Зерттеуді жүргізу барысында шетелдік және Қазақстандық жоғары оқу орындарында Болон үрдісіне байланысты білім сапасы төмендеуде деген мәселелер көрсетілген болатын. Бұл қазіргі таңда 30 дамыған елдің қатарына кірем деуші Қазақстан үшін өте өзекті мәселе. Себебі, білім сапасы сол мақсатқа жетуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан, келесі зерттеу сұрағы ретінде “Болон үрдісі және ұлттық білім беру әдістері негізінде жоғары оқу орындарындағы білім сапасын қалай арттыруға болады?” деген сұрақты қарастыруға болады.