Сабақтың тақырыбы: Сөнбес жұлдыздар.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін сұрыптау, бақылау, стандарт
талаптарына сәйкестігін көру; оқушылар бойындағы дағдылардың тәжірибе жүзінде іске асырылуын қадағалау. Зейін қою, мазмұндай, баяндай білу қабілеттерін ары қарай дамытуға ықпал жасау; қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарына әсер ете білу.
Оқушыларды тілді құрметтеуге, зиялы ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқуға, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жобалау әдісі, көрініс.
Көрнекіліктер: ақындардың портреттері, тірек сызбалар, мультимедиялық құрал.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, орыс әдебиеті, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІІ. Топтық жұмыс. Оқушылар дайындаған жобаларын қорғайды.
( Оқушылар үш топқа бөлінген. Әр топтың өз тапсырмасы бар. Оқушылар Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин туралы қосымша мәліметтер жинап, жобалар құрастырған.)
IV. Аударма жұмыс. Әр топқа орыс тілінде мәтін беріледі. Оқушылар қазақ тіліне аударып, мазмұндап береді.
V. Бес жолды өлең құрастыру.
Мәтіннен бір зат есімді алып, бес жолды өлеңді құрастырады.
Бір зат есім
Екі сын есім
Үш етістік
Төрт сөзді сөйлем
Синоним.
VI. Сиқырлы сандар.
Слайдта әр түрлі сандар шығады. Оқушылар сол сандар бойынша ақындардың өмірі мен шығармашылығынан сөйлемдер құрастырады.
VII. Блиц турнир.
Әр топқа бес сөйлемдер беріледі. Нүкте орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |