Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Бағыты: Қазақстанның әлеуметтік және білім беру прогрессі Тақырып



бет13/17
Дата07.02.2022
өлшемі441,86 Kb.
#93189
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

  • Студенттер өзге мемлекетте жұмысқа кіре алатындықтан, олар дамыған елдерге барып жоғары жалақы алу мүмкіндігіне ие болады.

  • Өз бетінше оқуға уақыт көбірек берілетіндіктен студент өзінің жоспарларына қатысты шешімдерді жеке қабылдауға мүмкіндік алады, яғни оқудағы және жеке өміріндегі қадамдарды жоспарлай алады.

  • Өзге мемлекеттегі жоғары оқу орындарына барып тәжірбие алмасуға және олардың мәдениетін тануға мүмкіндік пайда болады.

  • Өзге дамыған мемлекеттерде жалақы жоғары болуына байланысты жақсы оқыған студенттердің басым бөлігі сол елдерге ағылып кету қаупі бар. Ал ондай мамандар өзге елге көшетін болса, Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекелестік қабілеті төмендейді.

  • Бакалаврдың дипломын иеленуші азамат толық маман ретінде қарастырылмауына байланысты жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу қаупі бар.


Сұхбат және осы кезге дейінгі зерттеулер негізінде жоғарыда келтірілген әлсіз жақтар Болон үрдісінің мемлекет тарапынан дұрыс іске асырылмауынан деген шешімге келуге болады. Оны дұрыс іске асыру үшін төменде келтірілген ұсыныстарды айтуға болады:

  1. Ирландия секілді еуропаның бірнеше мемлекеттерінде бюджеттен жоғары оқу орындарды қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың 80%-ы жоғары оқу орындарындағы кадрлардың жалақысын төлеуге жұмсалады [23,4б]. Сондықтан, ол мемлекеттерде білім беру сапасы жоғары және қалған 20% салыстырмалы түрде Қазақстандікінен үлкен қаражат. Сондықтан, Қазақстанда да Болон үрдісі Еуропамен салыстырмалы түрде жаңадан енгізіліп жатқан жүйе болғандықтан, оны дамытуға бөлінетін қаражат мөлшерін арттыру қажет. Өкінішке орай, бұны мемлекеттік бюджет көмегімен іске асыру қиынға соғады. Сондықтан, Болон үрдісінің мәселелерін шешіп, оның Қазақстан студенттері үшін тиімділігін арттыру үшін білім беру саласына инвестициялар тарту қажет. Бұл болашақта жоғары оқу орындарында білім алу құнының артпауына, қажетті әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілуге және инвесторлардың студенттерді өз компанияларына жұмысқа шақыруына әкелуі мүмкін.

  2. Қазақстандағы студенттер үшін Болон үрдісі тудыратын тиімсіздіктердің бірі оқыған мамандық бойынша жұмыс істеу мүмкіндігінің төмен болуы. Себебі, бакалавр дипломын алған студенттерді толықтай маман ретінде қарастырмайды, жалақысын төмен береді немесе жұмысқа қабылдамайды. Осыған орай, 2014 жылы жұмысқа қабылданған бітірушілердің 12%-ы ғана мамандық бойынша жұмысқа орналасқан[24]. Осындай жағдайлар орын алмауы үшін бакалавр дипломын алуда жоғары оқу орнында сапалы білім берілетіндігін дәлелдеу қажет. Бұл жерде сапалы білім ретінде тәжірбиелік дағдылары жоғары студенттерді даярлау меңзеліп тұр. Сондықтан, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы дағдылар мен фундаменталды білімді қатар алып жүретін, қазақстандық білім беру ерекшеліктеріне сай жаңа оқыту бағдарламаларын құру қажет. Ал оны жетілдірудің қаражатын жоғарыда келтірілген бірінші ұсыныс шеше алады. Осылайша, белгілі бір уақыттан кейін бакалавр студенттерін қабылдауда жұмыс берушілердің де ынтасы арта түседі.

  3. Болон студенттер үшін тиімсіздіктер тудыруында студенттердің де кінәсі бар.Еуропалық кампустардың басым бөлігінде таза ауада, кітапханада, асханаларда және басқа жерлерде кітап оқып, конспекттер жазып отырған студенттерді жиі кездестіруге болады, яғни олар өз бетімен білім алуға бейімделген [25,66б]. Ал Қазақстандық студенттер көбінесе емтихандары жақындағанда өз бетімен дайындықты бастайды, ал оған дейін мұғалім лекцияларына сүйеніп жүреді. Демек, тиімсіздіктерден арылудың басты шешімдерінің бірі студенттердің жауапкершілігін арттырып, оларды өз бетімен білім алуға ынталандыру. Мұғалім тек бағыттаушы және кеңесші рөлін атқаратын жүйе құру қажет. Осы кезде ғана студенттер Болон үрдісіне бейімделе бастайды және бұл білім сапасының артуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет