«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет22/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Түйін сөздер:
физика, ядролық физика, Vitlab of phisics, Quizlet, Quizziz. 
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және 
оқыту құралы компьютер, ұялы телефон болып табылады. Білім беру 
барысында жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда, соның бірі физика 
пәнін оқытуда әр түрлі қосымшаларды пайдалану өзінің оң нәтижесін 
көрсетуде. 
Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және 
дамытатын негізгі пән. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен 
түсінуге ықпал жасайды. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану 
пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгеріп қана қоймай, 
оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салды. 
Жалпы білім беру мекемелерінің физика кабинеттерінде соңғы жылдары 
мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысында қолданатын ақпараттық технологиялар 
құралдарының 
жиынтығы едәуір кеңейді. Физиканы оқытуда жаңа 
компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдануға баса назар 
аударылады, екінші жағынан, физиканы оқытудың дәстүрлі технологияларынан 
жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып оқытуға біртіндеп көшу іске 
асырылуда. Отандық білім беру жүйесіне сәйкес оқу-тәрбие процесінің басты 


Development trends of modern education 
44 
тұлғасы мұғалім болып қала береді, оның функциялары ғана қайта бөлінеді 
және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі күшейтіледі. 
Физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі 
көбінесе олардың оқу-тәрбие процесінің құрылымына қосылуының әдістемелік 
тұрғыдан сауатты және педагогикалық тұрғыдан негізделуіне байланысты. 
Әрбір нақты жағдайда физика мұғалімі ақпараттық технологияларды сабақта 
қандай мақсатта және қалай қолдану керектігін, қандай білім беру және білім 
беру міндеттерін шешу үшін ол ақпараттық технологиялардың белгілі бір 
түріне жүгінетінін, қандай педагогикалық нәтиже алуға үміттенетінін дербес 
анықтауы керек. 
Мектептегі ядролық физика курсының негізгі мақсаттары: 
1. «Ядролық физика» курсы бойынша теориялық білімді игеру. 
2. Физиканың осы курсы бойынша есептерді шешу үшін, элементар 
бөлшектерді тіркеу үшін заманауи реакторлар мен аспаптардың әрекет ету 
принципін, табиғи процестерді түсіндіру үшін алған білімдерін қолдана білуді 
меңгеру. 
3. Танымдық қызығушылықтарын, зияткерлік және шығармашылық 
қабілеттерін, ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту, 
Физикалық процестерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды 
пайдалану. 
4. Алынған білімді физикалық мәселелерді шешу, өмір қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны 
қорғау үшін қолдану. 
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту 
мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың 
шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы 
ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта 
физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың 
қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен 
зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. 
Білім беру ұйымдарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі 
өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға 
білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта 
жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде оқытудың 
ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және 
қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз 
бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын 
дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын 
ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. 
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде 
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық 
тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша 
тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық 
практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
45 
арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып 
көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен 
әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің 
көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың 
құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – 
электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды 
жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған 
бағдарламалық құрал. 
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты 
қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың 
түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті 
оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға 
келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, 
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. 
Ақпараттық 
құзіреттілікті 
қалыптастырудың 
басты 
мақсаты 
– 
оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен 
қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, 
тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. 
Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби 
бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте 
көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі 
түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, 
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау 
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. 
Қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар дамыған уақытта физика 
сабағанда қолданылып жүрген қосымшалар бар. Айта кететін болсақ: Vitlab of 
phisics, Quizlet, Quizziz, Letstest сервистері және т.б. сайттар бар. Ядролық 
физика бөлімін оқыту барысында мынадай бірнеше сервистерді ұсынғым 
келеді: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет