Педагогикалық парадигма –нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер,модель ретінде ұстанатын қалыптасқан негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды.,оларға негіз болады.Мысалы: қазір Отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашыл тұрғыда ойлай алатын және өзіне-өзі адамгершілік , ақыл- ой жағынан дамытуға қабілетті адам парадигмасының ауысуы айқын байқалады. Қазіргі білім беру парадигмасында ерекше талқыланып жатқан бірнеше маңызды бағыттар бар. Олардың ішінде тұлғалық-бағдарлық, аксиолгиялық , құзіреттілік тұрғыда қарау бағыттары аса терең зерттеліп іске асырылуда. Тұлғалық-бағдарлық тұрғысынан қарау педагогтардың баланы жеке тұлға ретінде және тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субьектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. ( Педагогикада бұл теория тәрбиенің субьект-субьектілі процесс ретінде анықталуына байланысты 20 ғасырдың 80 жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әр түрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілерін Б.Г.Ананьев, А.Г. Асмолов, М.С.Каган, В.В.Сериков т.б. көптеген ғалымдар зерттелген. Білім берудегі аксиологиялық(құндылықтық) бағытта жас ұрпаққа ұлттық , жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту. Аксиология-( грек тілінен «axia» -құндылық және «Logos»-ілім құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.Педагогикалық құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтармен тығыз байланыста.Педагогикалық аксиологияның мәні педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелігімен, тұлғаны қалыптастырушылық және әлеуметтік мәнімен анықталады. Қазіргі білім беру саласындағы құзіреттілік бағыт бойынша тұлғаның меңгерген теориялық білім, білік, дағдылары арқылы кез-келген мәселені өзі бетінше шешіп, табысты нәтиже көрсете алуы. Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін дамытудың теориялық негіздерін Р.Уай, Н.Д. Хмель, У.Б.Жексембаева т.б.көптеген Отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп , оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылылығы оны жан-жақты қарастыруды қажет етеді.Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С.Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын көрсетеді:
-білі беру құндылық ретінде;
- білі беру жүйе ретінде;
-білі беру процес ретінде;
-білі беру нәтиже ретінде;
Құндылық-кез-келген индивид, топ, ұжым, этнос үшін материалдық және әлеуметтік нысандар.Қазіргі кезде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар деген ұғым қалыптасып отыр.Әр ұлт үшін неқұнды ол тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрпы, ұлт тарихы.т.б. Ұлттық құндылықтарды меңгеру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарға деген көзқарас қалыптасады.Оларға қай елдегі, қай жердегі болмасын адамдарға құнды нысандар жатады.Мысалы: адамның бас бостандығы, денсаулығы, адамгершілігі, қадір-қасиеті , білімі т.б. Сондықтан білім беру немесе білім алу тұлға үшін үлкен құндылық.
Достарыңызбен бөлісу: |