«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет34/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79
Development trends of modern education 
68 
келесіні көрсетті. Фирманы оның атауында өзге тұлғаларды (клиенттерді) екі 
заңды тұлғаның ұқсастығы немесе бір бірімен байланыстығы жөнінде 
шатастыруға әкелуі мүмкін сөздерді пайдаланумен бірге кез келген белгілеулер 
заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады. Заңды тұлғаның атауындағы 
жеке дараланатын белгісі ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанын бейнелейтін 
сөздер немесе оның түрі емес, осы заңды тұлғаны оның түріне не ұйымдық-
құқықтық нысанына қарамастан өзге түлғалардан айыруға мүмкіндік беретін 
сөздер болып табылады. Бұл жағдайда «GRATA» сөзі негізгі болып табылады, 
ал «корпорация» және «юридическая фирма» деген сөздер ондай болмайды. 
Фирмалық атауға құқықтың бұзылуы фирмалық атауды тұтастай пайдалану 
ғана емес, сонымен бірге өзге шаруашылық ететін субъектінің фирмалық 
атауында жекелеген сөздерді пайдалану болады. Фирмалық атауға құқықтың 
мәні бір фирманың басқа көптеген фирмаларға қатысты қандай да 
біршатасудың әлдебір мүмкіндігін жоққа шығаратынынан тұрады
Заңнама заңды тұлғаның атауы қосымша ақпараттан құралуы тиіс 
болғанда бірқатар жағдайларды қарастырады. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорын 
туралы Жарлықтың 7 бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның 
фирмалық атауы мүліктің меншік иесін, мемлекеттік меншік түрін 
(республикалық немесе коммуналдық) жатқызылуын және ведомстволық 
бағыныштылығын көрсетуден тұруы қажет. Жедел басқару құқығындағы 
кәсіпорынның фирмалық атауы оның қазыналық болып табылатынын 
көрсетуден тұруы қажет. 2000 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР-ның «Сақтандыру 
қызметі туралы» Заңының 23 бабымен сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымның атауына қосымша талаптар белгіленген. 1997 жылғы 6 наурыздағы 
ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» 
Заңының 6 бабының 1 тармағы инвестициялық қордың атауына оның типіне 
байланысты «өзара қор» немесе «инвестициялық компания» сөздерін енгізуді 
міндеттейді. Адвокаттар алқасының атауы оның құрылған аумағындағы 
әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан тұруы қажет (1997 жылғы 5 
желтоқсандағы ҚР-ның «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 20 бабының 3 
тармағының 4 бөлімі). Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңының 18 
бабының 7 тармағы ассоциацияның (одақтың) атауында «ассоциация» немесе 
«одақ» деген сөздері енгізілуімен осы ассоциация (одақ) мүшелері қызметінің 
негізгі пәнін көрсетуге міндеттейді. 
Заңнама толық және сенім серіктестіктерінің атауына ортақ талаппен 
қатар, ерекше талаптар қояды (Шаруашылық серіктестіктер туралы Жарлықтың 
12 бабының 1 тармағы). Мәселен, толық серіктестігінің фирмалық атауы оның 
барлық қатысушыларының аттарын «және компаниясы» деген сөздің қосуымен 
бір немесе бірнеше қатысушылардың аттарынан тұруы тиіс. Сенім 
серіктестігінің фирмалық атауында барлық толық серіктестіктерінің аттары, не 
«және компаниясы» деген сөздің қосылуымен кем дегенде бір толық 
серіктесінің аты болуы тиіс.
Осыған орай азаматтың аты, тегі мен өзінің есімінен, сондай-ақ қалағаны 
бойынша аты-жөнінен де тұратынын есте сақтаған жөн (АК-тің 15 бабының 1 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
69 
тармағы). Сондықтан «Нұржан және компания» Толық серіктестігі», «Алманов 
және компания Сенім серіктестігі» және т.с.с. заңнама талаптарына сай 
еместігін мойындаған жөн. Өкінішке орай осы секілді жағдайлар тәжірибе 
жүзінде сирек кездесетін құбылыс емес. 
Заңнамада заңды тұлғаның атауына «бірлескен (немесе шет елдік) 
кәсіпорын» деген сөз тіркесі енгізілуі тиіс пе деген сұраққа жауап жоқ. 
Сонымен бірге, шетелдік инвестициялар туралы Заңының 15 бабының 6 
тармағы шетелдік инвесторлардың жабық акционерлік қоғамдағы акцияларды 
немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары деп құрылған 
шаруашылық серіктестіктегі үлесті иемденуі жолымен жүзеге асырылған 
жағдайда осы заңды тұлғалар шетелдік қатысуындағы кәсіпорын ретінде қайта 
тіркеуден өтуі қажет екенін белгілейді.
АК заңды тұлғаның қайта тіркеуден өтуі үшін үш негізді 
белгілегендіктен, шетелдік инвестициялар туралы Заңында қарастырылған 
қайта тіркеуден өту міндетіне не себеп болып табылатынын – қатысушылардың 
атауының ба әлде құрамының өзгеруі ме екенін анықтаған жөн. Көрсетілген 
Заңның талданып жатқан нормасын жасай отырып, заң шығарушыны АК-тің 42 
бабының 6 тармағының 3 тармақшасына негізделген болып көрінеді. Оған 
қарапайым дәлелді қарама-қарсы көзқарасты ұстанып, табуға болады. Егер, 
«бірлескен («шетелдік») кәсіпорын» – заңнамаға сәйкес атаудың құрамдас 
бөлігі болып табылатын сөз тіркесі болса, онда ашық акционерлік қоғам да, 
өндірістік кооперативтер де мұндай жағдайда қайта тіркелу процесінен өтуге 
міндетті. Іс жүзінде ондай нәрсе жоқ.
Бұдан келесі қорытынды шығады. Заңды тұлғаның құрылтайшыларында 
(қатысушыларда, акционерлерде, мүшелерде) бұл сөз тіркесін заңды тұлғаның 
атауында пайдалануға міндеті емес, құқығы бар. Және керісінше, оның мысалы, 
өзінің құрамында шетелдік тұлғаға ие емес ашық акционерлік қоғамның немесе 
өндірістік кооперативтің атауында пайдалануы заңсыз деп таныла алмайды.
Кейбір жағдайларда заңнама атауында белгілі бір ақпаратты пайдалануға 
тура тыйым салады. Бұл мәселе бойынша жалпы талаптар Азаматтық Кодекстің 
38 бабында баяндалған. Арнаулы заңнама да осыған орай жекелеген заңды 
тұлғаларға қатысты кейбір шектеулерді белгілейді. Мәселен, Қазақстан 
Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» Заңының 6 бабындағы 
инвестициялық қордың атауы оның қаңдай да бір әкімшілік-аумақтық 
құрылымдарға, 
министрліктерге, 
ведомстволарға 
немесе 
қоғамдық 
бірлестіктерге тиістілігін білдіруге немесе көзделуге тиіс емес. ҚР-ның 
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» Заңына 
сәйкес Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы жоқ бірде бір тұлға өзінің атауында 
оның банк операциясын орындайтынына не банк қызметіне аудиторлық тексеру 
жүргізетініне әсер қалыптастыратын «банк» сөзі немесе одан шығатын сөзді 
пайдалануға құқығы жоқ. Өкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ бірде бір 
тұлға өзінің атауында «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», 
«сақтандыру брокері» немесе одан шығатын оның өз атынан сақтандыру, қайта 
сақтандыру операцияларын жүзеге асыруын не сақтандыру брокері, актуарии 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет