Қазақстан білім беру саласына ЖІӨ 3,1% бөледі. Бұл қаражат Қазақстанның ЖІӨ еуропалық мемлекеттермен салыстырмалы түрде аз екендігін ескеретін болсақ, “еуропалық” білім берудің құрылымын, методикаларын және технологияларын енгізу үшін жеткіліксіз. Сондықтан, Қазақстан Болон үрдісіне де-юре енгеніне қарамастан, іс жүзінде еуропалық стандарттарға қол жеткізе алмауда. Сондықтан, жоғары білім беруге ауқымды қаражат бөліп жатқан Еуропада “Болон үрдісінің қаралы кітабы” бар екендігін ескерсек, Қазақстанның Болон үрдісіне енуінің мемлекеттегі студенттер үшін қаншалықты тиімді болып жатқандығын бағалау өзекті мәселе болып табылады.