18 тармағына сәйкес жалпы білім бере-тін мектептерде инклюзивті және арнайы
сыныптар халықтың қажеттілігін, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы
мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім
беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады, әрбір инклюзивті
сыныпта екі даму мүмкіндігі шектеулі баладан артық оқытылмауы тиіс. Жалпы білім
беретін мек-тептердегі инклюзивті және арнайы сыныптарға балаларды қабылдау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179
бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі
жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар
бала-ларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы ұсынған «Инклюзивті білім беруді
жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері» атты
әдістемелік нұсқаудабілім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес даму
мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму
бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз
етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: