Неліктен білім беру жеке тұлғалық құндылық ? Жоғарыда қарастырылып отырған мемлекеттік құндылық және қоғамдық құндылықтары әлеуметтік мәселелерді қарастырады.Бірақ , жеке тұлғаның өзіндік білім алуға деген қатынасын, оның деңгейі мен сапасын көрсетпейді. Б.С.Гершунскийдің пікірі бойынша білім беруді дамыту саясаты жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қызығушылықтарын және қабілеттерін ескере отырып тұлғалық бағытта болуы керек. Әрине білім алу ұжымдық сипатта болуы анық, бірақ сол ұжым ішінде әрбәр адамның өзіндік дербестігін, даралығын, жеке «Менін» жоғалтып алмауы керек. Қорыта айтсақ, білім берудің құндылығы осы атап көрсетілген мемлекеттік , қоғамдық, жеке тұлғалық құндылықтардың тығыз байланыста болуын көздейді.