«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет26/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1
Андреенков В.Г. Проблемы сравнительного анализа в современных 
социологических исследованиях //Методологические и методические проблемы 
сравнительного анализа в социологических исследованиях. Кн. 1. – М.: ИСИ 
АН СССР, 1982. – С.5. 
2
Основное определение Action Research. 
3
Dan Maclsaac. An Introduction to Action Research. 1995. URL: 
http://physicsed.buffalostate.edu/danowner/actionrsch.html. 
4
3-қосымша: Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде білім беру 
саясатының мұғалімдерге арналған «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту» 
әдістемесі бойынша нұсқаулық. 
5
http://www.teach-nology.com/web_tools/graphic_org. 
6
http://www.enchantedlearning.com/graphicorganizers.
 
 
 
 
 
 
 
 


Development trends of modern education 
52 
ҒТАМР 77.03.07 
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ ТАРИХЫН ТАРИХИ 
ТҰРҒЫДА ЗЕРДЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
А.И. Қозыбағаров
Оқытушы, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары
гуманитарлы-техникалық колледжі, Саран қ. 
Мақалада дене тәрбиесі және спорт тарихын зерттеу мәселелері және 
ғылыми немесе оқу пәні ретінде танымдық немесе білім мен тәрбие беру 
саласындағы маңызы жайында сипатталған. Қазіргі таңдағы дене тәрбиесінің 
және тарих ғылымының осы саласындағы маңызды аспектілері, халықаралық 
спорт тарихының, қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының және ұлттық 
спорт түрлерінің шығу тарихын зерттеудегі негізгі мәселелер сөз болады.
Түйін сөздер:
дене тәрбиесі, тарих, дене тәрбиесі және спорт тарихы, 
Қазақстандағы дене тәрбиесі жүйесі, қазақ ұлттық ойындары, халықаралық 
спорт тарихы. 
Дене тәрбиесі адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде мәдени тарих 
сияқты маңызды ғылыми бағыт аясында ерекше қызығушылық тудыруда. 
Қазіргі зерттеулер көрсеткендей, экономика тарихы, саяси тарих және тарихи 
білімнің басқа да салалары сияқты дәстүрлі бағыттарға деген қызығушылықтан 
басқа, ғалымдардың назары жаңа және перспективалы бағыттарға, оның ішінде, 
дене тәрбиесі және спорт тарихына да ауып отырғандығы белгілі. ХХ ғасырдың 
аяғынан бастап «Спорт тарихының халықаралық журналы» атты арнайы 
мерзімді басылым шығып келеді. Журналдың редакция алқалығына 
Ұлыбритания, Канада, Франция, АҚШ және басқа елдердің ғалымдары мен 
мамандары кіреді. Дене тәрбиесі және спорт тарихын зерттеу ел ішіндегі және 
халықаралық деңгейдегі қарым-қатынаста жан-жақты әлеуметтік және мәдени 
байланыстар орнатуға ықпал етеді. Кеңестік дәуірде пайда болған дене тәрбиесі 
және спорт тарихының мәселелерін қамтитын отандық мәдениет тарихы 
мәселелерін қайта қарау өзекті мәселеге айналып отыр, өйткені, КСРО 
тарихының әртүрлі аспектілерін қазіргі ғылымның жаңа көзқарастарымен 
қарауды талап етеді. Сонымен қатар, кеңестік Қазақстан мәдениетінің дәл осы 
саласы отандық тарихнамамен аз зерттелгені жасырын емес.
Дене тәрбиесі және спорт әлеуметтанушылардың, дәрігерлердің, 
тарихшылардың, мұғалімдердің, философтардың және басқа да ғылым 
мамандарының назарын аударуда. Мұның өзі қазіргі қоғам өміріндегі дене 
тәрбиесі мен спорттың алған орнының маңыздылығын көрсетіп отыр. Дене 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
53 
тәрбиесін қоғамның материалдық, рухани, ғылыми, теориялық және 
практикалық жетістіктерімен қатар, адамдардың әлеуметтік және жеке 
шығармашылықтың жеке саласы ретіндегі нақты іс-әрекетінің процесі ретінде 
көрсететін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыруға болады. Демек, дене 
тәрбиесі және спорт жүйесі қоғамның әлеуметтік құбылысының бірі ретінде 
қарастырылса, дене тәрбиесі мен спорт тарихы қоғамның әлеуметтік 
тарихының маңызды аспектісі болып табылатыны сөзсіз. Сонымен қатар, дене 
тәрбиесі тарихы барлық білім беру деңгейлеріндегі міндетті элемент ретінде 
білім беру жүйесінің тарихымен тығыз байланысты. Осыған байланысты 
қоғамның дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыратын маңызды элементтердің 
бірі – дене тәрбиесі және спорт тарихы туралы білім беру болып отыр.
Дене тәрбиесінің мақсаты – жалпы халық пен жеке адамның үйлесімді 
жетілуін қамтамасыз ететін кешенді дене шынықтыру және спорттық ілімдер 
мен тәжірибені меңгеру. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен 
тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғамды құрап, оның байлығын қорғайтын 
әлеуметтің талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан 
дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар 
шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың дене қимылы дамуын 
қалыптастыру болып табылады. 
Дене тәрбиесі және спорт тарихы ғылыми немесе оқу пәні ретінде 
танымдық немесе білім мен тәрбие беру ретінде ғана емес, сонымен қатар, дене 
тәрбиесі қозғалысы және салауатты өмір салтын одан әрі дамыту қызметін де 
атқарады. Өткен дәуірлердің дене тәрбиесі тарихын зерттеу де маңызды, 
өйткені, 
әлемдегі 
әртүрлі 
халықтың 
этикалық 
және 
эстетикалық 
құндылықтарын көрсететін ұлттық ойындарының ерекшеліктерін тануға
өзіндік мәдени құбылыстарын жасаудағы бүкіл адамзат мәдениетінің құрамдас 
бөлігі ретінде тануға көмектеседі.
Дене тәрбиесі мен спортты бүкіл адамзат мәдениетінің, білім беру мен 
тәрбиенің, адамдарды еңбек пен әскери қызметке дайындаудың органикалық 
бөлігі ретінде қарастырған жөн. Дене тәрбиесі және спорт тарихы адамзат 
дамуының әртүрлі кезеңдерінде белгілі бір өндіріс, саясат, мәдениет, 
идеология, ғылым және әскери істермен қалай анықталатынын көрсетеді. 
Қазақстандағы ұлттық дене тәрбиесі мен спорт тарихын, дене тәрбиесі мен 
спорттың жалпы тарихын терең ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауға терең 
көзқарас қажет. Дене тәрбиесі және спорт тарихы бойынша білімнің 
практикалық маңызы зор. Тарихи мәліметтер дене тәрбиесі мен спорттың 
тарихы мен теориясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының маңызды 
құрамдас бөлігі бола алады. Жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық-
спорттық және патриоттық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ
өлкетану, университет және мектеп мұражайларында спорт мұражайларын, 
дене тәрбиесі және спорт экспозицияларын құру кезінде нақты тарихи 
материалдар ескерілуі тиіс. 
Дене тәрбиесі саласындағы тарихи зерттеулердің маңыздылығы жастар 
мен мемлекеттік білім беру жүйесінің дене шынықтыру, спорт және Олимпиада 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет