Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Бағыты: Қазақстанның әлеуметтік және білім беру прогрессі Тақырып



бет1/17
Дата07.02.2022
өлшемі441,86 Kb.
#93189
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ


Алматы қаласы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі


Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Бағыты:
Қазақстанның әлеуметтік және білім беру прогрессі
Тақырып:
«Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студенттері үшін қаншалықты тиімді?»
3500 cөз
Орындаған:Жұмаш Ғазиз


Жетекші:Диханбаев Д.C
Ішкі модератор:__________

Алматы 2018
Мазмұны:










1.КІРІСПЕ:


Жоғары білім беру мекемелері қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатымен ішкі және сыртқы өзгерістер мен үрдістерге жедел әрекет ететін маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Көлемі жағынан күн сайын ұлғайып жатқан және құрылымы алуан түрлі мемлекет аралық экономикалық қарым қатынастардың қалыптасуы ұлттық жоғары оқу орындарында даярланатын әмбебап кадрларға деген сұранысты тудыруда. Өз кезегінде, бұл ұлттық жоғары білім беру жүйесін әлемдік ғылыми мен техникалық қарқынды даму негізінде қалыптасып жатқан “жаһандық үлгідегі” білім беруге итермелейді. Алайда, білім беру жүйесінде жаңа реформаларды іске асыру оқушылардың, біздің жағдайда студенттердің жылдам бейімделе алмауынан немесе өзге елдер тәжірбиесі негізінде іске асырылған реформаның мемлекет ерекшеліктеріне сай дұрыс даярланбауы себебінен әрқашан тиімді бола бермейді. Сондай өзге мемлекеттер тәжірбиесіне Қазақстан да сүйене отырып, Болон үрдісіне қосылды. Бірақ, Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары білім беруді құрылымы, оқыту әдістемесі және ресурстық қамтамасыз етілуі жағынан бірден “еуропалық” етпейді[1,21б]. Қайтсе де, Қазақстанның Болон үрдісіне қосылмауына да болмайды, себебі жаһандағы интеграциялық өзгерістер ұлттық білім берудің модернизациясын талап етеді. Академик Б.Т.Жұмағыловтың ойынша Болон үрдісіне мемлекеттегі әлеуметтік жағдай мен ұлттық ерекшеліктерді ескермей қосылу елдегі бәсекелстік қабілеттердің жоғалуына алып келеді[2,3б]. Қазіргі таңда, Қазақстанда магистрлерді тұлғалық бағытталған түрде даярлау,студенттердің өз бетінше оқу жоспарын құруға арналған методологиялық әдістемелер және үрдіс негізінде енгізілген Univer электрондық жүйесінде студент-оқытушы арасындағы кері байланыс бағыттары жетілдірілмеген[3,3]. Норвегия секілді мемлекеттерде теория жүзінде магистратура бағасы төмендеу керек болып, бірақ іске асыруда өскен болатын[4,38]. Осыған қоса, Қазақстан білім беру саласына ЖІӨ 3,1% бөледі(125 орын), ал Еуропалық мемлекеттердің көпшілігі ЖІӨ 6% жуық бөледі[5]. Жоғарыда келтірілген мәліметтер Қазақстандағы Болон үрдісінің тиімді болу әлеуеті толық іске аспай жатқандығына қатысты мәселені тудырады. Одан бөлек еуропада практика жүзіндегі кемшіліктерді сипаттайтын “Болон үрдісінің қаралы кітабы” бар, ал Қазақстанда оған ешбір альтернатива да жоқ. Осыған орай, бұл саладағы басты мәселе Болон үрдісінің толықтай дұрыс іске аспай жатқандығына байланысты студенттер үшін тиімсіздіктердің болуы және оның Қазақстандағы себептерінің тікелей студенттер қатысуымен толық анықталмауы.


Жоғарыда келтірілген Қазақстанға және еуропа мемлекеттеріне қатысты ақпараттарға байланысты Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы студенттер үшін қаншалықты тиімді екендігін зерттеу өзектене түседі.


Мені бұл тақырыпты таңдауға итермелеген себептердің бірі, Қазақстандағы жоғары білім беру деңгейі мемлекеттің зияткерлік әлеуетін анықтайды, сондықтан, осы салада іске асырылып жатқан реформалар елдің болашағына тікелей әсер етеді. Ал зияткерлік әлеуетті арттырушы негізгі күш жоғары оқу орындарының студенттері болып табылады. Сондықтан, білім беру саласындағы реформаның студенттер үшін тиімділігінің деңгейі ел болашағына бағдар жасау үшін негізгі индикатор болып табылады.


Жоғарыда келтірілген тақырыпты өзектендіруші себептер мен тақырыптың аз зерттелгендігінен, бұл зерттеу жұмысында Болон үрдісіне қосылудың мемлекеттегі студенттер үшін қаншалықты тиімді екендігі анықтала отырып, оның кемшіліктерінің себептері зерттеледі. Зерттеу жұмысында Болон үрдісіне қосылуда ұлттық ерекшеліктерді ескермеу, мемлекет тарапынан білім саласына бөлінетін қаражатты көбейтпеу және оны дұрыс қолданбау үрдісті Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін тиімсіз етеді деген қорытынды шығады деп болжауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет