Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
81
Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлық). Қазыналық кәсіпорындар арнайы,
ерекше мақсаттарды жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік мүдделер
жолында
қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін құрылатындықтан, құқық
қабілеттілігі тар өрісті арнайы субьектілер болып табылады (Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы жарлықтың 111 тарауы).
Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің
мазмұнын ескере отырып, құқық қабілеттілігін шектейді. Мысалы, Банктер
және банк қызметі туралы жарлықтың 1-бабының 3-тармағы банк ресми
мәртебесін алмаған кез келген заңды тұлғаға өзін банк деп атауға және банк
қызметімен айналысуға тиым салынады.
Кейбір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігін заң шектеуі мүмкін. Шектеу заңды тұлғаға
тек белгілі бір қызмет
түрлерімен айналысуға рұқсат беру немесе керісінше кейбір қызмет түрлерін
жүзеге асыруға тиым салу арқылы білдіріледі. Мысалы, Сақтандыру қызметі
туралы ҚР Заңына сәйкес, сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметінен басқа қызметтің
келесі түрлерін:
– уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
– тиісті жинақтаушы сақтандандыру шартында көзделген сатып алу
сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандандыру ұйымы
үшін);
– ақпарат берудің кез келген түрлерінде сақтандандыру ісі және
сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
– бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына
сақтандандыру шарттарын
жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды
немесе жалға беруді;
–
сақтандандыру
қызметіне
байланысты
мәселелер
бойынша
консультациялық қызмет көрсетуді;
– сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін
арттыру мақсатында ұйымдастыру мен жүргізуді;
– сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
– консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Яғни, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоғарыда аталған
қызметтерге жатпайтын өзге қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Қызмет етуі үшін міндетті түрде лицензия қажет болған жағдайда заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензия алғаннан бастап пайда болады. Соңғы
жағдайда, мәселе құқық субьектісінің мәртебесіне ие болатындығында емес,
лицензиялауға жататын қызмет саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу
мүмкіндігінде болып тұр. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік
саласындағы құқық
қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі
мүмкін. АК-ның 10-бабының 4-тармағында мемлекеттік қауіпсіздік, құқық
Development trends of modern education
82
тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен
денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің
кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге
асырылады. Мұндай тауарлардың, жұмыстардың
және көрсетілетін қызметтің
тізбесі, мемлекеттік лицензиялар беру тәртібі кейінгі өзгертулер мен
қосымшалар қамтылған Лицензиялау туралы жарлықта белгіленген.
Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық
құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады. Яғни, заңды тұлғаның әрекет
қабілеттілігі оның органдары арқылы жүзеге асады. Бұдан біз заңды
тұлғалардың азаматтық айналымға қатысу үшін құқық қабілеттілігімен қатар
әрекет қабілеттілігінің болуы қажет екендігін байқаймыз.
Заңды тұлғада әрекет
қабілеттіліктің болуы оның өз әрекеттері арқылы азаматтық құқықтар мен
міндеттерге ие болуын, оны құрып, жүзеге асыру және атқаруға
мүмкіндіктерінің болуын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: