Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
79
АК-тің 35-бабы, 1-тармағының 1-бөлімінде коммерциялық емес ұйымдар,
мемлекеттік кәсіпорындар арнаулы құқық субьектілігіне, яғни жарғыда
көзделген қызмет түрлерімен ғана айналыса алады.
Кодекс осы заңды
тұлғалардың құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мақсатын көрсетуді
талап етеді (АК 41-бап, 3-т, 1 б.).
Жекелеген заңнамалық актілермен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге
асыру үшін коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігін шектеуі мүмкін. Банктер, сақтандыру ұйымдары, биржалар, күзет
ұйымдары және т.б. заңды тұлғалар. 2000 жылғы 18
желтоқсандағы ҚР-ң
«Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы баптың 1,2 тармақтарымен
қарастырылмаған кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруға және
операциялар жүргізуге тиым салады.
Кейбір қызмет түрлері лицензиялауға жатады. Заңды тұлғалар оларды тек
лицензия болғанда ғана жүзеге асыра алады.
Лицензияланатын қызмет
түрлерінің тізбесі лицензиялау туралы заңнамамен белгіленеді (1995 ж. 17
сәуірдегі ҚР-ң «Лицензиялау туралы» Заңы). АК-ң 35-бабы, 2-т. ұйымның
құқық қабілеттілігі лицензияны алғаннан кейін пайда болып, жарамдылық
мерзімі өткен, жарамсыз деп танылған сәтте тоқтатылады. Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы Кодекстің 137-бабына сәйкес
лицензиясыз кәсіпкерлік
немесе өзге де қызметпен айналысқаны үшін заңды тұлғаларға тауарларды
тәркілеумен 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет
түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Белгілі бір қызметпен
айналысу үшін сол лицензияны алған сәттен бастап заңды тұлғаның құқық
қабілеттілігі пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына
сәйкес заңды тұлға
азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты
қызметті атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық
ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тиым
салынбайтын кез келген кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін
азаматтық құқыққа ие бола алады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге
асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген.
Коммерциялық емес ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі көзделген.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның 33-б, 1-т. сәйкес коммерциялық
емес ұйымның құқық қабілеттілігі арнайы,
яғни осы заңды тұлғалар тек
жарғыда немесе құрылтай құжаттарында көзделген қызмет түрімен жұмыс
жүргізеді. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі
әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңының 32-бабында көрсетілгендей,
ҚР заңдарында тиым салынбаған және ұйымның мақсаттарына сәйкес келетін,
оның құрылтай құжаттарында көзделген бір немесе бірнеше қызмет түрін
жүзеге асыра алады.