің ауданы 
жартысынан астамы қысқарды. 
2004 жылдарға қарай теңіз өзінің бастапқы үстіңгі беттік ауданынан 25 % 
ға дейін қысқарды, бес есеге дейін артқан тұздану сол теңізге тән өсімдіктер 
мен жануарлар дүниесін құртып жіберді. Қазіргі кезде теңіз түбінің 33 мың 
шаршы километрден астамы құрғап кетті. Жағалау сызығы 100-150 километрге 
дейін шегініп кетті. Судың тұздығы 2,5 есеге дейін ұлғайды. Ал теңіздің өзі екі 
бөлікке бөлінді – Үлкен Арал және Шағын Арал. Осылайша Арал кеуіп бара 
жатыр. 
Арал теңізінің кеуіп қалуы үлкен масштабта қоршаған ортаның қыста 
жылы болуына және жазда салқын болуына әкеліп соғуда, қуаңшылық пен 
құрғақшылық артуда, климаттың континенттілігі шиеленісуде. Тұзды құм шаң 
теңіз аймағындағы 15 мың га дейінгі жайылым жерді жыл сайын жұтып алуда. 
Осы жерде мекендеуші сүт қоректі жануарлар мен құстар түрлері 50 %-ға 
дейін азайып кеткен. 
Осылайша, Арал маңындағы Арал теңізінің құрғап кетуіне байланысты 
ғаламдық сипатта халықтың денсаулығына және шаруашылықты жүргізу үшін 
зардаптардың шығу тегі мен деңгейі бойынша қалыптасқан экологиялық 
проблемалардың күрделі кешені пайда болды. 
Қазіргі күні Арал маңындағы барлық аймақта тым күрделі экологиялық 
жағдай қалыптасты (Арал маңындағы аудан 47,2 мың ш.км. құрайды). Бұл 
жерде су және жер ресурстарының сапасы жойылған, экожүйенің құрамы мен 
төзімділігі бұзылған, қоршаған ортаның экологиялық құндылығы азайған, оның 
өнімділігі жоғары қасиеттері жойылған, қоршаған ортаның улануы күрт артқан, 
осыған 
байланысты 
ортаның 
медициналық-гигиеналық 
тұрақтылығы 
жойылған. Рыбацкий, Мойнақ, Әжібай, Жалтырбас, Бозкөл, Алтынкөл және 
Каратма шығанақтары жоғалып кеткен. 
Жылына 300 күнге жуық өңірде құмды тұз дауылы соғады. Кеуіп қалған 
теңіз түбінен атмосфераға 75 млн. тонна құм мен шаң көтеріледі, ал Арал 
маңындағы 1 га ауыл шаруашылығы жеріне 520 кг тұз түседі, ал бұл егілетін 
дақылдарға орасан зор шығын әкеледі. Аралқұм шөлі егістік жердің 2 млн. 
гектарын жұтып алды, жайылымдық жерлердің, орман алқаптарының, басқа да 
өсімдіктер дүниесінің құлдырауына әкелді. Теңіздің кеуіп қалуы жалғасып 
жатыр, ал бұл дегеніміз теңіз суының түбінен әлі де тұзды топырақ грунттар 
босайды дегенді білдіреді, сол кезде Арал маңындағы ауа әлі де улы тұз бен 


Development trends of modern education 
62 
шаңға батады. Егер атмосфералық шаң негізінен ылғалды жерлерде шөгіп 
жинақталуы мүмкін дегенін ескерсек, онда бұл процестен таулар да сырт қала 
алмайды, себебі орта азиялық өзендер мен сулардың бастауы сол таулардан 
алынады. Арал тұзы мен шаңы ауаға тым биікке көтеріле отырып, бұлттармен 
араласып кетеді, үлкен ара қашықтыққа дейін ұшады, тұзды шөгінділер ретінде 
шөгеді. 
Арал катастрофасының зардаптары өңір аумағынан да шығып кетті. 
Теңіздің кеуіп бара жатқан акваториясынан жыл сайын жанартау 
атқылаған сияқты 100 мың тонна тұз бен әр түрлі химикаттары мен улы 
қоспалары бар ұсақ ұнтақты шаң ұшады, ұшқан тұз бен шаң дауылы барлық 
тіршілікке келеңсіз әсерін тигізуде. Арал батыстан шығысқа қарай күшті 
ағынды ауа ағысының жолында орналасқан, сондықтан атмосфераның жоғарғы 
қабатына аэрозольдардың шығуына мүмкіндік береді, ластану әсері тым қатты 
күшейеді. 
Тұз ағындарының іздері барлық Еуропа бойынша, тіпті Солтүстік Мұзды 
мұхитқа дейін ұшады. 
Аралдың таяздау және соған шектес жатқан өңірлердің шөл далаға 
айналуын талдау 2010-2015 жылдарға қарай теңіздің толықтай жойылып кетуі 
мүмкін деген қатерлі болжамға әкеледі. Нәтижесінде – жаңа Аралқұм шөлі 
пайда болады, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінің жалғасына айналады. Тұз 
бен әр түрлі улы заттардың үлкен мөлшері көптеген жылдар бойы бүкіл жер 
шарына таралады, ауаны улайды және планетаның озон қабатын бұзады. Арал 
маңында жаз неғұрлым құрғақ және қысқа, ал қысы тым қатты суық және ұзақ 
болады. Ал мұндай жағдайдан ең бірінші, әрине, Арал маңының тұрғындары 
зардап шегеді. Ол, бәрінен бұрын, суға деген өткір қажеттіліктен туындайды. 
Демек, тұрғындар күніне 125 литр орташа норма орнына, тек 15-20 литр 
су ғана алады. Бірақ тек суға деген қажеттілік ғана емес, сонымен қатар әр түрлі 
проблемалар да туындайды. Бұл күні өңір аштықтан, жоқтықтан, сондай-ақ әр 
түрлі эпидемиялар мен аурулардан зардап шегуде. 
Арал әрдайым теңіз өнімдерін бай жеткізушілердің бірі болған еді. Енді 
судың тұзды деңгейінің ащы болғаны соншалықты, көптеген балық түрлері 
қырылып қалды. Сол кезде аулап жүрген балықтардың қабыршақтарында 
пестицидтердің жоғары деңгейі жиі байқалды. Бұл әрине, Арал маңындағы 
тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізді, балық аулау 
кәсіпшілігі және балықты қайта өңдеу өнеркәсібі жойылу үстінде, адамдар 
жұмыссыз қалуда. 
Бұрын топыраққа астық түсімін арттыру мақсатында көптеген улы 
тыңайтқыштар себілді. Улы химикаттармен байытылған судың тазарту 
құрылғыларының нашар болуының кесірінен өзен ағыстарының бойына да 
таралды, яғни барлық жаңа жерлерді улады. Соның салдарынан – Арал 
маңында өсетін қамыс, күріш, бидай құрамында әр түрлі канцерогендердің 
жоғары деңгейі байқалады. Өңірде ТМД елдерінің ішінде ана мен балалар өлімі 
жөнінен ең жоғары орында тұр (1 000 туған балаға 75). Туберкулез, астма, тиф, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет