Байланысты: А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1.Кілт сөздер:
Болон үрдісі, ECTS, GPA, Академиялық мобильділік,
Кілт сөздерге анықтамалар:
Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі[6].
ECTS-кридеттерді жинақтау және аударудың еуропалық жүйесі.
Академиялық ұтқырлық –бұл білім алушылардың немесе зерттеуші-оқытушылардың оқу немесе зерттеу жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы, мұндай жағдайда меңгерілген білім беру бағдарламасы кредиттер түрінде өз жоғары оқу орнында немесе басқа жоғары оқу орнында қайта есептеледі[7].
GPA-жалпы өтілген оқу курстарының бағаларының оларға жұмсалған уақытты тікелей ескеру арқылы шығарылатын арифметикалық ортасы. Еуропалық шкала бойынша ол 0.0-ден 5.0-ге дейінгі мәндерді ал, америкалық шкала бойынша 0.0-ден 4.0-ге дейінгі мәндерді қабылдайды[8].