«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет32/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
63 
анемия, паратиф, гепатит, рак сияқты ауру түрлері өте көп. Бауыр мен бүйрек 
аурулары белең алуда. 
Арал теңізінің жойылып кетуі туралы әр түрлі пікірлер айтылуда. 
Біреулер Аралдың түпкі қабаты бұзылып, ол Каспий теңізіне ағып кетті 
деп айтады. Ал біреулер Аралдың жойылып кетуі Жер шары климатының 
жалпы жылыну өзгерісіне байланысты табиғи процесс дейді. Кейбіреулер тау 
мұздықтарының үстіңгі беттерінің құлдырауы, Сырдария мен Амудария 
өзендерін қоректендіретін шөгінділердің минералдануы мен олардың 
тозаңдануында деп айтады. 
Алайда барынша кең таралған бастапқы нұсқа – Арал теңізі қоректенетін 
су ресурстарының дұрыс емес таралуы болып табылады. Арал теңізіне келіп 
құятын Амудария мен Сырдария өзендері бұрын су айдынын қоректендіріп 
отыратын негізгі күре тамыр еді. Екі өзен де өз бастауын таулардан алатыны 
белгілі, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Түрікменстан 
аумақтары арқылы өтеді. 60-жылдардан бастап осы екі өзеннің су 
ресурстарының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығының жерін суландыруға және 
Орталық Азия өңірін сумен қамтамасыз етуге кете бастады. Соның нәтижесінде 
ағысы төмен түсіп кеткен өзен арналары жойылып бара жатқан теңізге дейін 
жете алмайды, құмға сіңіп кетеді. Бұл ретте бұрылған судың тек 50-60 % ғана 
суармалы егіс алқаптарына жетеді. Бұдан басқа, Амудария мен Сырдария өзен 
суларын дұрыс емес және үнемді емес бөлудің кесірінен суармалы жері бар 
тұтас аудандарды батпақты жерлерге айналдырып жіберді, ол жерлер 
пайдалануға жарамсыз болып қалды, ал кейбір жерлер су мүлдем жетіспейтін 
жерлерге айналды. Егін шаруашылығы үшін жарамды 50-60 млн. гектар жерден 
тек 10 млн. гектар ғана суарылады. 
Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық қауымдастықтар Арал 
маңындағы проблемаларды шешу бойынша шешімдер қабылдауда. Алайда ол 
шешімдер өкінішке қарай экологиялық апаттың бастапқы себебімен күресуге 
емес, ең бірінші кезекте оның зардаптарын жоюға бағытталған. Мемлекеттер 
мен халықаралық гуманитарлық ұйымдар бөлетін негізгі күштер мен 
қаражаттар халықтың тіршілік деңгейін және өңірдің инфрақұрылымын 
көтеруге кетеді. Теңізді қалпына келтіру туралы мүлдем ұмытып кетті. 
Қазіргі кезде әлемдік капиталды Арал теңізінің тағдыры емес, сол өңірдің 
қаншалықты табиғи қоры бар екені қызықтыратыны өте өкінішті. Бұл жердегі 
газдың болжамдалған қоры 100 млрд. куб. метрді құрайды, ал мұнай 1-1,5 млрд. 
тоннаны құрайды. Арал бассейнінде жапондық JNOC корпорациясы мен Shell 
британ-голландиялық компанияның мұнай мен газды іздеуі жүргізілуде. 
Әлемдік инвестицияларды қатыстырып, өңірді құтқаруға болады деп 
ойлайтын көптеген жергілікті шенеуніктер тек өз қара бастарының қамын ғана 
ойлайды. 
Алайда бұл Арал теңізінің проблемасын шеше алады ма екен? Бәрінен 
бұрын, кен орындарын қазу өңірдегі экологиялық ахуалды одан сайын 
шиеленістіреді. 


Development trends of modern education 
64 
1994 жылы 23-24 маусымда Парижде Дүниежүзілік банк, ПРООН бен 
ЮНЭП ұйымдастырған Арал теңізі бассейнін дамыту Бағдарламасы бойынша 
кездесу өтті, осы кездесуде Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдерінің, 33 
үкіметтік және агенттік және үкіметтік емес ұйымдардың делегациясының 
қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері әзірлеген жақын арада жақсарту 
бойынша нақты іс әрекеттер Бағдарламасы мақұлданды. 
1995 жылы Орталық Азия республикаларының үкіметі, өңір мамандары 
мен ғылыми қоғам, халықаралық ұйымдар Нөкіс қаласында Арал теңізі 
бассейнінің 
тұрақты 
даму 
проблемалары 
бойынша 
Орталық 
Азия 
мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың Декларациясын қабылдады. 
Ол тұрақты даму принциптерінің қатаң сабақтастығын және осындай 
маңызды проблемаларды шешуге назар аударуды қарастырады. 
Орталық Азия мемлекеттері үкіметтері құрған Мемлекет аралық 
үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы белсенді жұмыс атқаруда, ол экология 
талаптары және барлық елдердің мүдделері есебінен Арал теңізі бассейнінің су 
ресурстарын бірлесе басқару мен пайдаланудың барлық мәселелерін 
қарастырады. Бұл ретте өңірдегі бес республиканың қай қайсысы да теңізді 
сақтау проблемасымен бірлесе қарастырады. 
Арал теңізі шамамен 50 жыл ішінде кеуіп қалды. 1987 жылы шегініп бара 
жатқан теңіз екі жеке су бөлікке бөлінді, Солтүстік Арал теңізі (Шағын Теңіз 
немесе Кіші Арал теңізі) және Оңтүстік Арал теңізі (Үлкен Теңіз немесе Үлкен 
Арал теңізі). Оларды қосу үшін жасанды канал да қазылды, бірақ олардың 
арасындағы байланыс 1999 жылы тоқтап қалды, себебі екі теңіз де тарыла 
бастады. 2003 жылы Оңтүстік Арал теңізі әрі қарай шығыс және батыс 
бассейндері деп бөлінді. 
1991 жылы Қызылорда қаласында Н.Ә. Назарбаев қатысуымен Қазақстан 
ғылым академиясының сессиясы өтті. 1993 жылы мемлекеттердің бес басшы 
қатысуымен саммит өтті, сонда Н.Ә. Назарбаев Аралды құтқару бойынша 
халықаралық қорының бірінші президенті болып сайланды. 
Оңтүстік Арал теңізі маңызды дәрежеде Өзбекстан жағында қалды, 
маңызды түрде тағдыр тәлкегінде қалды. 
Енді бұл да бір бірінен оншақты километрге алшақтап кеткен үшінші су 
айдыны. Шағын Арал – Қазақстан аумағындағы Арал теңізінің бір бөлігі. 
Шағын Аралды тұзды көлдің қалған бөлігімен қосатын тар бұғазды 1992 
мен 1998 жылдары арақабырға қылды, бірақ екі жолы да бекітілмеген құм 
бөгеті – су деңгейінің арту шамасы бойынша сумен шайылып кетті. 
Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін Арал теңізін қайта жаңғырту 
және Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару бойынша көптеген жобалар 
әзірленді. 2003 жылы қазанда Қазақстан Үкіметі ұзындығы 13 км болатын жаңа 
әрі неғұрлым сенімді Көкарал бөгетін салу жоспары туралы жариялады, ол 2005 
жылы салынып бітті. Судың деңгейі маңызды түрде артты, ащылығы біршама 
азайды, қазір өнеркәсіптік масштабта балық ауланады. 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
65 
Мінеки, осындай мәселелерді шешу мақсатында 2020-2030 жылдарға 
арналған бағдарламасымен Халықаралық Аралды Құтқару Қоры (ХАҚҚ) 
құрылған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет