«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет37/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
75 
салыған үйлердің сапасы төмен, бір үйді салу үшін мемлекет тарапынан 7 
миллион теңге ақша бөлінеді екен, бірақ үйлердің құрылысы 3 миллион теңгеге 
салынғандығы туралы кәсіби мамандар айтты. Осындай келеңсіз жағдайларды 
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп отырған халық оңтүстік 
тұрғындары солтүстікке барғылары келмейтіндігін атап өтті. Келесі бір мәселе 
жайылым жердің берілмеуі және тіл мәселесіде өзекті болып отыр. 
Еуразия 
ұлттық 
университетінің 
әлеуметтану 
кафедрасының 
профессорлары мен докторанттардың зерттеу жұмыстарында, солтүстік өңірге 
көшіп барған халықтың жағдайды толық түсінбегендерін айтады, мысалы 
көшіп барып қайта көшіп кету үрдісі көп байқалады. Бұған себеп тіл мәселесі, 
қазақ тілі әкімшілік аймақтарда кеңінен қолданылмайтындығын айтады
сырттан келгендеге жергілікті тұрғындардың көз қарасы, көшіп барғандарға 
қолайлы жағдайдың болмауы. Еуразия ұлттық университетнің профессоры 
Мұхит Қаржаубайұлы былай дейді, – «көшіп барғандар олар бір жер 
аударғандар емес, олар Қызылорда, Шымкент жақтан көшіп барған өз 
халқымыз, көшіп барғандардың туған туыстары мен таныс достары өз 
аймақтарында қалып отырғандықтан психологиялық тұрғыдан олармен 
жылына екі рет хабарласып, қатынасын үзбеу керек. Көшіп барғандар үшін 
инфрақұрылым мәселесін шешу керек». 
Мемлекет тарапынан үкіметке тапсырма беріледі, мысалы жылына 
осыншама отбасын көшіру керек деп, бұл мәлімет облыс әкімдерінің 
рейтингісінде қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында, бір топ 
адам өкілдері халыққа келіп солтүстік өңірге келіңіздер Сіздер үшін бәрі дайын 
деген мәліметтер береді, осы сөзге сенген халық оңтүстіктен солтүстік өңірге 
келеді, бұл жерде қандай мамандық керек, келген адам солтүстік өңірге 
қажетпе, жұмыс орыны барма ол адамға, қай өңірге келетіндігі туралы сұрақтар 
толық шешімін таппайды. Аудан басқармасы квотаға еңгізіп үйлерін береді. 
Жоғарыда атап өткеніміздей бастапқыда берілген үйлердің құрылыс өте нашар, 
үкімет тарапынан бөлінген қаражат жеткіліксіз. Оңтүстік өңірмен солтүстік 
өңірдің тіршілік ету деңгейін салыстыруға болмайды, ауа райындада өзгешелік 
әсерін тигізеді. Солтүстік өңірде алты ай қыс. Кететін шығын екі есе көп. 
Ақшамен көп нәрсені шешуге болмайды, халықтың әлеуметтік жағдайын 
ақшадан тыс психолгиялық тұрғыдан халықты дайындау.
Көші-қон Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың, өзінің 
ұсынған адам санына байланысты министрлік өз квотасын бекітеді. Ішкі көші-
қон үдерісін реттейтін реформа қажет. Канада мен Израильде көші-қон 
министрлігі бар. Олар көшіп келушілердің нақты бір психологиялық көңіл 
күйінен бастап кәсіби біліктілігін ескеретін іріктеу амалдарын жасайды екен.
Ішкі көші-қонды реттеу бір бағдарлама аясында қарастырмау керек, бұл 
бағдарламалардың басын біріктіру керек. Мысалы серпін бағдарламасы 
қаншама жыл жұмысын атқарып келеді. Серпін бағдарламасы арқылы оқытып 
жатқан мамандықтар солтүстік аймақта жоқ екен. Бұл бағдарлама білім 
министрлігіне қарайды. Екіншіден индикаторларды нақтылау керек. Мысалы 


Development trends of modern education 
76 
қандай индикаторлар адамдарды ынталандырады, адамдарды үгіттеп әкімшілік 
жолдармен бағындыруға болмайды.
Біздің ұсынысымыз бойынша осы көші-қон мәселесіне, саяси жағдайда 
тирриториялық бір тұтастығымызды сақтау үшін, жұмыс күші артық 
өңірлерден жүмыс күші тапшы өңірлерге тұрғындарды көшіру мәселесіне жеке 
арнайы мемлекеттік бағдарлама қажет. Яғни оңтүстіктен солтүстік өңірлерге 
көшіп келушілер үшін арнайы бөлек бағдарламаның болғаны дұрыс.
Бағдарлама орталық мемлекеттік орган еңбек министрлігі тарапынан 
жасалса, ал бағдарламаны жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдар. Ал 
көші-қон комитетінің өзіндік бір жергілікті атқарушы органдары жоқ.
Келген адамдарға бейімдеу орталықтарын ашу керек. Осы орталықтарда 
құқықтары мен міндеттерін үйрету керек. Телефон арқылы біріңғай ақпараттық 
ресурстары құрылса кезек күттірмей ақ барлық ақпараттарға қол жетімді болар 
еді. 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының көші-қон үрдісін реттейтін 
заңнамалар мен бағдарламаларға төмендегі ұсыныстар мен толықтыруларды 
ұсынамыз. 

Жеңілдетілген тіркеу рәсімін енгізу; 

Жұмысқа қабылдау тәртібі бойынша нормативтік базаны түзету; 

Ауылдық жерлерде орта және арнаулы білімнің сапасын жетілдіруге 
байланысты бағдарламаларын әзірлеу. Сонымен қатар, еліміздің жоспарланған 
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін толық қамтамасыз ету қажет (тұрғын 
үймен және балаларының білім алуына көмек көрсету);

Елде сұранысқа ие кәсіптер тізбесін дайындау және өзектендіру; 

Саяси құқықтық имидж қалыптастыру керек – адамдарға мұқтаж және 
оларға сеніммен қарайтын, дамып келе жатқан ел образын қалыптастыру қажет; 

Білікті азаматтарды елде ұстап қалу әдісін қарастыру. Яғни, жоғары 
білікті кадрларды ұстап қалу үшін белсенді шаралар қабылдау. Мысалы, Оқуды 
енді бітірген түлектерге өңір аумағында бес жыл бойы тұру және жұмыс істеу 
шартымен 5000000 тг. ұсынылса; 

Көшіп келген азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуын және тең 
құқықтарын қамтамасыз ету; 

Азаматтармен көші-қон заңнамасы бойынша тұрақты ақпараттық-
түсіндіру жұмысын жүргізуді жетілдіру; 

Қазақстан Республикасының көші-қон процестерін реттеу тетігі 
құзыретті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған 
«Шетелдік жұмыс күші», «Қандас», «Көші-қон полициясы», «Бүркіт» 
автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің қызметін бір орталыққа 
шоғырландырса; 

Ішкі көшіп-қонушыларды есепке алу жүйесі электронды түрде бір 
базаға еңгізілсе. Ішкі көшіп-қонушылар бойынша интеграцияланған дерекқор 
олардың кәсіби құзыретін, қоныс аудару бағыттары мен орындарын, 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
77 
мемлекеттік қолдау шараларын алуын, жұмыспен қамтылуын және т.б. ашық 
көрсетілсе; 

Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыс күші тапшы 
өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуы бойынша ынталандыру шараларын 
енгізу; 

Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс 
Қазақстан және Қостанай облыстарында бейімдеу және ықпалдастыру 
орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша шаралар ұйымдастыру; 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде 
ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері, оның ішінде ұсынылатын мемлекеттік 
қолдау шаралары бойынша халықтың хабардарлығын арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет