Қорытындылай келе, Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуының студенттер үшін тиімді де, тиімсіз де жақтары бар деуге болады. Бірақ, Болон үрдісіне ешбір альтернатива болмауына байланысты оларды статистикалық тұрғыдан сандық санау мәнсіз болып табылады. Себебі, өзге салыстыруға болатын халықаралық білім жүйесі жоқ. Бұл зерттеу жұмысы Болон үрдісінің студенттер үшін тиімді жақтары теориялық тұрғыдан басым екендігін көрсетті, бірақ оны мемлекет тарапынан дұрыс іске асырылмауынан тиімсіздіктер бар екендігін де дәлелдеді. Сол тиімсіздіктерді студенттердің тікелей қатысуымен анықтау үкіметке мәселені қай тұрғыдан шешу қажет екендігіне қатысты бағдар береді. Зерттеу жұмысының жаңалығы да осы кезге дейін тақырыптың тікелей үрдіске қатысушы нысан болып табылатын студенттердің қатысуымен зерттелмеуінде болып табылады. Еуропада осы аяда “Болон үрдісінің қаралы кітабы” бар болса, Қазақстанда оған альтернатива ретінде осы зерттеу жұмысының одан әрі жалғастырылып, кеңейтілген түрін қарастыруға болады. Сонымен қатар, Болон үрдісінің іс жүзінде тиімсіз асуындағы басты себепкері тек үкімет қана емес, студенттер деп қорытындылауға да болады. Себебі, мәселенің шешімдерінде көрсетілгендей, шетелдік студенттер өз бетімен оқуға бейімделген. Ал қазақстандық студенттерде бұл дағды толықтай жетілмегендіктен, олар Болон үрдісінің негізгі принциптері бойынша білім ала алмауда. Осыған орай, білім сапасы да түседі.
Қорыта айтқанда, менің ойымша Қазақстанда Болон үрдісінің жоғары оқу орындары студенттері үшін тиімді болуға мүмкіндіктері көп. Бірақ, қазір соның тиімді болу әлеуеті студенттердің тікелей қатысуымен зерттеулердің аз жүргізілгендігіне байланысты туындаған салдар есебінен толықтай іске аспауда. Талдау және бағалау бөлімінде келтірген ұсыныстарымды іске асырған жағдайда Болон үрдісінің Қазақстан студенттері үшін тиімділігі артады деп болжай аламын.