Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
69
тармағы). Сондықтан «Нұржан және компания» Толық серіктестігі», «Алманов
және компания Сенім серіктестігі» және т.с.с. заңнама талаптарына сай
еместігін мойындаған жөн. Өкінішке орай осы
секілді жағдайлар тәжірибе
жүзінде сирек кездесетін құбылыс емес.
Заңнамада заңды тұлғаның атауына «бірлескен (немесе шет елдік)
кәсіпорын» деген сөз тіркесі енгізілуі тиіс пе деген сұраққа жауап жоқ.
Сонымен бірге, шетелдік инвестициялар туралы Заңының 15 бабының 6
тармағы шетелдік инвесторлардың жабық акционерлік қоғамдағы акцияларды
немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары деп құрылған
шаруашылық серіктестіктегі үлесті иемденуі жолымен жүзеге асырылған
жағдайда осы заңды тұлғалар шетелдік қатысуындағы кәсіпорын ретінде қайта
тіркеуден өтуі қажет екенін белгілейді.
АК заңды тұлғаның қайта тіркеуден өтуі үшін үш негізді
белгілегендіктен, шетелдік инвестициялар туралы Заңында қарастырылған
қайта тіркеуден өту міндетіне не себеп болып табылатынын – қатысушылардың
атауының ба әлде құрамының өзгеруі ме екенін анықтаған жөн.
Көрсетілген
Заңның талданып жатқан нормасын жасай отырып, заң шығарушыны АК-тің 42
бабының 6 тармағының 3 тармақшасына негізделген болып көрінеді. Оған
қарапайым дәлелді қарама-қарсы көзқарасты ұстанып, табуға болады. Егер,
«бірлескен («шетелдік») кәсіпорын» – заңнамаға сәйкес атаудың құрамдас
бөлігі болып табылатын сөз тіркесі болса, онда ашық акционерлік қоғам да,
өндірістік кооперативтер де мұндай жағдайда қайта тіркелу процесінен өтуге
міндетті. Іс жүзінде ондай нәрсе жоқ.
Бұдан келесі қорытынды шығады. Заңды
тұлғаның құрылтайшыларында
(қатысушыларда, акционерлерде, мүшелерде) бұл сөз тіркесін заңды тұлғаның
атауында пайдалануға міндеті емес, құқығы бар. Және керісінше, оның мысалы,
өзінің құрамында шетелдік тұлғаға ие емес ашық акционерлік қоғамның немесе
өндірістік кооперативтің атауында пайдалануы заңсыз деп таныла алмайды.
Кейбір жағдайларда заңнама атауында белгілі бір ақпаратты пайдалануға
тура тыйым салады. Бұл мәселе бойынша жалпы талаптар Азаматтық Кодекстің
38 бабында баяндалған. Арнаулы заңнама да осыған орай жекелеген заңды
тұлғаларға қатысты кейбір шектеулерді белгілейді. Мәселен, Қазақстан
Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» Заңының 6 бабындағы
инвестициялық қордың атауы оның қаңдай да
бір әкімшілік-аумақтық
құрылымдарға,
министрліктерге,
ведомстволарға
немесе
қоғамдық
бірлестіктерге тиістілігін білдіруге немесе көзделуге тиіс емес. ҚР-ның
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» Заңына
сәйкес Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы жоқ бірде бір тұлға өзінің атауында
оның банк операциясын орындайтынына не банк қызметіне аудиторлық тексеру
жүргізетініне әсер қалыптастыратын «банк» сөзі немесе одан шығатын сөзді
пайдалануға құқығы жоқ. Өкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ бірде бір
тұлға өзінің атауында «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы»,
«сақтандыру брокері» немесе одан шығатын оның өз атынан сақтандыру, қайта
сақтандыру операцияларын жүзеге
асыруын не сақтандыру брокері, актуарии