Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 2


«Инклюзивті оқыту» пәнін оқытудың мақсаттары



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата31.07.2023
өлшемі338,5 Kb.
#179669
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Педагогика 1-тақырып конспект

«Инклюзивті оқыту» пәнін оқытудың мақсаттары. 
- мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектеп-терінде білім алуына 
жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу. 
- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру ар-қылы әлеуметтік-
педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ 
мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптас-тыру және дамыту. 
- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға 
деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар 
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру; 
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, меке-мелерде жағдай туғызып
оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. 
Инклюзивті білім берудін мазмұны.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс 
жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша: жалпы 
мектептерге арналған типтік оқу бағдар-ламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың 
ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; 
мүмкіндігі шек-теулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып 
әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы негізінде іске асыруды қажет етеді.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саяса-тының міндеттері 
мынадай болып ерекшеленеді: әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс; әрбір 
баланың дара қабілеттері, қызығу-шылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген 
мұқтаждықтары болады; білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды 
қанағат-тандыру мақсатына орай өзгертуге болады. 
Инклюзивті білім берудің 8 ұстанымын меңгеруге қол жеткізуі: 
1. адами құндылық оның қабілеті мен жеткен жетістіктеріне байланысты емес; 
2. әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті; 
3. әрбір адамның қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар; 
4. барлық адамдар бірін- бірі қажет етеді;
5. шынайы білім беру нақты контекстегі қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге 
асуы мүмкін; 
6.барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж; 
7. барлық білім алушылардың прогреске қол жеткізуі үшін біреу жасай алмайтын 
нәрсені жасауы болар


8. адам өмірінің барлық жағын алуан түрлілік күшейте түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет