Қолданылғын әдебиеттер тізімі
1
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 1998.
2
Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. – Алматы, 2002.
3
Жалмишова Қ.Н. Экологиялық білім және тәрбие. – Шымкент, 2006.
4
Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. – Алматылық баспа кабинеті, 1995.
5
Орынбаева Ғ. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. – Алматы,
Рауан. 1998.
6
Будан Ф. Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі. – Анкара, 2000.
7
Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық анықтамалық «Қазақстан
энциклопедиясы. – Алматы, 2001.
Development trends of modern education
66
ҒТАМР 10.27.21
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АТАУЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
К.У. Байжанова
З.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «КЕҰ Заң консультанттары» заң
консультанттары Палатасының төрайымы, Алматы қ.
Б.Р. Рыскулбекова
Магистр, аға оқытушы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті, Алматы қ.
Заңды тұлғаның атауының азаматтық-құқықтық мәні Азаматтық
Кодекстің 33 бабындағы заңды тұлғаны анықтаудың өзінен шығады. Осы
мағынадағы түйінді нәрсе, әрине, «өз атынан» деген сөз тіркесі болып
табылады. Е.А. Суханов атап көрсеткендей заңды тұлғаның атауы (фирмалық
атауы), сондай-ақ оны жеке дара етудің өзге де азаматтық-құқықтық құралдыры
нақты субъективті құқықтар мен міндеттердің тиістілігін, сол сияқты тиісті
шарттық немесе өзге де азаматтық құқықтық қатынас тарапының, сондай-ақ сот
дауының қатысушысының (талап берушінің немесе жауап берушінің
тиістілігін дәл сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер
:
заңды тұлға, шаруашылық серіктестіктер, ұйымдық-
құқықтық нысан, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
1996 жылғы 15 шілдедегі ҚР Заңымен АК-тің 38 бабында өзгертулер
енгізілген болатын. Олардың енгізілуіне дейін заңды тұлғаның атауында басқа
елдерде қабылданған ұйымдық-құқықтық нысандардың белгілеулерін, сондай-
ақ Азаматтық кодексімен көзделмеген терминдерді пайдалануға тыйым
салынған. Әңгіме «компания», «корпорация», «фирма», «холдинг», «сауда үйі»
және басқа секілді бүгінде жиі кездесетін сөздер жөнінде болады. Ал
мемлекеттер мен ұлттардың ресми атауларына (толық, сол сияқты
қысқартылған)
көрсетулерді
пайдалану
Қазақстан
Республикасының
Үкіметімен анықталған тәртіпте жол берілді.
Соңғы ереже қазіргі таңда 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 520 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің «Заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар,
мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдардан басқа) мен жеке
тұлғалардың «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерін (толық, сол
сияқты олардан шығатын кез келгендерін) олардың фирмалық атауында,
қызмет көрсету белгілерінде, тауар белгілерінде пайдаланғаны үшін алымдарды
есептеу мен төлеу тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы» Қаулысымен (әрі
қарай – Ережелер) реттеледі.
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
67
– Әділет министрлігінің органдары берген мемлекеттік тіркеу туралы
Куәлікте көрсетілген заңды тұлғаның фирмалық атауында;
– салық органы берген жеке кәсіпкердің Куәлігінде көрсетілген жеке
кәсіпкердің фирмалық атауында;
– тауарлық белгіде (қызмет көрсету белгісінде) Қазпатент берген
Кәліктердің мөлшеріне байланысты.
Ережелермен әрбір осындай сөз үшін алымның келесі ставкалары
белгіленген:
Кодекс атауы заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуге
міндеттейді. Бұл талап бірқатар арнайы заңнамалық актілерінде де бар. Оған
шаруашылық кооператив туралы Жарлық (6 баптың 2 тармағы). Шаруашылық
серіктестіктер туралы Жарлық (12 баптың 1 тармағы), Шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заң (4 баптың 1 тармағы) және өзге
де заңнамалық актілер мысалы бола алады. Бұл талаптың болуы мынамен
түсіндіріледі, тіркеу органдары құрылатын заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық
нысанының заңнамаға сәйкестігі туралы мәселе екі ұшты түсіндіруден
құтылуға мүмкіндік беретін кез келген оңай ақпаратқа ие болуы қажет
екендігімен түсіндіріледі.
Бұл талап сондай-ақ кредиторларды және ықтимал контрагент жөнінде
жеткілікті ақпарат алуға құқылы өзге де мүдделі тұлғаларды қорғауға
бағытталған. Заңды тұлғаның атауына ұйымдық-құқықтық нысанына көрсетуді
енгізу осы құқықты жүзеге асырудың ең қарапайым және сенімді тәсілі.
Осымен тағы бір мақсатқа қол жеткізіледі. Заңды тұлғаның атауында
оның ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетілуі қаңдай да бір талас туындаған
кезіңде осы нысандар туралы арнайы заңнаманы, егер кейбір мәселелер
құрылтай құжаттарында өзінің көрінісін таппаса немесе осы заңды тұлғаның
құрылтай құжаттарының ережелері заңнаманың императивтік нормаларымен
қайшылыққа тап болса қиыншылықсыз пайдалануға мүмкіндік береді.
Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы (4
бап) және акционерлік қоғамдар туралы Заңдарымен «ТОО», «ТДО», «ОАО»
және «ЗАО» деп аббреватураны пайдалану заңдастырылған.
Ұйымның атауында оның ұйымдық-құқықтық нысаның міндетті түрде
көрсету туралы Заңның талабы кейбір авторларға «өзге ұйымдық-құқықтық
нысанын көрсетумен тиісті белгілеуді пайдалану фирмаға құқықтың бұзылуы
деп есептемеген жөн деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді (мысалы,
заңды тұлғалардың тізілімінде «Снежинки» АОЗ-тің болуы онда «Снежинки»
ООО деп тіркелуге кедергі болмайды, өйткені осы ұйымдардың әрқайсысының
өзіндік фирмасына құқығы бар»
Сөйтіп тиісті құқықтың бұзылуы, егер осы атаулар толығымен бірдей
болған жағдайда орын алуы мүмкін деген ой негізделеді.
Сонымен бірге, сот іс-тәжірибесінде бұл мәселеге өзге ыңғаймен келу
жайттары белгілі. Мәселен, бір іс бойынша «GRATA Заң фирмасы» ЖШС
«GRATA Корпорациясы» ЖШС-ке фирмалық атауды заңсыз пайдаланғаны
үшін талап берді. Талап берушінің талабын қанағаттандыра отырып, сот
|