«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет30/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79
Түйін сөздер
: э
кология, су қорлары, су қоймалары, экологиялық 
катастрофа. 
Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне тиімді етіп сақтау 
үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. 
Кезінде белгілі жазушы Л. Леонов: «Адам баласының алдында бүгінде бірінші 
кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ 
өмір сүрудің шарты» деген. Ал Ш. Айтматов: «Біз бүгінде өркениеттің шыңына 
жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар 
бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да 
бізге тәуелді» – деп жазады. 
Біздің республикамыздың табиғи байлық қоры мол. Бізде 48 мың көл, 
85022 өзен бар. Өсімдік және жануарлар әлемі бай. Қазақстан жерінде 6 мыңға 
жуық өсімдіктің түрлері, сүтқоректілердің 172, құстардың 490 түрі бар. Осы 
байлықты тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз қажет. 
Су қорларын, қоймаларды сақтау – экологиялық проблеманың ең күрделі 
саласы болып табылады. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. 
Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км
3
су қорынан айырылды. 
Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз 


Development trends of modern education 
60 
деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. 
Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық 
тіршілікті түбірінен құртуда. 
Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал 
қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге 
мәжбүр болды.
Арал теңізі бұрын көлемі жағынан дүниежүзінде төртінші теңіз болып 
саналған еді, оның табиғат қоры өте бай, ал Арал маңындағы табиғат ортасы 
гүлденген және биологиялық тұрғыдан өте бай өлке еді. Аралдың бірегей 
оқшау болуы және әртүрлілігі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Теңіздің 
осындай атауға ие болуы да таңқаларлықтай емес. Себебі «Арал» деген сөздің 
өзі түрік тілінен аударғанда «арал» деген мағынаны береді. Сірә, біздің ата 
бабаларымыз Аралды Қарақұм мен Қызылқұм арасындағы ыстық шөл даладағы 
жайлы қоныс және құтқарушы арал деп санаған ғой. 
Арал теңізі 35000 жыл бұрын Тұран ойпатында пайда болған. Арал деп 
осы теңізді ең бірінші атаған адам араб географы және ғалымы Ибн-Руста (920 
ж.) өз еңбектерінде атап көрсеткен. Арал теңізі ағынсыз, яғни әлемдік мұхитқа 
шығатын жолы жоқ теңіз болып саналады. Арал теңізі Қазақстанның 
оңтүстігінде және Өзбекстан автономиялық облысындағы Қарақалпақстан 
аралығында орналасқан. Аталуының өзі «Аралдар теңізі» деген мағынаны 
білдіреді, себебі онда 300 аралдан артық арал бар. 
Оның бассейніндегі климаттық өзгерістерге байланысты теңіздің тарихи 
табиғи көп жылғы тербелісі амплитуда 1,5-2 метрмен өлшенді. Судың көлемі 
100-150 куб.км. өзгертілді, ал су бетінің ауданы – 4 мың шаршы. км көтерілді. 
1918 жылы Ресей үкіметі Арал теңізіне сулары құйылатын екі өзен – 
оңтүстіктегі Амудария өзені және солтүстік шығыстағы Сырдария өзендерінің 
ағыстарын бұрып жіберді, себебі шөл даланы суару үшін, шөл далаға күріш, 
қауын, дақылдар мен мақта егу үшін сол өзен сулары пайдаланылды. Бұл Кеңес 
үкіметі жоспарының бір бөлігі еді, мақтаны немесе «ақ алтынды» өсіру үшін 
жанталасты, ал мақта кеңес елінің сыртқа шығарылатын басты өнімі болып 
саналды. Бұл жоспар, әрине, ең ақырында іске қосылды, себебі Өзбекстан осы 
күнге дейін әлемде мақтаны сыртқа шығарушы ірі елдердің бірі болып 
саналады. 
Суармалы тоғандар 1940 жылдардан бастап ірі ауқымды көлемде салына 
басталды. Суармалы тоғандардың көбісі нашар салынған, судың сортаңға 
айналуына немесе булануына әкеліп соқтырды. Орта Азиядағы ірі Қарақұм 
каналында шамамен 30-75 % су далаға кетті. 1960 жылдары, судың 20 км-ден 
60 кубтық километрге дейін жыл сайын теңізге құйылудың орнына жерге ағып 
кетіп отырды. Осылайша, теңізді сумен қамтамасыз етудің үлкен бөлігі бұзыла 
бастады, 1960 жылдардан бастап Арал теңізі тарыла бастады. 
1960 жылдарға дейін оның ауданы 66,1 мың ш. км-ге теңесті. Тереңдігі 
10-15 м., ең үлкен тереңдігі – 54,5 м. Аралдың барынша ірі аралдары – 
Барсакелмес және Возрождение. 1961 мен 1970 жылдар аралығында Арал 
теңізінің деңгейі орташа алғанда жылына 20 см-ге түсіп отырды. 1970-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет