1.Білімнің әлеуметтік мәні.Қазіргі білім беру парадигмасы
2. Білім берудің үш түрлі мағынасы. Білім беру құндылық ретінде. Білім беру үдеріс және нәтиже ретінде. Білім беру жүйе ретінде .
3. Білім беру жүйесі туралы түсінік .
.
Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады., себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналды.Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретінде саналған «білім беру» кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда.
Білім беру –білім, іскерлік, дағдыны, құндылықтар мен әрекет тәжірибесін игеру үрдісі мен оның нәтижесі. Білім беру –бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе , оның негзгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез құлық нормаларын меңгеруге бағытталады. Олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамдық материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды. Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты-тек білім, білік, дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Яғни білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық , ерік жағынан толыққанды дамуы маңызды. Жоғары білім берудің сапасы студенттердің кәсіби, оқу-танымдық, ғылым-зерттеу жұмыстарына , кәсіптік педагогикалық практика деңгейіне тікелей байланысты.Бұл кезде студенттердің басым көпшілігіне өз бетінше білім алу, және шешім қабылдай алу іскерліктері бекіп, белсенділік, табандылық, төзімділік,зеректілік, жауапкешілік қасиеттері айырықша байқалады. Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялық, әдіснамалық ерекшеліктері болады.Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ретінде ғылыми тілде парадигма деп аталад болып. Парадигма ұғымына ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген Американдық тарихшы Т.Кун болған.Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады:
-парадигманың орнығуына дейінгі кезең;
-парадигманың қалыптасуы, орнығуы;
-ғылым саласындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |