Зерттеу жұмысында қолжеткізген басты артықшылықтардың бірі сауалнамада ауқымды респонденттер аудиториясын қамти алуда. Сонымен қатар, зерттеуді жүргізу барысында мысал ретінде қарастырылған статистикалық мәліметтер және реформалар жайлы ақпараттардың көздері көп болды. Себебі, Болон үрдісі көптеген Еуропа мемлекеттері мен Ресейде жиі талқыға салынып жатқан тақырыптардың бірі. Зерттеу барысында Қазақстандағы Болон үрдісіне қатысты ақпараттарды табу қиынға соқты. Оның басты себебі, тақырыптың аз зерттелгендігінде болуы мүмкін.