Білім беру жүйе ретінде.ҚР «Білім туралы» заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе әрекет ететін :
1.Білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін МЖМС (мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт) мен оқу бағдарламаларының жиынтығы.
2.Білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы.
3.Білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар, мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструтурасының жиынтығы қарастырылады.
Білім беру жүйе ретінде анықтауда жеке тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасы маңызды орын алады. Қазіргі білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды еңгізуге дайын, ашық салаға айналып отыр,.Осыған байланысты білім беру парадигмасыда өзгерді.: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзіндік қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасының ауысуы байқалды: